Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет79/144
Дата06.01.2022
өлшемі1,62 Mb.
#15189
түріБағдарламасы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   144
  Л.Н. Гумилева атындағы 

Еуразия ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

  

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы  басылым 



 

 

   Мұнайдың шаруашылық суда және ауыз суда болуының шектік кондентрациясынан 



(БШК) аз ғана асатын мөлшерде кездесуі, өзіндік айрықша иістің білінуіне әкеледі. 

Мұнайдың кондентрациясы 0,1-02 мг/дм

3

 болғанның өзінде ауланған балықты қанша 



қайнатып пісірсе де, одан мұнайдың иісі кетпейді.     

   Мұнай мөлшерінің шамасы 200-300 мг/м

3

 жеткенде экологиялық тепе – теңдік бұзылып, 



балықтың және судағы басқа да ағзалар түрінің реттегіш механизмі өз мүмкіндігінің ең 

төменгі шегіне жетеді де, одан әрі қарай олар ортаның кез- келген қолайсыз факторларына 

төзімсіз бола бастайды, яғни экологиялық тұрақтылық жойылады. 1 т мұнай суға төгілсе, 

аумағы 2,6 км

2

 шамасында судың беткі көлемінде тұтас үлпек түзеді (бір тамшының жұқа 



қабықшамен жабатын көлемі 0,25 м

2

 тең). Қабықшаның қалдығы төгілген мұнай 



мөлшеріне байланысты келеді Желдің әсерімен қабыршақ судың сыртқы қабатымен 

салыстырғанда екі еседей артық жылдамдықпен қозғалады. Осыған және тотығуға берік 

болғандықтан мұнай қалдықтары елеулі қашықтыққа таралу мүмкіншілігі бар. Судағы 

мұнайдың көлемі 800 мг/м

3

 жеткен жағдайда фитопланктондардың тіршілік нысаны 



тегжеліп, түгелімен жойылып кетуі мүмкін. Бұл, бірінші кезекте, мұхит балдырларының 

көмегімен түзілетін оттектің мөлшерін  күрт төмендетеді, сөйтіп осы элементтің әлемдік 

балансының бұзылуына әкеліп соқтырады. (Жер бетіндегі тіршілікке қажетті оттектің 50-

60%-ін беретін мұхиттар). Мұнай өңдейтін, коксхимия және басқа да өндірістердің ақаба 

суының құрамына кіретін фенол қосылыстары табиғи суқоймаларына түскенда өсімдіктер 

мен тірі организмдерде жүретін маңызды биологиялық процестердің жүруін тегжейді, 

әсіресе балықтардың өніп - өсуіне айтарлықтай зиян келтіреді. 

   Көмірсутектердің ең улы және жылдам әсер етуші түрлеріне қайнау температурасы 

төмен ароматтық көмірсутектер – бензин, толуол, бензол, ксилол және басқалар кіреді. 

Олардың аз мөлшердегі концентрациясының өзі судағы тіршіліктің қарапайым түрлеріне 

баяу уландырғыш әсер етеді.  

   Танкерлер мен ұңғымалар бұрғылаған кезде, апаттар салдарынан теңіздерге төгілген 

мұнай көптеген зиян әкеледі. Мысалы, Жерорта теңізіне жылына 100 мың тоннадан астам 

мұнай тасталады.1979 жылы Мексика шығанағына 496 мың м

3

 мұнай төгілген.  



    Мұнайдың өндіріс қалдықтары өзен, теңіздерді ластауда. Соның ішінде Каспий 

теңізінің жағдайы күрт нашарлап кетті. 

    Негізінде зиянды әсерді мұнай шығаратын кәсіпорындар атмосфералық ауаға тигізеді. 

Осы өндірістен шығатын ластаушы компоненттерге көмірсутектері(48%), көміртек оксиді

қатты заттар жатады. Осы салада мұнаймен бірге қосыла шығатын газ әлі толығымен 

қолдануын  

 

таппағанына байланысты,жыл сайын оның көлемінің пайдасыз алауда жағылады, 



сондықтан қоршаған ортаны ластаумен қатар табиғи ресурс ысыраптанылады. 

    Бұрғылайтын қондырғылар мен магистралдық газ –мұнай тасымалдайтын құбырлар 

кездейсоқ апатты жағдайға ұшырауы мүмкін, осы кезде қоршаған ортаның, әсіресе жер 

бетіндегі сулардың ластануы орын алады. 

Мұнай өңдейтін зауыттар ауа мен су бассейіндерін ластайтын көздің бірі. Ластаушы 

заттар шығаратын көздерге- мұнайды күкірттен тазарту мен катализаторларды 

регенерациялау процестері, қыздырғыштар және қазандықтар жатады. 

   Мұнай өңдейтін өндірістің кәсіпорындары атмосфераны көмірсутектермен(73%), 

күкіртті оксидпен(!18%), коміртек оксидімен(7%), азот оксидімен(2%) ластайды.Бұл 

кәсіпорындар көп мөлшерде суды қажет етеді, ал олардан шыққан ақаба суларда көп 

мөлшерде мұнай өнімдері, сульфат, хлорид, азот қосылыстары, фенол, ауыр металдың 

тұздары болғандықтан, суаттар осы заттармен ластанып отырады. Топырақты да 

ластайтын осы заттар. 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет