Антропогенез (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – антропология ғылымының
адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат
қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып
зерттейтін негізгі саласы. Бұларды шешуде антропогенез приматология, эмбриология,
физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың
нақты деректеріне сүйенеді. Чарлз Дарвиннің эволюциялық білім жүйесі бойынша адам тегі
адам тәріздес маймылдан пайда болған, яғни адам баласы биол. жағынан бір түрге жатады
деп дәлелденді. Бұл ілім адам эволюциясын үлкен үш дәуірге бөледі:
1. ең алғашқы адам тегінің өкілдері болып адам тәрізді маймылдар (антропоидтер)
саналады. Олар негізінде екі аяқпен жүріп, қимыл жасаған. Дайын табиғи тастарды,
таяқты және жануарлар сүйегін сол күйінде қол қаруы ретінде пайдаланған. Бұларды
ғылымда жоғары сатыға дейін жетілген екі аяқты приматтар деп атайды. Өмір сүрген
кезеңі бұдан 2–3 млн. жыл бұрын;
2. эволюция
даму
жолдарымен
жетілгендер
қатарына архантроп пен палеоантроптар жатады. Олар қолдан құрал-саймандар
|