Бақылау сұрақтары:
1. Биосфера және тірі зат ұғымын түсіндіріңіз.
2. Тірі заттың негізгі функцияларын атаңыз.
3. Тірі заттың негізгі ерекшеліктері қандай?
4. В.И.Вернадский бойынша тірі заттың өліден айырмашылығы неде?
5. Жердегі химиялық элементтердің биологиялық айналымын түсіндір.
6. А.И. Перельман заңының маңызы қандай?
7. Каустобиолиттер, олардың пайда болуын сипаттаңыз
8. А.Е.Ферсман бойынша техногенезді түсіндіріңіз.
Дәріс №4
Тақырыбы: Геохимиялық ландшафтар мен барьерлер. Ксенобиотиктер туралы
түсінік. 1 сағ
Мақсаты: Геохимиялық ландшафтар мен барьерлер. Ксенобиотиктер туралы
түсініктермен танысу.
Дәрістің жоспары:
1. Геохимиялық ландшафтар мен барьерлер.
2. Ксенобиотиктер туралы түсінік.
1. Геохимиялық ландшафтар мен барьерлер.
Геохимилық барьер деп биосфера бөлігінде химиялық элементтердің миграциялық
ағыны қысқа қашықтықта кенеттен азаяды, ал оның концентрациясы жоғарлайды. Бұл
терминді 1961 жылы А.И. Перельман ұсынған.
Геохимиялық барьер биосфераны екі негізгі типке бөледі: табиғи және техногенді.
Геохимиялық барьердің екі типі де үш класқа бөлінеді: физика- химилық,
биогеохимиялық және механикалық.
Механикалық барьер заттардың механикалық ауысу қарқындылығы кенеттен азаятын
бөліктер, соған байланысты олардың жиналуы.
Биосферадағы механикалық барьер минералды және коллоидты түрдегі элементтердің
миграциясымен байланысты.
Биогеохимиялық барьер өзінің шығу тегі жағынан өсімдік және жануарлардың
организімінде химиялық элементтердің жинақталуы, мысалы ауыл шаруашылық
дақылдарында жоғары концентрациялы улы заттардың жинақталуы. Бұл мөлшерден
артық тыңайтқыштарды пайдаланудан болады. Бұндай барьерлерге жасыл желектер
отырғызу, көбінесе өндірістік және ауылшаруашылықтарының айналасында болады.
Достарыңызбен бөлісу: |