Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет78/144
Дата06.01.2022
өлшемі1,62 Mb.
#15189
түріБағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   144
  Л.Н. Гумилева атындағы 

Еуразия ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

  

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы  басылым 



 

 

Пайдасы мен бірге мұнай өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін  зиянды әсері де аз емес. 



Қоршаған ортаның ластануы іздеу – барлау және мұнай, газ өндіретін ұңғымалар 

(скважиналар) құрылысынан басталады. Бұл кездегі ластаушы көздерге бұрғылау 

қондырғыларында орнатылған дизельдерден шығатын түтіндер, азот пен көміртек 

оксидтері, шаң, бұрғылау ерітінділері және т.б. Бұрғы мұнарасынан 800 алшақтыққа дейін 

топырақ және өсімдіктер бұрғылау сұйығымен (құрамында 20 – ға жуық химиялық 

реагенттер болады) ластанып, зардап шегетіні ғылыми түрде дәлелденген. 

Мұнайды алғанда табиғатқа тиетін зардаптар мынадай: 

• 

Апатты жағдайлардың болуын азайту мақсатында көптеген шаралар қолдануға 



тиіс. Мысалы, коррозиямен күресудің нәтижелі жолдарын іздестіру және тасмалдау 

құбырларын жиі тексеру, жөндеу жұмыстарын уақытылы ұйымдастыру. 

• 

Мұнайды жер бетіне шығару үшін біраз жер ресурстарының әр түрлі құрылыс 



обьектілерін салуға айналымнан шеттелуі, жер сұрқының бұзылуы, ластануы. 

• 

Ластаушы заттар бөлініп, атмосфераның жер бетіндегі және жер астындағы 



сулардың, топырақтың бұлармен ластануы. 

• 

Мұнаймен қоса жер бетіне жоғары минералды судың шығуы. 



• 

Бұрғылауда шыққан қалдықтарды көму. 

• 

Мұнайдың төгілуі. 



      Негізінде негативті әсерді мұнай шығаратын кәсіпорындар атмосфералық ауаға 

тигізеді. Осы өндірістен шығатын ластаушы компоненттерге көмірсутектері (48%), 

көміртек оксиді (33%), қатты заттар (20%) жатады. Осы салада мұнаймен бірге қосыла 

шығатын газ әлі толығымен қолдануын таппағанына байланысты, жыл сайын оның 

көлемінің 20% пайдасыз алауда жағылады, сондықтан қоршаған ортаны ластаумен қатар 

табиғи ресурс ысыраптанылады 

Бұрғылайтын қондырғылармен магистралдық газ – мұнай тасымалдайтын құбырлар 

кездейсоқ апатты жағдайға ұшыратуы мүмкін, осы кезде қоршаған ортаның, әсіресе жер 

бетіндігі сулардың ластануы орын алады   Мұнай шығаратын өндірістер басқалармен 

салыстырғанда суды көп жұмсайтын болғандықтан олардың суаттарға жіберетін 

ластанған ақаба суларының көлемі де жеткілікті. Қоршаған ортаның мұнаймен ластануы 

инградиентті ластануға жатады. 

 Өнеркәсіптік энергоқондырғыларда, жылу электростанцияларында, т.с.с. мұнай өнімдерін 

жағу салдарынан ауа басейінің зиянды заттармен ластануы қауіптірек болады. Мұнай 

өнімдерінде кездесетін күкіртті және азотты заттар, жану кезінде күкірт оксидін түзеді, 

ондай оксидтер аппаратураны коррозияға ұшыратады, атмосфераға қосылып, ауа 

ағысымен таралады, олар барлық тіршілік атаулыға өте қауіпті болады.           

Жердегі тіршілік негізі – топырақ . Литосфераның ластаушы көздеріне – тау жыныстар 

үйіндісі, мұнай лақтырындылары, өнеркәсіптердің, ауыл және мал шаруашылықтарының 

ақаба сулары.  

    Мұнай – газ комплексінің табиғи антропогендік жүйелері топырақ пен грунттарды 

мұнай мен мұнай өнімдерінің төгілуіне байланысты ластайды. оқпанының қабырғаларына 

тұрып қалып, жер қойнауын ластайды. 

   Топырақ пен грунттардың мұнай және газ өндіру процесінде ластануы, қондырғылардың 

бос жерлерінен, бүлінген құбырлардан, резервуарлардан (ыдыстардан ) асып кеткен

ұңғымалардан шапшып шыққан және басқа жолдармен төгіліп – шашылған мұнаймен де 

байланысты.  

    Өзендер мен су қоймаларына көптеген өнеркәсіптер мұнай өнімдерін тастайды. Соның 

ішінде көптеген өзендердің суы ластаушылармен ластанған. Мұнай төгілуі мұнай 

құбырындағы және ұңғымалардағы, теңіз бен өзен кемелеріндігі апат салдарынан, 

сонымен қатар қызмет етуші адамдардың жұмысына салғырт қарауынан болады.  



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет