Жұмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2021



бет19/20
Дата05.06.2023
өлшемі497,08 Kb.
#98938
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Бөлім

Үзінділер



Жалпы ережелер





Мекеме үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына мемлекет белгілеген құқық пен білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты көлемінде ақысыз орта білім алу мүмкіндігін береді.

Заңды мәртебесі



Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді

Білім беру ұйымы қызметінің мәні мен мақсаттары



... жоғары мәдениетті, қоғам өміріне бейімделген, бейіндік және кәсіби білім беру бағдарламаларын саналы таңдауға және игеруге дайын зияткер тұлғаны қалыптастыру

Іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесі

Жалпы білім беру деңгей (10-11(12)-сыныптар) оқытудың бейіндік бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушының жалпы орта білім беру дайындығын аяқтауды қамтамасыз етеді.

Білім беру ұйымына қабылдау тәртібі

Гимназиялар мен лицейлер білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында айқындалған міндетті білім көлемін алуының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жалпы білім беретін сыныптарды қалыптастырады

Білім беру процесін ұйымдастыру тәртібі (оның ішінде оқыту және тәрбиелеу тілі (тілдері), білім алушылардың, тәрбиеленушілердің сабақ тәртібі)

Оқу аптасының ұзақтығы Құрылтайшының келісімімен оқу орнының педагогикалық кеңесінде белгіленеді және Жарғымен бекітіледі.

Білім алушыларды, тәрбиеленушілерді шығарудың негіздері және тәртібі

Он алты жасқа дейінгі балаларды құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымдарының Жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымы мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда орта білім беретін мемлекеттік ұйымдардан шығаруға рұқсат етіледі

Ақылы қызмет көрсетудің тізбесі және тәртібі

Мекеме мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарынан тыс ақылы негізде келесі тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) ұсына алады:
1) қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімділіктер мен мүдделерді дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру);
2) оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (сабақтар және сабақтар циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру.

Білім беру ұйымының білім алушылармен, тәрбиеленушілермен және (немесе) олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен қатынастарын ресімдеу тәртібі

Баланы білім беру ұйымына қабылдау кезінде сол ұйым оны және (немесе) оның ата-анасын немесе өзге де заңды өкілдерін білім беру ұйымының жарғысымен, білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензиямен және қабылдау тәртібін және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды реттейтін басқа да құжаттармен таныстыруға міндетті.

Білім беру ұйымының білім алушылармен, тәрбиеленушілермен және (немесе) олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен қатынастарын ресімдеу тәртібі



Мекеме мен еңбек ұжымының арасындағы қарым-қатынас еңбек шартымен, ұжымдық шартпен және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларымен реттеледі.


16. Жағдаятты талдаңыз.
Мектеп директоры демалыс және мереке күндері жекеменшік ұйым өткізетін іс-шаралардағы педагогтердің кезекшілік кестесін жасап, бұл туралы мектептің барлық педагогтерін хабардар етті. Бұл шешімнің қаншалықты заңды екендігін бағалаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет