3.2.5-тапсырма. «Кәсіби дайындық және өмір сүруді үйрену» кейсін талдаңыз және мектептегі қақтығыс жағдайын шешудің ең тиімді жолдарын анықтаңыз. Серджио кәсіптік-техникалық училищелерде он бес жылдық еңбек өтілі бар мұғалім болатын. Оған аэронавтика мен әкімшілікке мамандандырылған жоғары кәсіптік училищенің директоры болуды ұсынған кезде, ол бұл мүмкіндікті жібермеді. Бұл үкімет тарапынан субсидияланатын, бірлесе оқуға бағдарланған конфессиялық емес жекеменшік мектеп қаланың жергілікті қолайсыз қоғамдастығы тұратын жерде орналасқан. 1-сынып пен 12-сынып аралығындағы оқушылар саны шамамен 1000 ұл баланы құрайды. Оның басты мақсаты оқушыларға келешекте жұмыс табуға және өз отбасыларының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік беретіндей академиялық және құндылықтарға негізделген білім беру болды.
Көп ойланбастан бұрынғы жұмысынан бас тартып, ұсынысты қабылдаған Серджионы жаңа сынақ қатты ынталандырды. Жақында оқу жылы басталады, Серджио жақсы нәтижелер көрсетіп, оқушыларды алға ілгерілеуге жетелеу үшін көшбасшылық қасиеттерін көрсетуі қажет болды. Мектеп әртүрлі компаниялардың құрметіне ие болды, олар әдетте тәжірибе үйрену үшін басқа мектептердің емес, осы мектептің оқушыларын шақырауды жөн көретін, бұл оларға кәсіби тұрғыдан үлкен көмек болатын. Соңғы екі жылда мектептің танымалдығы артты, бұл 9-сыныптағы орындарға үміткерлердің артуына ықпал етті. Оқушылардың көпшілігі осы мектепке аэронавтиканы, өнеркәсіптік мамандықтарды меңгеру үшін арнайы оқуға түседі. Бұл тұрғыда мектеп балаларға қоғамдастықтағы отбасылардың өмір сүру сапасын жақсартуға нақты мүмкіндік берді, олардың көпшілігі өте нашар, кәсіби немесе мәдени даму мүмкіндіктері шектеулі аз қамтылған отбасылар болатын.
Қақтығыстар басталды Өз қарамағындағы қызметкерлермен және мұғалімдермен алғашқы кездесулерден кейін Серджио жұмысы өзі ойлағаннан қиынырақ болатынын түсіне бастады. Әскери тәртіп білім беру критерийлерінен басым болып көрінді, мектептегі оқыту стиліне оның көңілі толмады.
Серджио қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру және мектептің жұмысы туралы әртүрлі мәліметтерді білу үшін қызметкерлерді осы жылғы алғашқы жиналысқа шақырды. Оның ұжым алдындағы алғашқы сөзін бас үш жыл бойы бас инспектор қызметін атқарып келе жатқан Карлос үзді. Карлостың қатқыл дауысы мен үзілді-кесілді ұстанымынан Серджио оның қатал және өктем мінезді адам екенін байқады.
«Серджио, бұл мектеп сағат сияқты жұмыс істейді. Не болып жатқанын үнемі біліп отыратын инспектерлардың арқасында мұндағы тәртіп ерекше. Алайда мұғалімдер оқушыларға тым жұмсақ. Біз балаларға қатаң болуымыз керек. Оларға да, мұғалімдерге де қатал қарау қажет, егер Сіз барлығы дұрыс жұмыс істеп тұрғанын қаласаңыз, жауапкершілікті өз мойныңызға алып, қол астындағыларыңызға не істеу керектігін айтып отыруыңыз керек».
Бірнеше жылдан бері мектепте кәсіби-техникалық үйлестіруші болып жұмыс істейтін Каролина: «Менің ойымша, Карлос кейде тәртіпті қадағалауда тым қатал болғанымен, бұл тәсіл шынында да оқушыларға ықпал етеді. Мұнда оқушылар сабақ өткізуге кедергі келтіретін басқа жердегідей емес, мұғалімдердің тыныш жұмыс істей алады. Біз мектептегі тәртіпті жылдан-жылға осылай жақсарта алдық. Бұған қоса, бізде қатал ортадан шыққан өте қиын оқушылар бар, егер біз қатаңдық пен тәртіптің арқасында шектеп отырмасақ, бұл жерде бейберекеттік орын алады» деді.
Серджио мектепте тәртіп негізгі күш екенін және ол осы уақытқа дейінгі мектеп жетістігінің кілті екенін анық байқады. Аэронавтика саласындағы әуе механигі дипломын алу үшін оқушылар сенімді, адал, тәртіпті болуы керек және нақтылық пен жауапкершілікті қажет ететін тапсырмаларды орындай алуы керек. Мектептің жетістіктері мұғалімдерді мақтанышқа бөлейді. Бірақ бір нәрсе Серджионы алаңдатты, ол өз командасын және олардың критерийлерін зерттеуді жалғастырды: «Каролина, Сіз қалай ойлайсыз, оқушы осындай тәртіппен жақсы білім ала ала ма?» «Кешіріңіз, мырза, - деп Карлос оның сөзін бөліп жіберді. - Мен оқушыларымызға бағынуды үйреткіміз келсе, әрқашан қатаң тәртіп орнатуымыз керек деп үнемі айтып келемін. Осылайша, әскери тәртіп жақсы нәтиже береді және біз осы жерде мұны дәлелдедік!»
Техникалық қолдау бөлімінің басшысы Мишель де мектепке жаңадан келген және білім беру туралы Серджионың идеяларымен келісетін. Ол көзінің қиығымен директорға қарады да: «Тыңдаңызшы, идея біз қазірге дейін жүзеге асырылған жетістіктерді нығайтатын әдістерді әзірлеуде болып тұр. Біз шешімдер мектеп қоғамдастығының әртүрлі мүшелері арасында келісімге келіп, бәтуаласу негізінде қабылдануы керек деп санаймыз. Біз оқушылардың атынан қабылданатын әртүрлі шешімдерді бұзбай, ашық қарым-қатынасты ұстанатын болсақ, оқушылар үшін үлгі болатын өзара сыйластықа негізделген жұмыс ортасын қалыптастыра алатынымызды білеміз».
Жиналыс барысында Серджио команданың пікірлері екіге бөлінгенін көрді. Бір топ білім беруде қатаң, тәртіпке негізделген әдіске сенңм білдіреді, ал екінші тарап білім беру сын тұрғысынан ойлауға ынталандыруға және оқушылар мен мұғалімдер арасындағы диалогке негізделуі керек деп санайды. Серджио мектеп оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де қатаң тәртіп орнату арқылы жұмыс істейтінін білді. Барлығы бұл әдіспен келісті, өйткені бұл мектептің көп нәрсеге қол жеткізуіне және өте тиімді процестерді дамытуына мүмкіндік берген. Мектептің академиялық нәтижелері ел бойынша орташа деңгейде болды және мектеп оқушылары тыныш, ұйымшыл сынып ортасында білім алып жатты. Жалпы алғанда, мектеп көрші мектептер үшін жұмыс істеуі және оқушылардың экономикалық үміттері тұрғысынан нақты мүмкіндіктері бар үлгілі мектеп болды.
Бас инспектор және аэронавтика бөлімінің басшысы Карлос мектептің осы аспектілерін қалыптастыруда шешуші рөл атқарған және өзінің жетістіктерін мақтан тұтатын. Оның жұмысы муниципалитетте мектептің беделін арттырды, бұл мектепті ілгерілету және тіркеу квоталарын толтыру үшін өте маңызды болды. Мектеп түлектерін әртүрлі салалық компаниялар жақсы қабылдайтын және олар тамаша жұмыстарымен танылды.