Жұмыс дәптері 3-модуль менеджмент және көшбасшылық


-тапсырма. «Жұмысқа немесе адамдарға бағдарлануына байланысты басқарушылық мінез-құлық типі»



бет26/31
Дата20.10.2022
өлшемі140,62 Kb.
#44426
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
28.09-Жұмыс дәптері.Модуль 3docx (3)

3.2.8-тапсырма. «Жұмысқа немесе адамдарға бағдарлануына байланысты басқарушылық мінез-құлық типі».
Нұсқаулық. Төменде келтірілген сөйлемдер әртүрлі басқарушылық мінез-құлық түрлерін сипаттайды. Егер Сіз жұмыс тобының жетекшісі болсаңыз, қалай әрекет ететініңізді көрсетіп, әр тармақ бойынша жауап беріңіз. Сіз ұсынылған жағдайда қалай әрекет етуіңіз мүмкін екенін көрсететін нұсқаны шеңбермен дөңгелектеп белгілеңіз: (Ә) әрқашан, (Ж) жиі, (К) кейде, (С) сирек, (Е) ешқашан.



Ә

Ж

К

С

Е



Сұрақтың мазмұны

Ә

Ж

К

С

Е

1

Бәлкім, топтың төрағасы болуым әбден мүмкін.

Ә

Ж

К

С

Е

2

Қосымша жұмыс істеу туралы шешім қабылдар едім.

Ә

Ж

К

С

Е

3

Топ мүшелеріне жұмыста толық еркіндік берер едім.

Ә

Ж

К

С

Е

4

Қызметтің бірдей тәсілдеріне қолдау көрсетер едім.

Ә

Ж

К

С

Е

5

Топ мүшесіне проблемаларды шешуде өзінің сыни ойлау қабілетін пайдалануға мүмкіндік берер едім.

Ә

Ж

К

С

Е

6

Менің тобым бәсекелес топтарға қарағанда озық болуы үшін қолымнан келгеннің барлығын жасар едім.

Ә

Ж

К

С

Е

7

Өз тобымның өкілі ретінде сөйлер едім.

Ә

Ж

К

С

Е

8

Топ мүшелерін көбірек күш-жігер жұмсауға ынталандырар едім.

Ә

Ж

К

С

Е

9

Топта өз идеяларымды сынақтан өткізер едім.

Ә

Ж

К

С

Е

10

Топ мүшелерінің өздері ең тиімді деп санайтын тәсілдермен жұмыс істеуіне рұқсат етер едім.

Ә

Ж

К

С

Е

11

Жоғарылау үшін көп жұмыс істер едім.

Ә

Ж

К

С

Е

12

Қызметкердің баяулығы мен сенімсіздігіне төзер едім.

Ә

Ж

К

С

Е

13

Басқалардың көзінше топтың атынан сөйлер едім.

Ә

Ж

К

С

Е

14

Жұмыстың жоғары қарқынына қолдау көрсеткім келеді.

Ә

Ж

К

С

Е

15

Жұмыскерлердің еркін жағдайда жұмыс істеуіне мүмкіндік беремін.

Ә

Ж

К

С

Е

16

Топтағы қақтығыстық жағдайларда делдал ретінде әрекет етемін.

Ә

Ж

К

С

Е

17

Мәселені «егжей-тегжейіне дейін» қарастырамын.

Ә

Ж

К

С

Е

18

Сыртқы ортамен қарым-қатынаста топтың мүдделерін білдіремін.

Ә

Ж

К

С

Е

19

Топ мүшелеріне іс-әрекетте еркіндік бергім келмейді.

Ә

Ж

К

С

Е

20

Не істеу керектігін және қалай істеу керектігін мен шешемін.

Ә

Ж

К

С

Е

21

Өндірісті ұлғайтуға ынталандырар едім.

Ә

Ж

К

С

Е

22

Топтың кейбір мүшелеріне өзім атқара алатын өкілеттіктерді табыстар едім.

Ә

Ж

К

С

Е

23

Әдетте барлық жұмыс мен болжағандай іске асырылады.

Ә

Ж

К

С

Е

24

Топтың көптеген бастамаларды ұсынуына рұқсат етемін.

Ә

Ж

К

С

Е

25

Топ мүшелеріне белгіленген тапсырмаларды беремін.

Ә

Ж

К

С

Е

26

Өзгерістер енгізіп отырғым келеді.

Ә

Ж

К

С

Е

27

Топ мүшелерінің жұмыс қарқынын арттыруын сұраймын.

Ә

Ж

К

С

Е

28

Топ мүшелерінің сыни ойлау қабілетін жақсы пайдаланатынына сенім білдіргім келеді.

Ә

Ж

К

С

Е

29

Жұмыс кестесін құрастырар едім.

Ә

Ж

К

С

Е

30

Өз әрекеттерімді түсіндіруден бас тартар едім.

Ә

Ж

К

С

Е

31

Басқаларды менің идеяларым өздерінің игілігіне қызмет ететініне сендіремін.

Ә

Ж

К

С

Е

32

Топтың өз жұмыс ырғағын өздері белгілеуіне рұқсат етемін.

Ә

Ж

К

С

Е

33

Топты қол жеткізілген рекордтық көрсеткіштерден асып түсуге шақырар едім.

Ә

Ж

К

С

Е

34

Алдымен топпен кеңесіп алмай, өзім әрекет етер едім.

Ә

Ж

К

С

Е

35

Топтың барлық мүшелері белгілі бір нұсқаулар мен ережелерді қадағалайды деп санар едім.



Жұмысқа бағдарлану (Тапсырма) _______________________
Адамдарға бағдарлану (Адамдар) _____________________

Тестілеуге қатысушылар нұсқаулықпен танысуға (тестіні қарау) және сұрақтарға жауап беруге (ұсынылған жағдаяттар бойынша пікірін білдіруге) тиіс.


