Жўмыс баєдарламасы ф со пгу 7



Pdf көрінісі
бет11/22
Дата08.12.2022
өлшемі227,93 Kb.
#56037
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Иммуноглобулин G - класы қан сарысуында барлық иммуноглобулиндердің, молекулалық
салмағы 150 мың Дальтон, ол жатырға кіре алады. Иммуноглобулин G 23 тәулік, ұзақ өмір сүреді.
Адамдарда иммуноглобулин G-дің 4 түрі бар: (ауыр тізбектің айырмашылығымен). 
IgG қан сарысуында 7-18 г/л. Екіншілік иммундық жауабында тек IgG анықталады. Негізгі
қызметі: комплементті белсендіреді (G1, G2, G3 ); фагоцитозды күшейтеді: бактериялардың
полисахаридтік антигеніне қарсы кеш өнетін антиденелер (G1, G2); токсиндерді бейтараптайды,
фагоциттерді опсонизация арқылы белсендіреді. Комплементпен тек G4 байланыспайды.
Иммуноглобулин G тимусқа тәуелді болғандықтан Т-лимфоциттердің қатысуымен ғана
синтезделеді. Сондықтан сәулелену және иммунды депрессанттар олардың синтезін басады.
Иммуноглобулин G-ның максималды өнімі антигендік арасы 30 күн өткенде қайтадан
еккенде дамып иммундық жауап толық және иммундық ес пайда болады.
Иммуноглобулин А – сарысулық және секреторлық түрлері бар. Сарысудағы
концентрациясы 0,8-3,7 г/л. Қан айналымындағы микробтарды және токсиндерді бейтараптайды.
Сарысу IgA – комплементті альтернативтік жолмен белсендіре алады. Кейбір микробтар өндіретін
протеаза ферменті IgA-ны инактивацияға шалдықтырады (мыс. гонококктер). 
Секреторлық IgA шырышты қабықтың эпителиалды торшаларының синтезінен шығады,
оның қосымша (S) компоненті бар. Осы компонент IgA эпителий торшаларынан өткенде қосылады
да IgA-ның протеолитикалық ферменттерге тұрақтылығын береді. Секреторлық IgA шырышты
қабықта сақталып бактериалдық токсиндерді бейтараптайды, вирустарды шектейді, фагоцитозды
белсендіреді. Сөйтіп, инфекцияға жергілікті қорғанысты қамтамасыз етеді.
Секреторлық IgA түкірікте, көз жасында, азқазан-ішек секретінде, өтте, қынап секретінде,
аминотоксикалық сұйықта, өкпе, бронх, зәр шығару және жыныс жолдарында бар. Нәресте IgA-ны
ана сүтінен, уыз сүтінен алады. Ана сүтімен түскен IgA ішекке грам теріс микробтардың (ішек
таяқшаларының) орналасуынан қорғайды. Ішекке грам оң микробтар орналасып ішек
инфекцияларына антагонистік рөл атқарады. IgA микроорганизмдермен байланысып, оларды
шырышты қабыққа тұрақтатып орналастырмайды.
IgA тимусқа тәуелді иммуноглобулин, сондықтан нәрестенің өмірінің бастапқы кезінде өз
бетімен пайда болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет