6-мысал. Бір ағаш ұстасы белгілі бір жұмысты 12 күнде, ал екіншісі сол жұмысты 6 күнде істеп бітіреді. Екеуі бірлесіп істесе осы жұмысты неше күнде бітіреді?
7-мысал. Белгілі бір жұмысты бес адам орындауда. Бірінші, екінші және үшінші адам бірігіп істесе барлық жұмысшы 7,5 сағатта бітіреді; бірінші, үшінші және бесінші адам бірігіп істесе сол жұмысты 5 сағатта бітіреді. Бірінші, үшінші және төртінші адам оны 6 сағатта бітіреді; екінші, үшінші және бесінші адам бірігіп істесе оны 4 сағатта бітіреді. Егер осы жұмысты 5 адам бірігіп істесе, оны неше сағатта бітіреді?
8-мысал.Екі машина жиналған астықты 4 күнде басып бітіреді. Егер олардың біреуі барлық астықтың жартысын, ал одан кейін қалғанын екіншісі басатын болса, онда барлық жұмыс 9 күнде аяқталып бітеді. Барлық астықты әрбір машина неше күнде басып бітіреді?
9-мысал. Егістік жерді жеке жыртып шығу үшін бірінші тракторға екіншісіне қарағанда 1 күнге кем уақыт керек. Осы екі трактор егістік жерді 2 күн бірігіп жыртты, ал сосын егістік жердің қалған бөлігін екінші трактордың жеке өзі 0,5 күнде жыртып шықты. Жеке-жеке жұмыс істесе, тракторлардың әрқайсысы егістік жерді қанша уақытта жыртып бітіре алады?
Шешуі: 1-тәсіл.Бірінші трактор егістік жерді х күнде, ал екінші трактор у күнде жыртып бітірсін.
Бір мезгілде әртүрлі трубалармен толтырылатын бассейндер туралы мәтіндік есептер.
Жұмысқа берілген есептерге өте жиі кездесетін сұйықтарды насостармен айдау туралы мәтіндік есептерде жатады. Орындалған жұмыс үшін мұндай есептерде айдалған сұйықтың көлемін алған тиімді.
10-мысал. Бассейн екі труба арқылы 2 сағатта толтырылады. Бірінші труба жалғыз өзі екіншісіне қарағанда 3 сағат ерте толтырады. Бассейнді бірінші труба жеке өзі неше сағатта толтырады?
11-мысал. Екі труба бассейнді 6 сағатта толтырады. Бірінші трубадан екіншіге қарағанда сағатына 50% су артық ағады. Әр труба жеке-жеке алғанда бассейнді қанша сағатта толтыра алады?
12-мысал. Қуаттары әр түрлі екі насос бірлесе жұмыс істей отырып, бассейнді 4 сағатта толтырады. Бірінші насосқа бассейнді жартылай толтыру үшін екінші насосқа бассейннің бөлігін толтыруға кететін уақыттан 4 сағат артық уақыт қажет. Әр насос жеке жұмыс жасағанда бассейнді неше сағатта толтырар еді?
13-мысал. Бір бассейнде 200 м3 су бар да, ал екіншісінде 112 м3 су бар. Бассейндерді толтыру үшін крандарды ашып қойған. Егер екінші бассейнге, біріншіге қарағанда 22 м3 су артық құйылатын болса, неше сағаттан кейін екі бассейннің су мөлшері бірдей болады?