Осыдан кейін тестілеу жетекшісі жауаптарды келесі тәртіппен топтастыруды ұсынады:
1. Келесі сұрақтардың нөмірлерін белгілеңіз (дөңгелектеп қоршау) : 8, 12, 17, 18, 19, 30, 34, 35.
2. «С» (сирек) немесе «Е» (ешқашан) деп жауап берілген сұрақ нөмірлерінің алдына «1» санын жазыңыз.
3. «Ә» (әрқашан) немесе «Ж» (жиі) деп жауап берілген, дөңгелектеп белгіленбеген сұрақтардың нөмірлерінің алдына «1» санын жазыңыз.
4. 3, 5, 8, 10, 15, 18, 19, 22, 24, 26, 28, 30, 32, 34, 35 сұрақтарының алдындағы «1» сандарын дөңгелектеңіз.
5. Дөңгелектеп белгіленген «1» цифрларын санаңыз. Бұл сан адамдарға, өзара әрекеттестікке және қарым-қатынасқа баса назар аудару дәрежесін көрсетеді. Осы ұпай санын сәйкес көрсеткіште (стрелкада) белгілеңіз.
6. Белгіленбеген «1» цифрларын санаңыз. Бұл сан жұмысқа баса назар аудару дәрежесін көрсетеді. Осы ұпай санын сәйкес көрсеткіште (стрелкада) белгілеңіз.
7. Көрсеткіштерде белгіленген нүктелерді түзу сызықпен жалғаңыз. Түзу сызық орталықтағы көрсеткішті кесіп өтетін нүкте жұмысқа және адамға бағдарланудың тепе-теңдік дәрежесін көрсетеді (төмендегі суретте).
Әрбір қатысушы суретте жұмысқа және адамдарға бағдарланудың сандық сипаттамаларын, сондай-ақ басшылықтың тепе-теңдік дәрежесін көреді. Тестіні аяқтағаннан кейін және нәтижелерді есептегеннен кейін, бүл нәтижелердің мән-маңызы және оларды өз тәжірибесінде қолдану, басқару стилін түзету мүмкіндіктері туралы қорытынды жасау керек.





Жұмысқа немесе адамдарға бағдарлануына байланысты басқарушылық мінез-құлық түрі.
Алайцева, Татьяна Васильевна. Адам ресурстарын басқару: Оқулық / Т.В. Алайцева, Е.А. Лапа. - Самара: Самара университетінің баспасы, 2017. – 60 б.


3.2.9-тапсырма «Инцидент» кейсі (басшының басқарушылық құзыреттілігі бойынша).
Дүйсенбі күні кешке жас мұғалім оқушылармен сабақтан тыс іс-шараны – өзі оқытатын экономика пәні бойынша ойын түрінде ұйымдастырылған іс-шара өткізді. Ол бейіндік сыныптарда экономикадан сабақ беретін жалғыз мұғалім. Пән бойынша бұл ойынды өткізу алдын-ала жоспарланған болатын, бірақ мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бұл шараны өткізуді жас мұғалімнен талап етуге мәжбүр болды: жас мұғалім бұл шараны өткізуге дайындыққа уақытының жоқтығын және бұл күні сабақтан кейін шұғыл жеке істері бар екендігін айтып, оны өткізуге келіскісі келмеді. Дегенмен, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары оны осы іс-шараны өткізуге ақыры көндірді.
Іс-шара кешкі сағат жетіге жақын аяқталды. Жас мұғалім мектепте тағы бір жарым сағатқа қалыпғ келесі күннің сабақтарына дайындалды. Мектеп адам аз жүретін қашықтау жерде орналасқан болатын, ал балаларды кешке мектеп автобустары үйлеріне жеткізеді. Жас мұғалімнің айтуынша, ол автобусқа үлгермеген. Ол ғимараттан шығып, үйіне бет алған кезде, мектеп аумағынан шыға бере оған бір таныс емес адам тиісе бастады. Абырой болғанда, қорқынышты ештеңе болған жоқ. Бірақ сейсенбі күні таңертең директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына жас мұғалімнің ата-анасы қоңырау шалып, егер олардың қызын кешкі уақытта жұмыста қалып жұмыс істеуге және қосымша іс-шаралар өткізуге мәжбүрлейтін болса, жоғары тұрған органдарға шағымданамыз деп қорқытты.
Сол күні жас мұғалім түстен кейін директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына мектеп директорының атына жазылған келесі мазмұндағы өтінішін алып келді: «Мені кешке сабақтан тыс жұмыстарға тартпауыңызды өтінемін, өйткені әкімшілік іс-шара аяқталғаннан кейін үйге қауіпсіз оралуымды қамтамасыз ете алмайды». Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары онымен болған жағдайды талқылауға тырысты, бірақ ол тек директормен ғана сөйлесетінін айтты және оған өзінің өтінішін шұғыл түрде жеткізуді өтінді. Оны орындамаған жағдайда мектептен кететінін айтып қорқытты.
Сейсенбіден жұмаға дейін бүкіл мектеп ұжымы жас мұғалімге байланысты «байғұс қыздың» оқиғасын қызу талқылап, оқиғаның әртүрлі өрбу нұсқаларын болатын оқиғаларды қарастырды.
Жұма күні кешке жас мұғалім директорге қоңырау шалып, өзінің өтініші туралы сұрастырды. Директор бұл туралы өзінің ештеңе білмейтінін хабарлауға мәжбүр болды.
Осыдан кейін ол оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарынан жас мұғалімнің өтініш көрсетуді талап етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет