Жұмыс дәптері 3-модуль менеджмент және көшбасшылық


Көшбасшылық стиліне бейімделу



бет2/31
Дата20.10.2022
өлшемі140,62 Kb.
#44426
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Көшбасшылық стиліне бейімделу. Сіздің көшбасшылық стиліңіздің бейімделуі «Бейімділікті бағалау» тармағында көрсетілген. 10-тармақ бойынша 4 немесе 5 ұпай Сіздің қажеттілікке қарай жағдайға бейімделе алатыныңызды көрсетеді.


Сілтеме: Robins, Stephen, R. and Phillip L. Hunsaker. Training in Interpersonal Skills: TIPS for ManagiPeople at Work. 5th ed. (2009) Pearson Prentice Hall.


3.1.2-тапсырма. Өзіңіздің басшы ретіндегі тұлғалық дағдыларыңызды бағалаңыз.


Мен өзімді менеджер ретінде қалай бағалаймын?
Өз бетіңізше жұмыс істеу Сізге менеджмент тәжірибесін түсінуге және осы түсінікке қатысты өз тәсілдеріңізді қолдануға көмектеседі. Бұл бағалау менеджменттің төрт негізгі функциясын қамтиды: жоспарлау, ұйымдастыру, басқару және бақылау. Төмендегі үш жолдың біреуін таңдау арқылы бағалауды орындаңыз:
(а) егер Сіздің басқару тәжірибеңіз болса, өз тәжірибеңізге сүйене отырып жауап беріңіз;
(в) өзіңіздің жұмыс тәжірибеңізде байқаған табысты (немесе табысты емес) басшының қызметіне сүйене отырып жауап беріңіз;
(c) мінсіз менеджердің іс-әрекеті қандай деп ойлайсыз?


Нұсқаулық: Өзіңіз белгілі бір тапсырманы немесе жобаны орындау үшін құрылған топтың немесе ұжымның мүшесі болған кезеңді есіңізге түсіріңіз. Бұл жұмыста, сыныпта, клубта немесе азаматтық ұйымдарда болуы мүмкін. Менеджменттің әрбір бағыты бойынша өзіңіздің іс-әрекетіңізді бағалаңыз. Әрбір мәселе бойынша өзіңізді келесі шкала бойынша бағалаңыз.
Бағалау шкаласы: төмендегі градация бойынша ұпайларды белгілеңіз:
5 – бұл мен үшін дұрыс екені сөзсіз
4 – мен үшін дұрыс болуы мүмкін
3 – дұрыс болуы да, қате болуы да мүмкін, түсініксіз
2 – мүмкін, мен үшін дұрыс емес шығар
1 – мен үшін дұрыс емес екені анық


I. Жоспарлау
Мен:
_____1) кездесудің күн тәртібін белгілеймін;
_____2) менің іс-әрекеттерім мен шешімдерімнің нәтижесінде болашақта не болатынын анықтауға тырысамын;
_____3) мен өзім үшін де, басқалар үшін де нақты мақсаттар белгілей аламын;
_____4) шешім қабылдағанға дейін болған жағдайдың жағымды және жағымсыз жақтарын мұқият талдаймын;
_____5) жаңашылдықты қабылдауға, эксперимент жасауға толық дайынмын;
_____6) белгіленген міндеттерді орындау үшін барлық қабілеттерім бар;
_____7) басқалар қандай жұмыстарды орындауы керектігін нақты білуі үшін, мен жазбаша түрде жоспар жазамын;
_____8) болып жатқан өзгерістерге бейімделу үшін икемді болуға тырысамын;
_____9) мақсатқа жету жолындағы кедергілерді анықтауға және оларды жоюға тырысамын;
_____10) жоспарды талқылаймын және басқаларды оны орындауға тартамын;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет