Л.Н. Гумилева атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
сонымен қатар коррозияға белсендi агент болып саналады. Оның шектеулi
концентрациялы мөлшерi (ПДК) — 0,085 мг/м
РЕАКТИВТЕР МЕН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
1. Аспиратор;
2. Рихтер құралы;
3. аналитикалық таразы;
4. барометр;
5. термометр;
6. фотокалориметр;
7. калий иодидi (х.т.);
8. натрий нитраты, (х.т.);
9. сiңiргiш ерiтiндi: 20 г калий иодидiн 250 мл суда ерiту
арқылы алынады. Алынған ерiтiндi түссiз болу керек және
қараңғы шыныда сақталады. Сақтау мерзiмi 2 апта;
10.күкiрттi қышқыл натрий, х.т., 0,06 % ерiтiндi, 0,03 г Na2SO3 50 мл суда ерiтедi,
ерiтiндiнi анализ алдында ғана дайындайды;
11.сiрке қышқылы, х.т., 12 %-тiк ерiтiндi. 64 мл концентрациялы сiрке қышқылын 500 мл
өлшеуiш ыдысқа құйып, үстiне белгiсiне дейiн су құяды;
12.сульфанил қышқылы, т., 5 г сульфанил қышқылын 150 мл 12 %-тiк сiрке
қышқылының ерiтiндiсiнде ерiтедi. Ерiтiндiнi қараңғы шыны ыдыста тығыз жауып
сақтайды;
13.α- нафтиламин, т., 0,2 г α-нафтиламиндi 20 мл суда су банясында қыздыра отырып
колбаның түбiнде алқызыл тұнба түзiлгенше ерiтедi. Ерiтiндiнi қараңғы шыны ыдысқа
жайлап құяды, тұнбаны колбада қалдырады, алынған ерiтiндiге 150 мл 12 %-тiк сiрке
қышқылын құяды;
14. Гриссс-Илосвай реактивi. Анализ алдында α-нафтиламин мен сульфанил
қышқылының ерiтiндiлерiн 1:1 қатынасындай етiп араластырады;
15. бастапқы стандартты ерiтiндi. 2-3 г натрий нитритiнүгiтiп, 50-60
0температурада 2 сағат кептiредi. 0,1500 г NaNO2
100 мл-лiк колбада ерiтедi. Алынған ерiтiндiнiң 1 мл-i 1000 мкгNO2 —
ге сәйкес болады;
16. 1 мл 10 мкг NO2 болатын ерiтiндiнi стандартты ерiтiндiнi сiңiргiш ерiтiндiмен 100 есе
сұйылту арқылы алады;
17.негiзгi стандартты ерiтiндi, 10 мкг/мл NO2 болатын ерiтiндiнi сiңiргiш ерiтiндiмен 10
есе сұйылту арқылы алады. 1 мл негiзгi ерiтiндi 1 мкг NO2 сәйкес болады. Бастапқы
стандарты ерiтiндi 2 апта қараңғы шыны ыдыста сақталады. Негiзгi стандартты ерiтiндi
анализ алдында дайындалады.
Жұмыс 4 сағатқа арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |