Л.Н. Гумилева атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
3-кезең өте жоғары мөлшерде сәуле алғанда сәуле ауруының асқыну кезеңі басталады.
Аурудың температурасы көтеріліп, ішіне қан құйылады, жаралар пайда болады, бадамша
безі асқынып, баспа ауруы пайда болады. 3-4 жетіден кейін шаштары түседі, қан ұйылуы
бұзылады да, жұқпалы аурулар дами бастайды (өкпенің қабынуы, дизентерия, іш өту,
қанның бұзылуы, т.б.)
4-кезең сәуле ауруының жеңіл түрі, бұл осы кезеңде ауру жазыла бастайды, ауру түрі
болса, онда адам бірінші кезеңде өліп кетеді.
Адамның іс-әрекеті нәтижсінде биосфераның радиациялық ластануы өте үлкен. Қазіргі
кезде радиоактивті заттар өте кең қолданылуда. Осы элементтерді тасымалдауда болатын
немқұрайдылықтың нәтижесінде күшті радиациялық ластану болады. Мысалы, атом
қаруын сынақтан өткізу биосфераның радиациялық ластануына әкеліп соғады.
Радиоактивтік ластану өткен ғасырдың 40-шы жылдары уранның ыдырау реакциясы
ашылғаннан кейін пайда болған. Чернобыль апаты айналадағы орта мен халықтың
денсаулығына қатты әсер еткен, атом энергиясындағы еш уақытта болмаған апат.
Чернобыль апаты кезінде атмосфераға 50 МК радиоактивті заттар шығарылған және
ауданы 3000 км болатын жерге таралған.
Достарыңызбен бөлісу: |