Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет70/144
Дата06.01.2022
өлшемі1,62 Mb.
#15189
түріБағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   144
Байланысты:
экотоксикология

  Л.Н. Гумилева атындағы 

Еуразия ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

  

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы  басылым 



 

 

ұзақ уақыт сақталумен себептеледі, бұның нәтижесінде оның ауадағы мөлшері көбейіп, 



көшетхана (парникті) эффектісіне әкеледі. Фреондар (суытқыштар) төзімділік және 

агрессиялылық дәрежесі бойынша атмосфераның қандай қабаттарында екендігіне 

байланысты түрлі категорияларға жатқызылады: жер бетінде олардың әсері селқос және 

ұзақ уақыт сақталады, ал олар озон қабатында – агрессиялы және айтарлықтай 

бұзылыстарға ұшырайды. 

Токсиканттардың  қоршаған ортаға әсері физикалық, химиялық қасиеттеріне биологиялық 

әсер ету түрлеріне, олардың ыдырауы арқылы пайда болған өнімдердің қасиеттеріне және 

қоршаған ортаға тасталған мөлшеріне байланысты. Уыттылық – қазіргі токсикологияның 

негізгі түсінігі. Жалпы мағынада уыттылықты – механикалық емес жолмен  биологиялық 

жүйелерге әсер етіп, олардың бүлінуіне және өліміне немесе адам ағзасына қатысты, оның 

жұмысын бұзып, ауруға шалдықтырып, өліміне алып келетін химиялық заттардың әсері 

деп қарастырылады. Химиялық заттар уыттылығына қарай айтарлықтай әртүрлі болып 

келеді. Химиялық зат аз  

мөлшерде ағзаны улайтын болса, оның уыттылығы өте жоғары болғаны. Теориялық 

тұрғыдан уыттылық қасиеті болмайтын химиялық зат жоқ деп саналады. Қандай жағдай 

болмасын, химиялық заттардың белгілі бір мөлшерінің әсерін нашар қабылдап, жүйенің 

бұзылуымен немесе өліммен жауап беретін биологиялық объект табылады. Биологиялық 

жүйеге қатысты толық инертті заттардың уыттылық мөлшері  0-ге ұмтылған (бірақ, 0-ге 

тең емес) болып көрсетіледі. 

Жоғарыда айтылғанға қарай, токсикологияны бізді қоршаған ортадағы барлық дерлік 

заттарға әсер етудің табиғи немесе антропогендік мінезін зерттейтін ғылым ретінде 

қарастыруға мүмкіндік туады. Токсикология – қоршаған әлемнің барлық дерлік химиялық 

заттарының уыттылығын зерттейтін ғылым. Биологиялық жүенің бұзылуына әкелетін 

заттардың әсері уыттылық әсер деп аталады. Уыттылық әсердің негізінде химиялық 

заттардың биологиялық жүйемен молекулалық деңгейдегі қатынасы жатыр. Биологиялық 

объект пен токсиканттың химиялық қатынасының молекулалық деңгейі уыттылық әсердің 

механизмі деп аталады. Биологиялық жүйеге химиялық заттың уыттылық әсерінің 

салдары уыттылық процестің дамуы болып саналады. 

Уыттылық химиялық зат биологиялық жүйелермен (жасуша, ағза, популяция) 

әсерлескенде ғана білініп, әрі қарай зерттеле алады. Токсиканттың оның бұзылуына 

немесе өліміне әкелетін  

әсеріне биожүенің реакциясының өсуі немесе бейімделуі уыттылық процесі деп аталады. 

Әрбір токсикологиялық зерттеудің маңызды элементі болып уыттылық процестің мінезін 

және оның формалану заңдылығын зерттеу саналады. Сондықтан токсикология уыттылық 

процес туралы ғылым. Уыттылық процестің формалану және даму механизмі, оның 

сапалық және сандық мінезі ең алдымен химиялық заттардың берілген мөлшерімен және 

олардың орналасуымен анықталады. Бірақ, уыттылық процесс байқалатын формалар 

сонымен қатар биологиялық объекттің түріне, оның құрылымына байланысты екендігі 

күмәнсіз. Токсикологиялық білімді сырттай қолданушыларды (азамат, қауіпсіздік 

ережелері бойынша инженер, химик-сантехник, эколог және т.б.) ең алдымен қаралатын 

заттың уыттылығы қызықтырады. 

Уытты заттардың қоршаған ортаға әсерін – қоршаған табиғи ортаның құлдырауы кезінде, 

табиғаттағы заттар мен энергиялардың өзара алмасуын қамтамасыз ететінтабиғаттың даму 

заңдылықтарын есепке алмай, жасаған адам әрекеттерінентуындаған адам мен табиғат 

арасындағы экологиялық байланыстардың бұзылуынемесе айтарлықтай бүлінуі 

салдарынан байқаймыз 

Наркологтарда "наркогендік" деген түсінік бар. Наркогеңдік бұл -құмарлықты тудырудағы 

есірткі күші. Немесе кәсіби тұрғыдан алғанда -есірткі әсерінен ағзаның физикалық және 




 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет