Жұмыс дәптері 3-модуль менеджмент және көшбасшылық


Өзара түсініспеушіліктің қиындықтары



бет23/31
Дата20.10.2022
өлшемі140,62 Kb.
#44426
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
Байланысты:
28.09-Жұмыс дәптері.Модуль 3docx (3)

Өзара түсініспеушіліктің қиындықтары
Күнде таңертең Сержио мектеп дәлізін аралап жүретін, осындай бір аралау кезінде ол тарих пәнінің мұғалімі Томаспен кездесіп қалды, ол «Мына адамды тоқататын ешкім жоқ па? Ол оқушылармен де, мұғалімдермен де ойына келгенді жасайды. Ол өзін армиядамын деп ойлайды ғой деймін!» - деп дауыстап шағымданып келе жатты.
Алаңдаған Серджио Томасқа жақындап, оның неге сонша ренжігенін сұрады.
«Бұл жағдай тағы қайталанды, Серджио. Карлос менің сыныбыма баса көктеп, ескертусіз кіруді талап етеді, оқушыларға айғайлайды және кемшіліктерін бетіне басады. Ол менің сабағыма кедергі келтіріп қана қоймай, мұғалім ретінде менің беделімді түсіреді және балалардың ойларын жинақтауға кедергі жасайды».
Бұлардың жанынан өтіп бара жатқан математика мұғалімі Инес:
«Бұл Карлос үшін қалыпты әрекет. Бірақ Сіз білесіз бе, оның өз сабақтарына және балаларының тәртібіне араласуын сұрайтын мұғалімдер бар, және менің ойымша, бұл үшін олар да жауапты болып табылады».
Томас мектепте бірнеше жыл жұмыс істейді және қатаң әскери тәртіп жүргізуге келіспейтін мұғалімдердің бірі болатын. Ол оқушылармен шығармашылық топтарда жұмыс жүргізгенді ұнататын, ал инспектордың ойынша, бұл оның сабақтарын бейберекет жүйесіз етеді. Ол бірнеше рет оқушылардың арасында туындаған кейбір проблемаларды шешуге араласқан болатын. Мейірімді мінезіне қарамастан, Томас өзінің наразылығын білдіріп, Карлос сабағын өрескел тоқтатқаны туралы Серджиоға жазбаша шағым жолдады. Ол түсініктеме күтті, себебі балалардың алдында өзінің беделіне нұқсан келтіру ауыр қылық деп санады. Томас өзінің шағымында Карлостың түсініктеме беруін және кешірім сұрауын талап етті.
Серджио дереу әрекет етіп, проблеманы шешуді және алдағы уақытта мұндай қақтығыстарды болдырмауға шешім қабылдауды қолға алды. Ол мәселені Карлостың ашу-ызасын тудырмай істі реттегісі келді, сол себепті оны бетпе-бет сөйлесу үшін кабинетіне шақырды. Амандасқаннан кейін ол инспекторға: "Карлос, осы аптада Сізде мектепте қандай да бір проблемалар болды ма, соны білгім келді? деді. «Бірнеше елеусіз жағдай болды» деп қысқаша жауап берді инспектор.
Әдеттегідей, Серджио инспекторды мақтап, оның жақсы жұмысын атап өтті. Содан кейін ол тарих мұғалімімен болған оқиғаға қатысты алаңдаушылығын білдірді. Карлос қатты және кекесінді дауыспен: «Томас тағы да ойынан шығарып отыр ма. Оны тыңдамаңыз, ұсақ-түйек, Серджио!» деді. Серджио аздап қысылып, Томастың шағымын дауыстап оқыды. Ол сөзін аяқтамастан, инспектор оның сөзін бөліп жіберді:
«Серджио, егер Сіз менің сөздеріме күмәндансаңыз, мен бұл әңгімені доғарамын. Мен Сізге өзімнен жауап алуға жол бермеймін. Бұл мектепте біз оқушыларға басшыларды сыйлауды және құрметтеуді үйретуіміз керек, осы уақытқа дейін мен жақсы нәтижелерге қол жеткіздім. Менің балаларым сыныпта әрдайым бірінші орында, авиакомпанияның басшылары мен жеткешілерінен сұраңыз; олар менің оқушыларымды алады, өйткені олар тиімді, кәсіби жұмыстарымен үлгілі». «Карлос, мәселе бұнда емес. Мен оқиға туралы сіздің нұсқаңызды білуім керек, мен Сізді мұнда сол үшін шақырдым» – деп сыпайы жауап берді Серджио. «Серджио, менің отставкаға кетуден басқа амалым жоқ. Мен кетемін. Сіз менің сөздеріме күмәнданып тұрғаныңызды түсіндім. Мен бұл мектептің нашар жаққа қарай өзгеріп жатқанын көріп тұрмын, мені осы ызаландырады. Менің бұл жерде көп жылдан бері жұмыс істеп келемін, мен әскери қаталдықпен көп нәрсеге қол жеткіздім, ал Сіз болсаңыз ол туралы естігіңіз де келмейді. Мен құрметке лайықпын», - деп аяқтады инспектор.
Аң-таң болған Серджио инспектордың портфелін алып, мектептен шыға жөнелгеніне қарап тұрды. Ол Карлостың реакциясын түсіне алмады. Қазір Серджио, өзі мектеп директоры ретінде алдына қойған мақсаттарына жеткісі келсе, көптеген кедергілерді жеңуге тура келетініне нақты көзі жетті.
Мишель Серджионың кабинетіне кіргенде, оның ашуланып тұрғанын көрді. Ол болған оқиғаны толық айтып берді, Мишель оған былай деп жауап берді:
«Кешіріңіз, Серджио, бірақ мен мұндай икемсіз, қатаң тәртіп біздің оқушыларды тәрбиелеудің тиімді әдісі деп ойламаймын. Бұл мектепте мінез-құлықты өзгерту және жазалау оқушыларға да, мұғалімдерге де стратегиялық түрде қолданылады және, менің ойымша, бұл дұрыс емес. Біздің жұмысымыз – оқушылардың әртүрлі қабілеттерін дамытуына көмектесу, ал бұл – ұзақ мерзімді жұмыс. Бізден олардың оқу дағдыларын жетілдіру талап етіледі, мен мұндай қатаң тәртіп дұрыс шешім екеніне күмәнім бар».
Серджио Мишельдің айтқанымен толығымен келісті, бірақ ол сонымен қатар мектеп оқушыларының өткенін ескере отырып, Карлостың жұмысына жеңіл қарамау керек деп ойлады.
Дәл осы кезде хатшы Серджиоға мектеп иесі Алиага мырзаның келгенін хабарлады. Алиага мырза амандаспастан, кабинетке баса-көктеп кіріп, Серджиоға: «Серджио, маған мектеп инспекторы не үшін кеткенін түсіндіріңіз? Сіз бұған жол бергеніңізге сене алмаймын! Ол үлгілі маман, мектепті маған ұнайтындай тәртіппен ұстайды» деді. «Алиага мырза, Карлостың тарих мұғалімімен дау-дамайынан кейін онымен сөйлесу мүмкін болмады. Ол ашуланып, менің кабинетімнен атып шығып, кететінін айтты», - деп жауап берді Серджио.
Бұл оның алғашқы аптасы болатын, бірақ Серджио бұл жұмыстың үнемі күрес болатынын байқады. Ол өзінің шешімдері мен сенімдері әр қадамда сынақтан өтетінін білді. Сондай-ақ ол балалардың бағалары мен тест нәтижелерін жақсартуға бағытталған өзінің идеялары мен оқу жобаларын жүзеге асырмас бұрын, өз қызметкерлерінің арасында сенім білдіру және көзқарас қалыптастыру мәселелерімен айналысуы керек екенін байқады. Ол екіұдай пікірде тұрды. Техникалық қолдау бөлімінің басшысы Мишельдің сөздері оны күнделікті қиындықтарды жеңуден гөрі маңыздырақ нәрселерді істей алатынына сенімін нығайта түсті, алайда мектеп иесінің жағымсыз сөздері де ойына орала береді:
«Серджио, мұны қалай іске асыратыныңзы білмеймін, бірақ ертең Карлос жұмыста болуы керек. Мектеп оның тәртібінсіз ешқашан бұрынғыдай болмайды», - деген Алиага мырза.
Кенеттен қоңырау соғылып, оқу күнінің аяқталғаны туралы хабарлады. Бірінші апта Серджио үшін өте қиын болды, ол алдағы апталар өзіне бұдан да қиын проблемалар мен күрделі шешімдер әзірлеп тұрғанын сезді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет