Жұмыс бағдарламасы туризмнің белсенді түрлерінің техника мен тактикасының негіздері 050902-Туризм студенттеріне арналған



бет3/6
Дата07.05.2023
өлшемі324,26 Kb.
#90937
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ





р/с



Тақырыптың атауы



Сағаттар саны






Дәріс

Тәж.

Зерт.

СӨЖ




1

2

3

4

5

6




1

Кіріспе. Туризм техникасы мен тактикасы, оның негізгі ұғымдары.



1

1

-

-




2

Жорықтың мақсаты мен міндеттерін анықтау. Жорықты дайындаудың тактикалық схемалары.

1

2

-

5





3

Акклиматизация мәселелері. Туристік жорықта адам организміне әсер ететін факторлар.

1

1

1

5




4

Туристік жорықтың желін жоспарлау. Туристік желідегі негізгі табиғи кедергілер.

1

2

1

5




5

Қозғалысты ұйымдастыру. Топ қозғалысын ұйымдастыру және оның тәртібі. Қозғалу формасы.

1

1

-

5





6

Желінің күрделі учаскелерінең өтудың техникасы мен тактикасы.

1

2

1

10




7

Асулардан өту тактикасы. Асу қиындығын бағалау. Асу қиындығының категориялары.

1

2

1

10




8

Туристердің физикалық шынықтырылуы. Дене шынықтырылуға қойылатын жалпы талаптар.

1

1

-

5




9

Туристік жорықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сақтандыру және өзін-өзі сақтандыру. Сақтандыру жабдықтары. Сақтандыру түрлері мен тәсілдері.

2

2

3

10





10

Туристік жорықта тамақтану. Туристік жорықта тамақтануды үйымдастырудың ережелері. Тамақ өнімдерді сақтау, тасымалдау.

1

1.5

3

5





11

Дамылдау мен түнеулерді ұйымдастыру. Түнеуді ұйымдастыру үшін құрал-жабдықтар түрлері. Бивак жұмыстары. Қауіпсіздік шаралары.

2

3

3

10




12

Су туризмінің техникасы мен тактикасы. Су туризміндегі кедергілер түрлері.

1

2

1

10




13

Жаяу және шаңғы жорықтардың техникасы мен тактикасының ерекшеліктері.

1

2

1

10




БАРЛЫҒЫ:

15

22,5

15

90




Пән бойынша барлығы

142,5 сағат






Пәннің теориялық бөлімінің мазмұны
1 Тақырып. Туризм техникасы мен такткасы, оның негізгі ұғымдары.
«Туристік жорықтың техникасы» және «туристік жорықтың тактикасы»
негізгі ұғымдардың сипаттамасы және олардың өзара байланысы. Туристік мекемелер жұмысын ұйымдастырудағы мамандарды техника-тактикалық тұрғыдан даярлаудың маңызы.
Негізгі тактикалық ұғымдардың сипаттамасы: туристік жорықтың мақсаты, қауіпсіздігі, күнтізбелік және тәуліктік кестесі, маршруттың негізгі және авариялық варианттары, бақылау мезгілі, жорық жоспары.
Туризмде тиіімді шешімдер қабылдауын анықтайтын факторлар, оларды туристік маршруттарды құрастыру және өту кезінде есепке алу: жыл мен тәулік мезгілі, техникалық жабдықтар мен топ квалификациясы, туристік желі өтетін ауданның ерекшеліктері, жер бедері мен климаттық жағдайы, жүкті қатысушылар арасында үлестіру.
Тактиканың негізгі мәселелері: жорық кестесі, жер бедері үстінде жол салу, демалу орындарын таңдау және бивактарды құру, топ пен жеке жалғаулықтар қозғалуының схемаларын таңдау, сақтандыру тәсілдері.
2 Тақырып. Жорықтың мақсаты мен міндеттерін анықтау. Жорықты дайындаудың тактикалық схемалары.
Жорықтың мақсаты мен міндеттерін анықтау: спорттық, рекреациялық, оқу. Жаңа ауданды зерттеу және игеру, көрнекті жерлерді ашу. Эталондық маршруттар. Маршрут құрастырудың тактикалық схемалары: сызықты, сақиналық, аралас, олардың мүмкіндіктері, артықшылықтары мен кемшіліктері. Жорық өтетін ауданды алдын ала зерттеу. Маңызды учаскелерді бағалау: шығу тегінің уақыттық факторы, қозғалыс жолы, қауыпсіздіқ шаралары, топтың физикалық және техникалық деңгейі.
3 Тақырып. Акклиматизация мәселелері. Туристік жорықта адам организміне әсер ететін факторлар.
Туристік жорықта адам организміне әсер ететін факторлар: атмосфералық қысым, температуралардың күрт өзгеруі, ауаның төмен абсолюттік ылғалдылығы, күн және ультракүлгін радиациясы. Организмнің сыртқы орта жағдайына үйрену реакциясы. Биіктік өзгеруіне байланысты климаттық факторлардың әсері. Аклиматизация ережелері. Жартылай және толық аклиматизация. Пассивті және белсенді. Биіктік кестесі. Қатысушыларды бақылау және өзін-өзі бақылау.
4 Тақырып. Туристік жорықтың желін жоспарлау. Туристік желідегі негізгі табиғи кедергілер.
Туристік желідегі негізгі табиғи кедергілер: құлама асулар, өзендер арқылы күрделі өткелдер, аңғарлар мен каньондар бойынша қозғалу, мұздықтар, қар басқан және тасты учаскелер.
Туристік тәжірибені, техникалық және физикалық дайындықты, жер бедерінің жағдайын, рюкзак жүктемесінің салмағын ескере отырып қозғалыс графигін құрастыру. Жүктеменің нормалары және қозғалыстың жылдамдығы. Күн ішінде жүру сағаттары. Жолдың бір күндік нормасы.
Демалыс күндерін жоспарлау. Запас күндері. Желінің бір бөлігін өту мүмкіндігі. Туристік жорықтың жоспар графигін құрастыру.
5 Тақырып. Қозғалысты ұйымдастыру. Топ қозғалысын ұйымдастыру және оның тәртібі. Қозғалу формасы.
Топ қозғалысын ұйымдастыру және оның тәртібі. Күн тәртібі. Қозғалу қарқыны. Жолды, тәулік уақытын, техникалық тәсілдерді таңдау. Маршрут учаскелерін барлау. Топ ішінде міндеттемелерді үлестіру. Қозғалу формасы: сап, жалғаулық. Бағыттаушының және соңғы жүретіннің рольдері.
6 Тақырып. Желінің күрделі учаскелерінең өтудың техникасы мен тактикасы.
Су өткелінің техникасы мен тактикасы. Өткелден өтудің тәсілдері: жаяу, (жалғыз, топтық, перила, көмегімен), су үстінен өту (жіптер, кладь, көпір үстімен). Өткел уақыты мен орын таңдау. Ұстап алу тобы. Тау өзендерінен өткелдің негізгі ерекшеліктері. Шөп басқан беткейлер, сусымалар, жартастар. Көтерілу, түсу техникасы. Көшкін қауіпті жерлерден өту, жабық мұздық үстімен қозғалу, ұар көперлерінен өту.
7 Тақырып. Асулардан өту тактикасы. Асу қиындығын бағалау. Асу қиындығының категориялары.
Асу қиындығын бағалау. Асу қиындығының категориялары. Асуданөткенде факторлрды есепке алу. Асуға көтерілу және одан түсу маршрутын алдын ала зерттеу: көтерілу жолы, қиын учаскелер, беткейлердің орналасуы, тас құлау және лавина түсу қаупі бар жерлер, қажеттітехникалық жабдықтауды нақтылау.
Жорық жағдайының уақыты бойынша асулар топтары: міндетті түрде түнделетіп өтілетін асулар.
8 Тақырып. Туристердің физикалық шынықтырылуы. Дене шынықтырылуға қойылатын жалпы талаптар.
Дене шынықтырылуға қойылатын жалпы талаптар. Жаттығулар кешендері. Дене шынықтыру процессіне қойылатын негізгі гигиеналық талаптар.
9 Тақырып. Туристік жорықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сақтандыру және өзін-өзі сақтандыру.
Туристік жорықта сақтандыру және өзін-өзі сақтандырудың маңызы. Сақтандыру жабдықтары. Туристік байлаулар: «Жолсерік», «Сегіздік», «Тікелей», «Брамшкотты», «Ұстасатын», «Садақ», т.б. Сақтандыру жүйесі. Жіппен жұмыс істеу тәсілдері.
Сақтандыру түрлері: бір мезгілде, кезекті, топтық, өзін-өзі сақтандыру. Сақтандыру тәсілдері. Бір орында тұрған кезде және қозғалу барысында өзін-өзі сақтандыру. Жоғарғы және төменгі сақтандыру. Жіп көмегімен көтерілу және түсу. Құтқару жұмыстарын жүргізу. Жарақатталғанды мұз жарықтан көтеру. Жарақатталғанды жартасты учаскелерден көтеру және түсіру. Жарақатталғанды тасымалдау.
10 Тақырып. Туристік жорықта тамақтану.
Туристік жорықта тамақтануды ұйымдастырудың ережелері. Жорықта организмнің энергиялық шығындары. Су-тұз режимі. Витаминдерді қолдану. Тамақтанудың бір күндік рационының варианттары мен калориялылығы. Сублимацияланған және кептірілген өнімдерді пайдалану. Туризмнің әр түрлері және жорықтың күрделілігіне қарай жорықта тамақты дайындау. Өнімдерді сақтау, орау, тасымалдау. Олардың шығынын есептеу.
11 Тақырып. Дамылдау мен түнеулерді ұйымдастыру.
Түнеуді ұйымдастыру үшін құрал-жабдықтар, олардың туризм түрлері мен жорық күрделілігі бойынша ерекшеліктері. Дамылдау мен түнеуді құрастырудың орнын мен уақытын тандау. Бивак жұмыстары. Қауіпсіздік шаралары.
12 Тақырып. Су туризмінің техникасы мен тактикасы.
Су туризміндегі кедергілер түрлері. Олардан өту техникасы: зерттеу, барлау, сақтандыру, т.б. Жүзу құралдарының түрлері. Жүзу құралдарымен қозғалу мен жүргізу техникасы. Су жорықтардағы қауіпсіздік шаралары.
13 Тақырып. Жаяу және шаңғы жорықтардың техникасы мен тактикасының ерекшеліктері.
Жаяу жорықта туристік құрал-жабдықты жинаудың техникасы мен тактикасының ортақ ережелері мен айырмашылықтары. Шаңғы жорықтар тактикасы. Шаңғы жорықтар жабдықтарын таңдап алудың ерекшеліктері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет