Жўмыс баєдарламасы ф со пгу 7


 Тақырып Иммунитет эволюциясы. 7. Тақырып



Pdf көрінісі
бет14/22
Дата08.12.2022
өлшемі227,93 Kb.
#56037
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
6. Тақырып Иммунитет эволюциясы.
7. Тақырып Гуморальдық және жасушалық иммунитетің негізгі феномендер.
Иммунитетің келесі түрлері ажыратылады: Табиғи белсенді иммунитет – жұқпалы
аурулармен науқастанып жазылғаннан кейін пайда болады, сондықтан оны постинфекциялық
иммунитет деп атайды. Бактерияларға қарсы, вирустарға қарсы саңырауқұлақтарға қарсы және т.б.
иммунитетдеп ажыратылады. Оның түзілуі әдетте организм микробтан тазарғанда басталады.
Бірақта кейбір инфекциялық аурулар кезінде қабылдаушылық инфекциялық агенттің организмде
болуы мен байланысты. Егер қоздырғыштан ағза тазарса, ол микробтарды қайтадан қабылдағыш
бола алады. Бұл инфекциялық немесе стерильді емес қабылдамаушылық деп аталады.
Табиғи (пассивті) плаценталық иммунитет – нәрестеге дүниеге келмей тұрғанда бала
жолдасы арқылы анасының қанымен беріледі. Дайын антиденелер қан мен қатар ана сүтіменде
10


беріледі, бұл жаңа туған нәрестенің түрлі инфекциялық ауруларға белгілі бір уақыттар аралығында
төтеп беруіне мүмкіндік береді. 
Жасанды иммунитет жұқпалы аурулардан сақтану және оларды емдеу мақсатында
жасанды түрде жасалады.
Жасанды белсенді иммунитет - әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы вакцина жүргізгенде
пайда болады, сондықтан оны поствакциндық иммунитет деп атайды. Оның ұзақтығы және
кернеуі көптеген факторларға байланысты, көбінде вакциналық, антигендік, иммуногендік
қасиеттерімен, оны енгізу ретімен әдістеріне және т.б. байланысты. Ол бір жылдан бірнеше жылға
дейін сақталуы мүмкін. 
Жасанды пассивті иммунитет – спецификалық иммунды қан сары суларын немесе гамма
– глобулиндерді енгізгеннен кейін пайда болады. Организм дайын антиденелер қабылдайды.
Сондықтан оны постсарысулық иммунитет деп атайды. Мұндай иммунитет ұзаққа созылмайды,
екі -үш аптадан кейін антиденелер организмнен шығарылады. 
Инфекцияның ену жолындағы табиғи тосқауылдар механикалық және химиялық деп
бөлінеді. Механикалыққа тері және кілегей қабықтары. Олардың секрециялары
микроорганизмдерді жояды немесе өсуін тежейді. Егер микроорганизмдер бұл тосқауылдан өтіп
кетсе, онда олар екінші қорғаныс жолымен кездеседі – гуморальды және жасушалық
факторлармен. 
Тері – микроб енетін жолдағы мықты механикалық тосқауыл факторы болып саналады. Тері
бетіндегі микробтар түлеген тері қабатымен, май және тер бездерінің секретімен терінің pH – ын
микробтарға қолайсыз жағдайға дейін өзгертеді де содан олар жойылып отырады. Терінің
бактериоцитті қасиеті күшті. Эпидермисттің протективті қызметірнен басқа теріде күшті
иммундық қорғаныс жүйесі болады. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, қарын жолдарына, несеп шығару
жолдарының, қынап қалың көп қабатты эпителимен қапталған, протективті сипатта болады, ал
асқазан, ішек, тыныс жолдары, жатыр және жатыр түтігі секреторлы және сіңіргіш сипаттағы жұқа
бір қабатты эпителимен өңгерілген. Кілегей қабықтары әртүрлі әсерлерден тез зақымданып,
микробтардың өтуіне жағдай туады. Кілегей қабықтардың деңгейінде организмнің ішкі ортасының
түрлі қорғаныс механизмдері болады, соның ішінде микроорганизмдерден де қорғануда жатады.
Кілегейге батқан жыпылық эпителидің кірпікшелері бір бағытта толқитын жылжуларды
қалыптастыра отырып, эпители бетінде кілегей қабат түзеді. Тыныс жолдарының терең
бөлімдерінде және өкпенің тыныс бөлімінде кілегей жоқ, бірақ эпителидің беті көптеген
қоздырғыштарды ұстап, жоюға қабілетті белсенді затынан тұратын қабатпен жабылған. Сонымен
қос АIЖ бір қабатты эпителиінің бетінде көп мөлшерде лимфоидты жасушалар орналасады, ал газ
алмасу зонасында үнемі макрофагтар болады. Бір қабатты эпителидің бетінде IgA секрециясы
жүріп отырады, ішек типтес кілегей қабықшасының қабаты – лимфоидтық тіннің құрамында
көптеген иммунды – компетентті жасушалар бар. Қалыпты микрофлора – олар патогенді
микробтарға антогонистік әсер етеді. Лимфотүйіндердің тосқауылдық қабілеттілігі – ол микроб
енген ошақтан тыс жерлерге таралуын шектейді. Беткі тосқауылдан өтіп кеткен
микроорганизмдерді екінші қорғаныс жолымен кездеседі, оған жасушалық факторлар –
фагоциттер жатады. Фагоцитоз механизмі арнайы жасушалар – фагоциттердің организмге жат
заттарды жұтуы, қорытуы және иннактивациялауынан тұрады. Патогенді организмдерді жұтатын
және бұзатын фагоциттер миелопоэздік қатардың және макрофагтық – моноцитарлық жүйе
жасушаларынан тұрады. 
Организмді қорғаудағы фагоциттік жасушалардың маңызын алғаш рет иммунитеттің
фагоцииттік теориясын жасаған – И.И.Мечников дәлелдеді. Фагоциттердің қозғалатын және
қозғалмайтын түрлері болады. Фиксацияланған бауыр капилярларының тамырлық немесе
лимфатикалық эндотелилерінің ерекше аймақтарында,көк бауыр синустарында және лимфа
түйіндерінде болады. Қозғалмалы фагоциттер-олар қан жасушаларын фагоциттейтін макрофагтар.
Макро және микрофагтардың құрамында лизосомалар болады.Ол жерде жат антигендерді бұзуға
қатысатын ферменттер болады. Белсенділігі ең күшті нейтрофилдер, ал ең төмені базофилдер.
Фагоцитоз процесі 5 кезеңнен тұрады:
1.Фагоциттің жұтатын обьектіге жақындауы (хемотаксис) 
2.Жұтатын заттың фагоцит бетіне адсорбциялануы (адгезия) 
11


3.Затты жасуша мембранасын инвагинациялап, протоплазмада фагосома түзу арқылы
жұтуы.
4.Фагосоманың жасуша лизосомасымен бірігіп фаголизосома түзуі.
5.Лизосомальдық ферменттерді белсендіріп, олардың көмегімен фаголизосомадағы
заттарды қортуы.
Барлық иммудық диагностикалық әдістерді скринингті және анықтаушы деп бөлуге болады.
Скрининг иммундық жүйенің бұзылыстарын тіркейді. Анықтаушы – иммунды- кейінгі
коррекциялау мақсатындағы олардың реализациясында қатысатын механизмдерді бекіту үшін
қолданылады.
Иммунологиялық әдістерді екі мақсатта қолданылады. Біріншіден,белгілі антиген бойынша
зерттелетін сарысудағы антигенденелерге қатысты спецификалық антиденелердің барлығын және
сандық мағынасын анықтайды. Сандық мағынасын сарысуды титрлеу жолымен анықтайды.
Иммунды сарысудың титрі деп, оның әлі де оң реакция беретін жоғарғы сұйылу деңгейін айтады.
Екіншіден, белгілі антидене, яғни диагностикалық иммунды сарысу арқылы зерттелетін
материалдағы спесификалық микробты антигеннің барлығын анықтайды немесе бөлінген
қоздырғыштың серологиялық идентификациясын жүзеге асырады. Барлық иммунды-
микробиологиялық әдістерді 3 топқа бөледі:
1.Антигеннің антиденемен тікелей әсерлесуіне негізделген иммунологиялық әдістер.
2.Антиген мен антидененің арасында бір заттың қатысуымен болатын өзара әсерге
негізделген.
3.Белгіленген антиденелерді немесе антигендерді пайдаланатын әдіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет