12
3. Пререквизиттері: «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»,
«Құқық негіздері».
4. Постреквизиттері: «Экономика негіздері», «Философия»,
«Рухани жаңғыру».
Оқыту нәтижелері:
Білім және түсіну: дәуірлеуді, саясаттану және әлеуметтану
теориясының даму бағыттары мен негізгі кезендерін білу.
Білім мен түсінгенін қолдану: алынған білімдер мен
түсінгендері білім алушыларда саяси және әлеуметтік
құбылыстарды талдауға арналған дағдыларына құрау себептесу
міндетті.
Пікір айтуды қалыптастыру: саяси санаттары және
түсініктерімен ота жасауындағы әлемнің саясаттану және
әлеуметтану
теориясының
көрінісінің
дұрыс
түсінгенін
қалыптастыру.
Коммуникативтік мүмкіндіктер: басқа адамдармен өзара
әрекеттесу тиімділігін қамтамасыз ететін тұлғаның саяси және
әлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру.
Оқу дағдылары немесе оқуға деген қабілеттілік: әлемдік
пен қазақстандық саясаттану және әлеуметтану теориясының
даму ерекшеліктерін дұрыс дәйектей білу.
5. Пәннің қысқаша мазмұны:
«Саясаттану, Әлеуметтану» пәнінің ғылыми әрі саяси мәні
зор болғандықтан әр білім беру бағдарламасында оқитын білім
алушылар үшін қажетті пән. Бұл пәнді оқу барысында білім
алушылар саяси және әлеуметтік ілімнің дамуын, саяси және
әлеуметтік
ғылымның
қалыптасуын,
саясаттану
мен
әлеуметтанудың санқырлы салаларына ғылыми талдаулар жасай
отырып, бүгінгі саясаттану мен әлеуметтануда орныққан
теориялар мен тұғырнамаларға талдау жасай алады.
Пәннің мақсаты:
білім алушылардың бойында теориялық
саяси
білім
мен
әлеуметтанудың
негізгі
түсініктік
аппараттарымен
таныстыра
отырып,
саяси
мәдениетін
қалыптастыру және Қазақстан Республикасының сыртқы және
ішкі саясатының құрылымымен, ерекшеліктерімен таныстыру.
13
Пәннің міндеттері:
- саясаттану мен әлеуметтанудың негізгі категорияларымен
таныстыру;
- бүгінгі доктриналар мен тұғырнамалардың негізі болған
саяси және әлеуметтік ойдың басты ілімдерімен таныстыру;
- ішкі саяси жағдайдың мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге
асыруға әсерін көрсету;
- Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына арқау
болған негізгі құжаттармен танысу;
- Ішкі ұлтаралық, саяси, әлеуметтік және экономикалық
тұрақтылықтың кепілі ретіндегі Елбасының жыл сайынғы
Жолдауларына және өзге де саяси құжаттарға талдау жасау;
- ұсынылған пән бойынша негізгі теориялық білімді
қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: