Л.Н. Гумилева атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
төндіретін немесе қатерге ұшырататын іс-шараларды, заңға қайшы жұмыстарды іске
асыратын жеке және заңды тұлғалар болып табылады
Терроризмнің алдын алу стратегиясы мен саясаты – Астанадағы ЕҚЫҰ сарапшылар
конференциясының тақырыптары.
Терроризмнің алдын алудағы озық тәжірибе, тиімді саясат пен табысты стратегияларын
талқылау үшін ЕҚЫҰ аймағының лауазымды тұлғалары мен сарапшылары 2010 жылдың
14-15 қазан аралығында Астанада өтетін халықаралық конференцияға қатысады.
Терроризм сан алуан кейіпте көрініс табуда; жаңа қауіп-қатерлердің тамыры әлеуметтік
мәселелерге, ұлтаралық және діни шиеленістерге, есірткі трафигі, ұйымдасқан қылмыс,
заңсыз қару-жарақ саудасы мен лас ақшаны «заңдастыруға» келіп тіреледі. Кедейшілік,
төзімсіздік, адам құқықтары мен заңдылықтың бұзылуы, қоршаған орта ахуалының
нашарлауы терроризм идеологиясының таралуына қолайлы орта туғызып отыр.
Әскери қақтығыс - әдетте
соғысқа
ұласпайтын әскери жанжал; мемлекеттер арасындағы
қайшылықтарды шешудің ерекше жолы. Қақтығысушы екі мемлекеттің немесе осы
мемлекеттердегі бітіспес күштердің қысқа мерзімді қарулы шекісуінен көрініс табады.
Шектеулі ауданда, шекарада, теңіздерде, әуе кеңістігінде аз уақытта, аз ғана қарулы
күштерді қолданумен жұргізіледі.
Қақтығыстың түрлері: халықаралық және ішкі әскери. Халықаралық қақтығыс
халықаралық қарым-қатынасқа қатысушылардың қайткен күнде де қарсы жақтың
мүддесін аяққа таптау арқылы өз мүддесіне жетуді көздеген қарсыластардың арасында
өткір қайшылықтарға негізделген ерекше әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде аса қауіп
төндіреді. Халықаралық қақтығыс - мемлекеттер мен мемлекеттік одақтар арасындағы
қақтығыс болғандықтан, ол әдетте күш қолдану арқылы жүргізіледі, яғни әскери қақтығыс
болып табылады. Халықаралық қақтығыстың жіктелуіне әскери қару-жарақты қолдану,
әскери шабуылдардың қарқыны, қатысушылардың санының белгілері негіз болады:
мини-
қақтығыс
(
шекаралық ұрыстар
);
субаймақтық қақтығыс
(шектеулі әскери іс-әрекет,
мысалы,
Үнді-Пәкістан
қақтығысы);
аймақтық қақтығыс
(мысалы,
Кореядағы
,
Үндіқытайдағы
соғыстардағы кең көлемді ұрыстар);
гипер-қақтығыс
(мысалы,
I, II
дүниежүзілік соғыстар
);
макроқақтығыс
(жаппай қыру қаруын қолдану арқылы жүргізілуі
мүмкін бүкіләлемдік соғыс).
Достарыңызбен бөлісу: |