Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет50/90
Дата07.01.2022
өлшемі1,88 Mb.
#16968
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   90
Байланысты:
Биосфера эволюция

  Биосфера - өзін құрайтын 3 құрамдас бөлігімен сиптталады.Олар – атмосфера,гидросфера 

және литосфера. 

       Атмосфера 

–  біздің  планетамыздың  ғарыш  кеңестігімен  шектесіп  жатқан 

аралығы.Атмосфера  арқылы  Жер  мен  ғарыш  зат  алмасады.  Жерге  атмосфера  арқылы 

ғарыштан  ғарыштық  шаң  –  тозаң,  метеорит  материалдары  түсіп  жатса,  өзі  сутегі,  гелий 

сияқты жерге күн радиациясы еркін өтіп жер бетіндегі жылу режимін реттей отырып,ондағы 

атмосфералық  газдардың  молекуласын  ыдыратып  және  атомдарды  иондарға  айналдырып 

жатады.  Сондықтан  атмосфераның  жоғарғы  қабаттары  иондардан  тұрады.Ол  қабатты 

ғылыми  тілде  –  ионосфера  қабаты  деп  атайды.Негізінен  жер  бетінен  жоғары  қарай  – 

тропосфера, озон, стратосфера, мезосфера,ионосфера және экзосфера қабаттарын ажыратуға 

болады.Әрбір  қабат  өзіндік  атқаратын  функциясы,  газдық  құрамы,  биіктік  деңгейі, 

тығыздығы,көлемімен  сипатталы.  Мәселен,атмосферадағы  барлық  газдар  көлемін 

салыстырсақ:  азот  –  78,08  %;оттегі  –  20,95  %;аргон  –  0,93%,көмір  қышқыл  газы  –  0,03  % 

алса,қалған газдар 0,01 % үлес алатыны белгілі. 

    Атмосфера  қабаттарының  ішінде  озон  қабатының  рөлі  ерекше.  Озонның  негізгі  массасы 

жер  бетінен  10-50  км  биіктікте,  яғни  тропосфера  мен  стратосфера  қабаттары  аралығында 

жатыр.  Оның  негізгі  атқаратын  функциясы  ғарыштан  жер  бетіне  еркін  өтетін  ультракүлгін 

сеулелерді  сіңіріп  немесе  кейін  шағылыстырып  отырады.Ал,радиациялық  сәуленің  жерге 

өтіп  кетуі  тіршілік  үшін  өте  қауіпті.Соңғы  жылдары  жер  шарында  “озонның  жұқаруы” 

проблемасы  планета  тұрғындарын  алаңдатуда.Оның  баста  себебі  –  антропогендік 

факторлар.”Озонның  жұқаруы”  туралы  мәліметтер  көп.1996  жылы  бір  топ  ғалымдарға 

химиялық экология саласы бойынша Нобель сыйлығы беріледі.Олар;американдық ғалымдар 

Ш.Роуланд,М.Малин  және  неміс  ғалымы  П.Крутцен  болатын.Аталған  ғалымдар  “озонның 

жұқару”  проблемасының  толық  мазмұнын  ашып  береді.Яғни,озонды  бүлдіретін  адам 

баласының  өз  қолымен  өндіретін  химиялық  зат  –  хлорфторкөміртегі  (ХФК)  екені 

дәлелденді.Оның  көзі  -  өндірісте,  автокөліктерде,  ракеталарда  қолданылатын  химиялық 

қосылыстар.Оларды фреондар деп атайды.Оның әсер ету механизмі төмендегідей:фреондар 

атмосфераның  жоғары  қабатына  көтеріліп  ультракүлгін  сәулелердің  әсерінен  ыдырап 

кеңістікке  хлор  бөлінеді.Хлор  –  озон  молекуласын  ыдыратып  отырады.Нәтижесінде, 

хлордың  бір  молекуласы  озонның  он  мындаған  молекуласын  жойып  жібереді.Осылайша 

озон  қабаты  жұқара  бастайды.Соңғы  жылдары  планета  тұрғындары  “озонның  жұқаруы” 

проблемасы  өте  қауіпті  екенін  түсініп,1987  жылы  Монреаль  келісіміне  56  мемлекет  қол 

қойды. Содан соң 1990 ж. Лондон және 1992 жылы Копенгаген қаласында дүние жүзіндегі 

өнеркәсібі дамыған мемлекеттер фреон шикізатын өндіруді тоқтату туралы қаулы қабылдап, 

ол  1996  жылы  оны  өндіруді  біржолата  тоқтатты.Бұл  қадам  ХХІ  ғасыр  табалдырығындағы 

адам  баласының  болашақ  ұрпаққа  тағдыры  үшін  істеген  адамгершілік  парыздарының  бірі 

болып тарихта қалмақ.. 




 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет