Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет64/144
Дата06.01.2022
өлшемі1,62 Mb.
#15189
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   144
Байланысты:
экотоксикология

 Тест объектілері ретінде: бактериялар, омыртқасыздар (инфузориялар, дафния, 

былқылдақденелілер, сүліктер, шаянтәрізділер), балдырлар, кейбір балықтар, өсімдіктер, 

қыналар және т.б. қолданылады. Зерттелетін көрсеткіштер ретінде тірі ағзалардың қозғалу 

белсенділігі, тіршілік ететін омыртқасыздардың саны, жарық шығаратын бактериялар мен 

балдырлардың люминисценциясы, балдырлардың электірлік радиациясы, балықтардың 

тыныс алу және жүрек қызыметінің белсенділігі есепке алынады. 

      Биотестердің көмегімен барлық ластаушы, зиянды заттардың спектерін анықтау 

мүмкін емес. Бірақ ол ортаның ластануы фактісін жылдам анықтауға мүмкіндік береді. 

Кейбір жағдайда әр түрлі тест объектілерді қолдана отырып, ластаушы қосылыстардың 

құрамын анықтауға болады. 

   Биоиндикаторлар ретінде қыналар қолданылатын әдісті лихеноиндикация деп атайды. 

Қыналардың әр түрлі ластаушы заттарға сезімталдығы, олардың қоршаған ортадағы  

заттарды бүкіл денесімен сіңіруіне байланысты болады. Сондықтан, аталған себепке және 

зат алмасуының баяу жүруіне байланысты қыналар улы заттарды жинай отырып, тез 

уланып, тіршілігін жояды.  

      Қарапайым түрде лихеноиндикация – ортаның (ауа) жалпы ластану дәрежесін анықтау 

болып табылады. Сонымен қатар, қыналардың жекеленген түрлері белгілі бір ластаушы 

заттардың қоршаған ортада болуының көрсеткіші болып табылады.  

      Сезімтал индикаторға қылқанжапырақты ағаштар жатады (қарағай,шырша,сымсрсын). 

Қоршаған ортаның жағдайы туралы өсімдік жабынының флористикалық құрлымының 

сараптамасы нәтижесі бойынша да қортынды жасауға болады. Қандай да бір түрлердің 

даралар санының артуы немесе кемуіне қарай қоршаған ортаның жағдайын білуге болады.  

     Су  жүйелерінде биоиндикаторлар ретінде жануарлар немесе олардың топтары 

қолданылады. 

     Орташа ластануды қос жақтаулы былқылдақденелілер көтере алады. Кейбір масалар

су түбінде мекендейтін шыбындардың дәрнәсілдерінің көп болуы судың өте күшті 

ластануының көрсеткіш болып табылады.       

     Жоғарыда айтылған әдістер экожүйелердің тұрақтылығын анықтау және өсімдіктер, 

жануарлар мен адамның ортаның әр түрлі жағдайларының бейімделуіне зерттеу үшін 

маңызды.  

Табиғи апаттардың дамуының негізгі тенденциялары  Брюссельде орналасқан 

эпидемиологиялық апаттар ғылыми орталығында 1988  жылдан бастап әлемнің әр 

түкпіріндегі табиғи апаттардың базалық жұмысы жүргізіле бастады. Банкке ірі апаттар 

тіркелді, соның ішінде 10 немесе 100-ден астам адам өлімі қауіп шекті. Орталықта әр 




 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет