Л.Н. Гумилева атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
Химиялық элеметтердің адам ағзасындағы биологиялық маңызы алуан түрлі. Ағзаға
кейбір элементердің жетіспеуі ғана зиян болып қоймайды сонымен қатар артық болуы да
өз зиянын тигізеді. Кейбір географиялық аймақтарда қоршаған ортаның
ластануына байланысты суларында, топырақтарында кейбір элементтердің құрамындағы
аномалияларға байланысты аурулар болады. Мұндай аурулар эндемикалық деп аталады.
Мысалы, Белгорд облысында бор кенінің көп болуына байланысты кальций мен темірдің
көп болуы анықталған. Бұл жердің суларының тұтқырлығы жоғары соған байланысты тас
байлану ауруларының кездесуі байқалады және йодтың жетіспеуінен қалқанша безі
аурулары байқалады.
Адамдар ертеден ақ жер қыртысының кейбір жерлерінде химиялық элементтердің көп
кездесетінін, кейбір жерлердегі тау жыныстарында аз кездесетіндігін байқаған.
Соңғылары өз бетінше минералдар түзбейді, көбінесе тау жыныстарының құрамында
шашыранды немесе ертінді күйінде кездеседі. Қазіргі кезде көптеген химиялық
элементтер әр түрлі жағдайда кездеседі: жанартаулық, метаморфты, шөгінді, метеоритті,
топырақта, органикалық затта. Жер қыртысында салмақтық және атомдық пайызда
кездесетін элементтердің орташа мөлшері академик Ферсманның ұсынысы бойынша
элементтердің кларкі деп атады (1989 жылы американ геохимигі Ф.У. Кларк жер
қыртысындағы химиялық элементтердің орташа құрамын есептеп шығарды, соның
құрметіне элементтердің кларкі деп атады). Кларктың методикасы пайдалы
қазбалардың құрамын, сапасын, литосферада қандай аудандарда тарғанын анықтауда
қолданылады. Жер қойнауында кездесетін химиялық элементтердің концентрациясын
анықтауда Кларктың методикасы ғылыми тұрғыда дәлелденді. Кларктың методикасы
темір, титан, хром, платина, вольфром т.б. өнеркәсіптік элеметтердің концентрациясын
анықтауда қолданылады. Академик А.П. Виноградовтың есептеуі бойынша бізге белгілі
102 химиялық элементтің ішіндегі оттегі, кремнии, алюмини, темір және кальций
литосфераның үлес салмағының 92% алады. Бұған калии мен магниді қоссақ жер
шарының 99% салмағына тең. Ал қалған элементтер 1% құрайды. Жер шарындағы таралу
жағынан оттегі бірінші орын алады 47,2%, кремний 27,6%б алюмини 8,8%, темір 5,1%,
кальции 3,6%, натрии 2,6%.
Биофильді элементтер биосфераның органикалық компоненттерінің құрамына кіреді. (C,
H, N, O, P, S ). Осы және басқа элементтерден күрделі көмірсулар, ағуыздар, майлар және
нуклейн қышқылдары түзіледі.
Қазіргі кезде әртүрлі организмдерде 60 тан астам элеметтердің бар екені анықталған.
Бұлар биогенді элементтер деп аталады. Өсімдіктер үшін 10 микроэлементтің маңызы өте
зор : Fe, Mn, Cu, Zn, B, Si, Mo, Cl, W, Co.
Осы элементтерді қызметіне қарай үш топқа бөледі:
1. Mn, Fe, Cl, Zn, V-фотосинтез үшін қажет.
2. Mo, B, Fe-азот алмасу үшін қажет.
3. Mn, B, Co, Cu, Si-әр түрлі метоболизмдік қызметтер үшін қажет.
Осы элементтердің барлығы мелден басқасы жануарларға қажет. Сонымен қатар
жануарларға селен, хром, никел, фтор, йод, қалайы қажет.
Макроэлементтер-ағзадағы құрамы 10
-2
% артық болатын элементтер. Оған жататындар:
О(62), С(21), Н(10), Н(10), N(3), Cа(2), Р(1), К(0,23), S(0,23), CL((0,1), Na(0,8),Mg(0,7).
Олар 11элементтен тұрады, екі топқа бөлінеді,
бірінші топ негізгі макроэлементтерді біріктіреді. Негізгі макроэлементтер алтау-
C,H,Q,N,P,S-клетканың биомолекуласын құрады: белоктарды,нуклейн қышқылдарын,
майларды, көмірсуларды. Қалған бес микроэлемент –Ca, Mg, Na, K,CL- екінші топты
құрады. Микроэлементтер-ағзадағы құрамы 10
-3
% және одан төмен болатын элементтер.
Бұған жататындар I ,Сu, As, F, Br, Sr, Ba, Co және басқалары.
|