Ойлануға арналған сұрақтар 1. Сіз Серджионың орнында не істер едіңіз?
2. Мектептің мақсаттарына қол жеткізу үшін оқушылардың білім алуының қандай аспектілері басым болуы керек?
3. Мишель ұсынғандай, директорға мектептің қазіргі тәртіптік жүйесін өзара қарым-қатынас пен диалогке ашық болатындай етіп өзгерту орынды болар ма еді?
4. Директор бас инспектормен өзара сенім және тұлғааралық қарым-қатынас мәселелерін қалай шешуі керек?
5. Мектеп иесінің тапсырмасын тыңдағаннан кейін, директор бас инспекторға қатысты қандай іс-әрекет жасауы керек? Ол не істей алады?
6. Сіздің ойыңызша, мектеп иесінің Карлосқа қатысты тапсырмасын ескере отырып, директор мектепте берілетін білімге қатысты кейбір идеяларын қалай жүзеге асыруға тырыса алады?
7. Тәртіп пен өзара тілектестік қарым-қатынас арасында тепе-теңдікті табуға бола ма? Егер солай болса, онда қалай іске асыру керек?
Дереккөз: Addressing Challenges: Principals үшін Case Studies. A Casebook on School Leadership Katherine Merseth. Santiago, Chile. 2015.
МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ. 3.2.6-тапсырма. Білім беру ұйымының басшының рөлін зерделеп, әріптесіңізбен бөлісіңіз .
Бұл лауазымда тиімді жұмыс істеу үшін көшбасшы қандай маңызды кедергілерді жеңуі керек?
3.2.7-тапсырма. Білім беру менеджерінің басқарушылық функцияларын 3.3-ресурс бойынша зерделеп, табысқа жетелейтін және менеджердің тиімділігін арттыратын менеджерлердің негізгі басқару дағдыларын талдаңыз. Сіз осы дағдыларды қаншалықты меңгергенсіз? Бұл дағдылар Сіздің тәжірибеңізді жетілдіруге негіз бола алады ма? Әріптесіңізбен өз ойларыңызбен бөлісіңіз.