1-2-сабақтар Білім беру процесін реттеудің нормативтік құқықтық негіздері. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің міндеті
Нормативтік құқықтық құжаттар: Сіздің кәсіби қызметіңізде қандай қиындықтар кездеседі?
Бұл қиындықтар мектеп директорының нормативтік құқықтық құзыретімен қалай байланысты?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
1-тапсырма.Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін атаңыз. Олардың мәнін ашып түсіндіріңіз.
Сіздің ойыңызша, бұл принциптер қазіргі білім беру тәжірибесінде қаншалықты толық жүзеге асырылады?
2-тапсырма. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің иерархиясын (сатысын) жазып көрсетіңіз (ҚР «Құқықтық актілер туралы» Заңының 10-бабын қараңыз). Мектеп директоріне құқықтық актілердің деңгейлерін білу неліктен маңызды? Өз тәжірибеңізден мысал келтіріңіз.
3-тапсырма. Білім беру жүйесінің екі міндетін іске асыру бойынша өз кәсіби тәжірибеңізден мысал келтіріңіз (ҚР «Білім туралы» Заңының 11-бабын қараңыз).
4-тапсырма. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін сызба түрінде ұсыныңыз. Білім беру жүйесі элементтерінің өзара байланысы мен иерархиясын көрсетіңіз (ҚР «Білім туралы» Заңның 3-4-тарауларын қараңыз).
5-тапсырма Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін сәйкестендіріңіз: