Жұмыс бағдарламасы туризмнің белсенді түрлерінің техника мен тактикасының негіздері 050902-Туризм студенттеріне арналған



бет4/6
Дата07.05.2023
өлшемі324,26 Kb.
#90937
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ





Тақырыптың атауы

Мазмұны

Орындау мерзімі (апта бойынша)

Аббревиатура



1

Туризм техникасы мен тактикасы, оның негізгі ұғымдары.



Негізгі тактикалық ұғымдардың сипаттамасы: туристік жорықтың мақсаты, қауіпсіздігі, күнтізбелік және тәуліктік кестесі, маршруттың негізгі және авариялық варианттары, бақылау мезгілі, жорық жоспары.
Туризмде тиіімді шешімдер қабылдауын анықтайтын факторлар, оларды туристік маршруттарды құрастыру және өту кезінде есепке алу: жыл мен тәулік мезгілі, техникалық жабдықтар мен топ квалификациясы, туристік желі өтетін ауданның ерекшеліктері, жер бедері мен климаттық жағдайы, жүкті қатысушылар арасында үлестіру.кезеңдері туралы баяндама.

1

Т1

2

Жорықтың мақсаты мен міндеттерін анықтау. Жорықты дайындаудың тактикалық схемалары.

Маршрут құрастырудың тактикалық схемалары: сызықты, сақиналық, аралас, олардың мүмкіндіктері, артықшылықтары мен кемшіліктері. Жорық өтетін ауданды алдын ала зерттеу. Маңызды учаскелерді бағалау: шығу тегінің уақыттық факторы, қозғалыс жолы, қауыпсіздіқ шаралары, топтың физикалық және техникалық деңгейінің
орнығуына сипаттама беру.

2-3

Т2



3

Акклиматизация мәселелері. Туристік жорықта адам организміне әсер ететін факторлар.

Туристік жорықта адам организміне әсер ететін факторлар: атмосфералық қысым, температуралардың күрт өзгеруі, ауаның төмен абсолюттік ылғалдылығы, күн және ультракүлгін радиациясы. Организмнің сыртқы орта жағдайына үйрену реакциясы. Биіктік өзгеруіне байланысты климаттық факторлардың әсерін анықтау.

4

Т3



4

Туристік жорықтың желін жоспарлау. Туристік желідегі негізгі табиғи кедергілер.

Туристік тәжірибені, техникалық және физикалық дайындықты, жер бедерінің жағдайын, рюкзак жүктемесінің салмағын ескере отырып қозғалыс графигін құрастыру. Жүктеменің нормалары және қозғалыстың жылдамдығы. Күн ішінде жүру сағаттары. Жолдың бір күндік нормасы.
Демалыс күндерін жоспарлау. Запас күндері. Желінің бір бөлігін өту мүмкіндігі. Туристік жорықтың жоспар графигін құрастыру.

5-6

Т4



5

Қозғалысты ұйымдастыру. Топ қозғалысын ұйымдастыру және оның тәртібі. Қозғалу формасы.

Топ қозғалысын ұйымдастыру және оның тәртібі. Күн тәртібі. Қозғалу қарқыны. Жолды, тәулік уақытын, техникалық тәсілдерді таңдау. Маршрут учаскелерін барлау.

7

Т5



6

Желінің күрделі учаскелерінең өтудың техникасы мен тактикасы.

Өткелден өтудің тәсілдері: жаяу, (жалғыз, топтық, перила, көмегімен), су үстінен өту (жіптер, кладь, көпір үстімен). Өткел уақыты мен орын таңдау. Ұстап алу тобы. Тау өзендерінен өткелдің негізгі ерекшеліктері. Шөп басқан беткейлер, сусымалар, жартастар. Көтерілу, түсу техникасы. Көшкін қауіпті жерлерден өту, жабық мұздық үстімен қозғалу, қар көперлерінен өту тәсілдеріне сипаттама беру.

8

Т6



7

Асулардан өту тактикасы. Асу қиындығын бағалау. Асу қиындығының категориялары.

Асу қиындығын бағалау. Асу қиындығының категориялары. Асудан өткенде факторлрды есепке алу. Асуға көтерілу және одан түсу маршрутын алдын ала зерттеу: көтерілу жолы, қиын учаскелер, беткейлердің орналасуы, тас құлау және лавина түсу қаупі бар жерлер, қажетті техникалық жабдықтауды нақтылау.
(өз таңдауы бойынша) сипаттама беру.

9

Т7



8

Туристердің физикалық шынықтырылуы. Дене шынықтырылуға қойылатын жалпы талаптар.

Жаттығулар кешендері. Дене шынықтыру процессіне қойылатын негізгі гигиеналық талаптарын қарастыру.



10

Т8



9

Туристік жорықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сақтандыру және өзін-өзі сақтандыру. Сақтандыру жабдықтары. Сақтандыру түрлері мен тәсілдері.

Туристік байлаулар: «Жолсерік», «Сегіздік», «Тікелей», «Брамшкотты», «Ұстасатын», «Садақ», т.б. Сақтандыру жүйесі. Жіппен жұмыс істеу тәсілдері.
Сақтандыру түрлері: бір мезгілде, кезекті, топтық, өзін-өзі сақтандыру. Сақтандыру тәсілдері және байлаулармен танысу.

11

Т9



10

Туристік жорықта тамақтану. Туристік жорықта тамақтануды үйымдастырудың ережелері. Тамақ өнімдерді сақтау, тасымалдау.

Туризмнің әр түрлері және жорықтың күрделілігіне қарай жорықта тамақты дайындау. Өнімдерді сақтау, орау, тасымалдау әдістерімен танысу.

12

Т10



11

Дамылдау мен түнеулерді ұйымдастыру. Түнеуді ұйымдастыру үшін құрал-жабдықтар түрлері. Бивак жұмыстары. Қауіпсіздік шаралары.

Түнеуді ұйымдастыру үшін құрал-жабдықтар, олардың туризм түрлері мен жорық күрделілігі бойынша ерекшеліктері. Дамылдау мен түнеуді құрастырудың орнын мен уақытын тандау. Бивак жұмыстарымен танысу.

13

Т11



12

Су туризмінің техникасы мен тактикасы. Су туризміндегі кедергілер түрлері.

Су туризміндегі кедергілер түрлері. Олардан өту техникасы: зерттеу, барлау, сақтандыру, т.б. Жүзу құралдарының түрлері. Жүзу құралдарымен қозғалу мен жүргізу техникасы мен танысу.

14

Т12

13

Жаяу және шаңғы жорықтардың техникасы мен тактикасының ерекшеліктері.

Жаяу жорықта туристік құрал-жабдықты жинаудың техникасы мен тактикасының ортақ ережелері мен айырмашылықтары. Шаңғы жорықтар тактикасы мен танысу.

15

Т13




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет