Жұмыс мақсаты: Ubuntu Linux операциялық жүйесімен танысу


 Зертханалық жұмыстың орындау реті



Pdf көрінісі
бет2/23
Дата25.12.2022
өлшемі388,11 Kb.
#59505
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
1.3 Зертханалық жұмыстың орындау реті 
 
Бізде /dev/hda2 бөлімінде Windows NT орнатылсын, яғни OS Loader 
компьютерде бар. Оны Linux-ті жүктеуге қолдануға болады. Барлық 
бағдарламалардың резервті көшірмелерін жасау керек. Осыдан кейін Linux-ты 
орнатуға көшуге болады. Орнату кезеңі төмендегідей ретпен жүзеге асады.
1.3.1 Linux операциялық жүйесін орнатпастан бұрын Windows NT-ны 
қайта қалпына келтіруге және жүктеу жүргізу дискеталарыңызды 
дайындаңыз. Жүктеу дискетасын жасау үшін форматталған дисктаға 
жүктеуші дискінің түбір каталогынан ntldr, ntdetect.com, boot.ini файлдарын 
көшіру жеткілікті. Windows 2000 үшін қалпына қалпына келтіртін дискета 
жасау бағдарламасын басқару панелінен жіберуге болады. 
1.3.2 Portation Magic бағдарламасының көмегімен дискінің бір бөлігін 
босатып, бос кеңістікте ext2 және swap бөлімдер құрыңыз.
1.3.3 Сіздегі бар дистрибутивтен Linux-ты орнатуды сұрақтарға жауап 
бере отырып бастаңыз. Орнату үрдісі кезінде мына мәселелерді елеп кетіңіз:
операциялық 
жүйені орнату барысында операциялық жүктеу 
дискетасын құруды сұрағанда Yes, make a boot DISK командасын таңдап 
алыңыз. Диск келесі этаптарда керек болады. Бұл дискетаны Linux-ты 
жүктегенде қолданасыз. Dos-тағы жүктеу дискетасындағы сияқты мұнда 
дискетан дисководтан алуды сұрамайды. Бірақ бұл әдіс өте ыңғайлы емес, бұл 
әдісті тұрақты қолданудың керегі жоқ. Бұл қордағы вариант. Көп вариантты 
жүктеуде бұл дискетаның маңызы зор; 
1.3.4 Linux-ты орнату барысында Lilo-ны дискінің негізгі бөліміне емес, 
бірінші секторға Linux-тың түбір каталогына орнату керек. Анықтық үшін 
айтып кетейік, Linux /dev/hda3 бөлімінің 1-ші секторына орналасады. Lilo-ны 



MBR-ге орнатсаңыз, Windows-тің MBR-н қалпына келтіруіңізге тура келеді. 
Сондықтан LILO –ны өз бөліміндегі 1- ші секторға орнатқан жөн;
1.3.5 инсталляция біткен соң Linux-ты жүктеуші дискета көмегімен 
жүктеңіз. Егер сіз Lilo-ны Linux-тың бөліміне орнатсаңыз және MBR-ге 
тиіспесеңіз, Linux-ты жүктейтін басқа мүмкіндігіңіз жоқ;
1.3.6 Linux-тың жүктеуші секторын файлға көшіріңіз. Ол Windows 
NT/2000 жүктеушісі Linux-ты жіберуі үшін керек. Ол үшін таза дискетада 
монтировка жасау керек.  
1.3.7 Мысалы: [root]#mount-t vfat/dev/fdal/mnt/floppy жасап /mnt/floppy 
каталогына көшу керек. [root]#cd/mnt/floppy келесі команданы орындау керек:  
[root]#dd if=/dev/hda3 of=/mnt/floppy/bootsect.Inx bs=512 count=1 
бұл команда дискінің жүктелу секторын былай жазуға мүмкіндік береді: 
/dev/hda3-ті /mnt/floppy/bootsect.Inx файлына жазады. Айта кететін бір жайт
егер диск С:(/dev/hda1) Fat жүйесінде форматталса, онда бірден bootsect.Inx 
файлын түпкі каталогта құруға болады. Егер бірінші бөлім NTFS жүйесінде 
форматталған болса, онда дискетасыз жүктеу жүруі де, жүрмеуі де мүмкін.
1.3.8 Linux-та Windoows NT-ні жүктеу үшін мына команданы береміз:
[root]#shutdown-h now 
Негізгі жүктелуші жазба өзгермегендіктен Windows NT жүктелуі керек. 
Жүктелуден кейін /mot/floppy/bootsect.inx файлын С: түбір каталогының 
бөліміне көшіру керек, нақтырақ айтсақ Windows NT жүктелетін түбір 
каталогқа көшіру керек. Windows NT қалай орнатуыңызға байланысты ҒАТ16 
немесе NTFS бөлімдері болуы мүмкін. Керек бөлімдерді білу үшін ntldr 
немесе boot.ini файлдарын тексеру керек. Бұл файлдар жасырын тұруы 
мүмкін. Bootsect.inx файлына read-only атрибутын меншіктеуге болады.
1.3.9 NT жүктелгеннен кейін boot.ini файлын тауып келесі жолға 
қосыңыз: 
C:\bootsect.Inx=”Linux” 
Компьютерді қайта жүктеп, Linux операциялық жүйесін таңдаймыз, 
сонда Linux–ты жүктейтін Lilo жіберіледі. Енді Lilo-ны дискінің негізгі 
жүктелу жолына орналастырған жағдайда қарастырамыз. Бұл жағдайда 
Windows NT жүктелу жазбасы өшіп қалады да, Windows NT-ні жүктеу мүмкін 
болмайды. 
1.3.10 Егер сіз Lilo-ны емес NT Loader жүктеушісін қолдансаңыз, 
жоғарыдағы қадамдар былай болады:
- жүктеуші дискетасынан Windows NT-ні жүктеңіз. Жүктеуші мәзірінен 
Recover командасын таңдап аласыз да, одан кейін Command mode режимін 
таңдаймыз. Сұраныс бойынша жүйенің администраторы ретінде тіркелесіз



1.3.11 Дисктің негізгі жүктелу жазбасын қалпына келтіру керек. Бұл 
үшін fdisk/mbr командасын таңдап аласыз. Арнайы fixboot және fixmbr 
командалары бар. Көрсетілген нұсқау бойынша командаларды ретімен 
орындаңыз. Осыдай кейін Windows NT қайта дұрыс жүктеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет