Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата28.02.2023
өлшемі104,52 Kb.
#70436
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
1 Пәннің мақсаты – теориялық және педагогикалық тәжірибе негізінде
мектеп менеджерінің қызметінің жүйесі моделін болашақ мамандарға баяндау.
Пәннің міндеті – менеджменттің негізінде мектепті басқарудың
принциптерін түсіндіру;
- менеджментті жалпы білім беретін орта мектептің тәжірибесіне
ендірудің әдістемесінің жүзеге асыруылының жолдарын көрсету.
Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттерде: 
- менеджменттің негізінде қазіргі мектепті басқару процесі;
- менеджменттің мектепішілік басқарудың тиімділігіне ықпал ету
жолдары;
- мектеп менеджері іс-әрекетінің теориялық негіздері;
- менеджменттің негізінде мектепті басқару принциптері;
- басқарудың тәжірибелік негіздері жөнінде түсінік болу;
- педагогикалық тәжірибеде мектепішілік басқарудың жағдайын
диагностикалау;
- мектептегі білім беру процесін басқарудың технологиясын қолдану
біліктері мен практикалық машықтары қалыптасуы қажет.
2 Пререквизиттер
Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған
білім, икемділік және машықтар қажет: «Жалпы психология», «Педагогика»,
психологиялық-педагогикалық тәжірибе.
3 Постреквизиттер 
Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі
пәндерді меңгеру үшін қажет: өндірістік тәжірибе.
4 Пәннің мазмұны
«Педагогикалық менеджмент» пәнінін негізгі мақсаты менеджменттің
педагогикалық негіздерін түсіндіру және қазіргі жалпы білім беретін мектепті
басқарудың тәжірибесіне ендірудің жолдарын анықтау. Болашақ мамандарға
педагогикалық менеджмент жайлы білім, білік, дағдылармен қаруландырудың
қазіргі нарықтық жағдайда маңызы өте зор.
Пәннің мазмұны 5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы
бойынша жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартындағы білім
берудің ең аз мөлшеріне сәйкес қурастырылды. Онда болашақ маманға қажетті
педагогикалық менеджмент ауқымындағы білім, білік, дағдылардың ең аз
мөлшері қамтылды.
Курста көтеріліп отырған теориялық мәселе педагогикалық менеджмент
және қазіргі мектепті басқару проблемаларымен студенттің алған білімдерін
мамандық талаптарына сай толықтыра түседі.
«Педагогикалық менеджмент» пәні маман дайындаудың психологиялық,
педагогикалық, әлеуметтік-гуманитарлық мамандықтың кәсіби пәндерімен
тығыз байланыста оқытылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет