лимфоциттерді көшіру арқылы осы торшалардың организмнің иммунды жауабында үлкен міндет
атк,аратынын дәлелдеп берді. Жан Миллер тимэктомиятәжірибесін жүргізіп, тимустың
бастапқы лимфоидты ағза екенін анықтады. Трансплантациялық иммунологияның негізін
қалаушылардың бірі Дж. Снелл 40-шы жылдарда өзінің конгенді тышқандармен жүргізген
тәжірибелерінің нәтижелері негізінде үлпа сәйкестігін ашты (Н-2 жүйесі).
1959 жылы Жан Доссе бастаған ғалымдар тобы адамның антигендерінің
гистосәйкестілігінің жүйесін (НА) ашып, аллотрансплантация кезінде үлпаларды жіктеуге
мүмкіндік туғызды. Хью Мак-Девитт иммунды жауаптың гендері
гистосәйкестіліктің бас
комплексіне (кешеміне) жататындығын дәлелдеп өте маңызды ғылыми жаңалык, ашты. Б.
Бенецерраф оларды Ir-гендер (ағылшынша
immune response – иммунды жауап) деп атады,
өйткені олар организмнің бөгдеантигендерге (мыcалы, зардапты микроорганизмдердің белгілі
бір антигендеріне) қарсы жауап беру қабілетін анықтайды.
Кейінгі жылдардың маңызды
жаңалык,тарының ішінен моноклональдык, антиденелерді алу тәсілін – гибридомалык,
технологияны атап айтуға болады (Келер және Мильстайн, 1975ж). Моноклональдық
антиденелердің
тазалығы соншалык,ты, ол антигеннің тек бір ғана детерминантасына (бөтен
белгісіне) бағытталған.
Иммунология көптеген пәндермен тығыз байланысқан. Оған дәлел кейінгі кезде
иммунохимияның, иммунопатологияның, ісік иммунологиясының, трансплантация
иммунологиясының және басқа пәндердің пайда болуы. Қазіргі
кезде антиденелер биология,
биохимия, микробиология, фармакология сияқты ғылым салаларында бағалы реагент ретінде кең
қолданылып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: