Т лимфоциттердің активациясына макрофагтардан екі хабар қажет.
Бірінші хабар – Аr тану, екінші хабар және секреция – ИЛ – 1. ИЛ – 1 Т – жасушалардың
активациясын ұстап тұратын, басқа интерлейкиндермен бірлесіп ИЛ – 2 синтезделуіне жағдай
жасайды. Жасушалардың біразы біріншілік дифференциацияны құстарда Фабрициус қалташасы –
ішектің лимфоидты тіндерінен алады. Бұлар В – лимфоцидтер.
Т – хелперлер - В және Т жасушалардың кейбір субпопулясының жұмысын күшейтеді.
Т – супрессорлар – В және Т жасушалардың дер кезінде жұмысын басып отырады.
Т – киллерлер – антигендерді жоюға қатысады, жоғарғы сезімталдықтың баяу түрін
туғызуға қатысады, иммунологиялық есте сақтау қызметін атқарады. Ондай жасушаларға ұзақ
өмір сүретін және антигендермен қайталап жанасқанда жылдам және жоғарғы деңгейде антидене
түзейтін лимфоциттер жатады.
Иммундық жүйенің жасушаларын лимфоциттерге, макрофактарға, дендритті жасушалар
және жасушалардың үшінші популяциясына бөледі.
Лимфоциттер – антигеннің әсерінен спецификалық және бейспецификалық реакциялармен
жауап беретін негізгі иммунды – компетентті жасушалар. Организмде лимфоциттер лимфа
тіндерінің жиналған аймақтарының арасында үнемі айналымда болады. Сәулелі микроскопта
олардың морфологиялары біркелкі болады, бірақ олардың ультра құрылымы, қызметтері,
беткейлік-жасушалық маркерлары, жеке – дара дамулары, және тағдырлары әртүрлі. Лимоцитерге
тән қасиет «өзінікін» «бөгдеден» ажырата алу қабілеттілігі, ол иммундық жауаптың бастапқы
нүктесі, одан кейін бөгде заттардың деструкциясы мен эллиминациясына жағдай жасайтын
механизмдердің қатары түзіледі.
В – лшимфоциттердің негізгі қызметі гумморальды иммунды реакцияларға қатысу.
В – лимфоциттердің бетінде антигендерді танып, іріктейтін иммунды – глобулиндері
болады. Танылған антигеннің әсерінен В – лимфоциттер плазмалық жасушаларға айналып,
спецификалық антиденелер – иммунды глобулиндер түзеді. Ол Т және В жасушалардың өзара әсер
етуі нәтижесінде атқарылады. Т жасушалардың В жасушаларға ынталандырушы әсері әртүлі
жолдармен жүзеге асады. Белсенділігі күшейген Т – лимфоциттер В жасушаларға әсер ететін
заттар бөліп шығарады. Антиденелер түзуге Т және В лимфоциттерден басқа А жасушалардың
қатысуымен жүзеге асырылады, оларға қан моноциттерімен тіндік фагоциттік жасушалар жатады.
Мұндай макрофагтар организмнің барлық жерінде кеңінен таралады. Олардың негізгі қызметтері
– организмге барлық бөгде антигендерді қоршап алып дезинтеграциялау. Т – лимфоциттерде О
антигендер болады. Имунологиялық реактивтілік Т және В иммунды компетентті жасушалардың
функциясы мен олардың макрофагтармен жасушалық кооперацияға түсумен байланысты.
Иммунитеттің түрі мен формаларының жіктелуінің түрлері әртүрлі. Бұл адам
организміндегі қорғаныс факторларының әртүлілігімен және олардың механизімімен байланысты.
Иммунитеттің түрлерінің ең қарапайым жіктелуі: түрлік (тұқым қуалайтын) және жүре пайда
болатын.
Түрлік – тұқым қуалайтын иммунитет эволюциялық даму барысында пайда болған, тірі
организмдердің түрлеріне сәйкес биологиялық ерекшеліктеріне негізделген. Бұл қасиет
генетикалық – тұқымқуалайды. Адамдар жануарлардың ауруымен науқастанбайды, мысалы: ірі
қара обасымен, мтауық соқырлығымен, ит обасымен, шошқа індетімен т.б. Керісінше жануарлар
адамдарға тән аурулармен ауырмайды, мысалы соз, мерез, ЖИТС, тырысқақ, қызылша және т.б.
Туа пайда болған иммунитеттің спецификалығы жоқ өйткені әртүрлі ауруларға қарсы бағытталған,
дене тоңғанда, ысығанда, авитаминоз кезінде кортизонның әсерінен деңгейі төмендеуі мүмкін.
Жүре пайда болған иммунитет өмірлік емес, әр организмнің тіршілік ету кезінде жеке
басына тән жағдайда дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: