Жұмыстың негізгі мақсаты төмендегі мәселелерді жеңу арқылы ашылады


тарау. Дене шынықтыру және спорт мәдениетін басқару спецификалық белгілері



бет4/8
Дата16.06.2022
өлшемі298 Kb.
#36945
1   2   3   4   5   6   7   8
2 тарау. Дене шынықтыру және спорт мәдениетін басқару спецификалық белгілері.
Дене шынықтыру және спорт мәдениетінің дамуы көптеген мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, басқару ұйымдарының, спорт ассоциацияларының қызметімен байланысты. Бұл жағдай олардың алдарындағы тұрған мақсаттары мен басқару қызметінде ретке келтіруді, келісімділікті қажет етеді.
Сондықтан да дене шынықтыру және спорт мәдениеті менеджментінің бір саласы ретінде мамандандырылған қызметті басқару қызметін бөліп айтуымыз керек. Ол өзінің белсенділігімен, мақсаттылығымен, жаңартылған жағымен ерекшеленеді. Басқарудың әлеуметтік табиғатының көлеңкесі іспеттес.
Дене шынықтыру және спорт мәдениетін басқару өзінің болмысы және мақсаты, мазмуны мен нәтижелері, қызметінің субъектілігі және объектілігімен, сонымен қатар көрініс формаларымен ерекшеленеді.
Өзінің спецификасы бойынша басқару персоналының еңбегі жалпы қызметтің бір түрі болып саналады.
Жалпы алғанда дене шынықтыру және спорт мәдениетін басқарудың мақсатын мынандай кескінде беруімізге болады: мекмелер мен ұйымдардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы қызметтерін реттеу және олардың тиімділігін қамтамасыз ету. Өзінің әлеуметтік функциаларын (көпшілік, әуесқой спорт) ойдағыдай іске асыруға мүмкіндігі бар, жан-жақты дамыған адамдарды немесе спортты кәсіпқой деңгейде таңдағандарды тәрбиелеу.
Дене шынықтыру және спорт мәдениетін басқаруда түпкі мақсатқа жетуде мазмұны мен әлеуметтік мәні жағынан бір-біріне ұқсайтын тапсырмалардың шешуін табу қажет. Әлеуметті мәні жалпы мақсатпен қатар келіп социум дамуының экономикалық және әлеуметтік-саясаттың шарттарының ықпалымен құралады.
Мақсаты мен қызметін дене шынықтыру және спорт мәдениетінің әлеуметтік белгісі анықтайды. Бұл өз кезегінде басқарудың кешенді спецификалық қызметін тудырады:
- тәрбиелеу мен спорттық жаттығулардың ғылыми негізделген жүйесін өңдеу мен іске асыру;
- басқарудың адекватты әдістері (спорт жарыстарының жүйесі, спорт қызметінің бір қалыпқа келтірілген түрлері);
- құқық нысандарын (формаларын) өңдеу (спорттық жарыстардың ережелері, спорттық топтастыру (классификация)).
Дене шынықтыру және спорт мәдениетін басқару жүйесі осы саланың дамуы мақсатында өзінің мақсаты, мәні, қызметін сол бағытқа жұмсауға арналған.
Дене шынықтыру және спорт мәдениетін басқару өзінің табиғаты жағынан ұйымдастырушы болып келеді. Бұл – ұйымдастырушылық қызмет. Бұл аспектіде басқару – дене шынықтыру мен спорт саласындағылармен бірліктегі ұйымды құраудағы қоғамдық қажетті құрал ретінде қаралады. Ұйым, басқарудың ядросы бола тұра, тек құрылымның ғана емес, сонымен қатар негізінде басқарудың динамикалық процесі болып табылады. Спорт менеджментінің алдында тұрған тапсырмалардың сапасы мен ойдағыдай орындалуы ұйымдастырушылық жұмыс деңгейіне байланысты.
Дене шынықтыру және спорт мәдениетін басқару адамдардың, спортшылардың, жаттықтырушылардың субъективтік қызметіне әсерімен тығыз байланысты. Спорттың спецификалық ерекшелігіне спортшы қызметінің формасы жағынан физикалық, мазмұнына қарай жарыс мәндес болып келетіндігінде. Басқа да қызмет түрлері сияқты, спортты басқаруды қажет етеді. Бұл жағдайда басқарудың мақсаты спортшының жеке қызметі мен спорт дамуына ортақ мақсаттар мен тапсырмаларды бірлікте алып жүру.
Ақырында дене шынықтыру және спорт мәдениетін басқарудың ажырағысыз белгісі билік болып табылады. Бұл жерде екі моментті бөліп қарау керек. Бір жағынан басқарушыға билік өкілеттілігі беріледі. Мұндай өкілеттіліктің көлемі спорт ұжымының алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай және тиімді шешу ұжым мүшелерінің үйлесімді қызметін қамтамасыз ету үшін жеткілікті болу қажет. Екінші жағынан, басқару ұжым мүшелерінің басқарушы субъектіге бағынуын талап етеді. Бағынушылық мұндай жағдайда басқару қызметін іске асырудағы және басқару процесін ұйымдастырудағы қажетті шарттардың бірі болып табылады.
Басқару дене шынықтыру және спорт мәдениетін дамытудағы әлеуметтік қажетті элемент ретінде шынайы өмірде әр жағынан көрінеді.
Дене шынықтыру және спорт мәдениетін басқару тәжірибесінде негізгі екі түрлі форма қалыптасты:
- мемлекеттік;
- қоғамдық.
Бірінші түрі дене шынықтыру және спорт саласын қазіргі кездегі қоғамда өмір сүру, даму жағдайымен байланысты, яғни, мемлекеттік негізде құрылған.
Ал әлеуметтік (қоғамдық) басқару негізінен азаматтардың мемлекеттік емес ұйымдарын реттеуге бағытталған. Сонымен қатар кейбір мемлекеттік ұйымдардың, спорт ассоциацияларының қызметі іске асыруға бағытталған. Мұнда қоғамдық спорт ассоциациялары өздерінің міндеттері мен қызметін орындауда мемлекеттік емес жүйеге тән әдістерді қолданады. Бұндай әдістердің мәні (жақсы емес) адамдардың жүріс-тұрысына моральдық, қоғамдық және ұйымдастырушылық әсері.
Ал дене шынықтыру мен спортты басқарудың мемлекеттік түріне келетін болсақ, оның белгілі спецификалық ерекшеліктері бар. Ең бірінші басқарудың мемлекеттік формасы арқылы мемлекеттің дене шынықтыру және спортты дамытудағы қызметі беріледі. Бұл қызмет көпқырлы болып келеді, көлемінің үлкенділігімен және басқару қызметінің аумағымен ерекшелінеді.
Дене шынықтыру мен спорт мәдениетін мемлекеттік басқару бүкіл қоғам мүддесін білдіреді, ел көлеміндегі бүкіл спорттық жұмыстардың реттеуін қамтамасыз етеді. Дене шынықтыру мен спорт мәдениетін дамыту жолындағы мемлекет қызметінің күнделікті орындалуы үшін арнайы аппарат (ұйымдар жүйесі) құрылады. Олар мемлекет тарапынан қоғамдағы басқаруды іске асырады. Бұл саланың қозғалысы алдында тұрған міндеттер, осы ұйымдардың қызметінің мазмұнын анықтайды. Соңғылары азаматтардың дене шынықтыру және спортпен айналысуға жағдай жасаумен тікелей байланысты шараларды ұйымдастыру және өңдеу жұмыстарын ұйымдасытуға арналған. Сонымен қатар мұның ішіне: Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, материалдық-спорт базасын дамыту, жаттықтырушы-оқытушы мамандарын даярлау секілді шаралар да кіреді.
Дене шынықтыру мен спорт мәдениетін басқару кезінде мемлекетттік ұйымдары, қоғамдық спорт ассоциациялары және азаматтар арасында көптеген қоғамдық қатынастар туындайды. Мемлекет бұған мақсатты түрде ықпал етеді.
Жоғарыдағы қатынастардың ретке келуі мен тұрақтануы мемлекет ықпалының нәтижелері болып табылады. Дене шынықтыру мен спорт мәдениетін мемлекеттік басқарудың мақсаты дене шынықтыру мен спор мәдениетінің даму мәселелері бойынша нормативтік актілердің күнделікті орындалуы. Осындай мақсат басқару ұйымдарының бағытты факторы болып саналады.
Дене шынықтыру мен спорт мәдениетін мемлекеттік басқару заңды құқықтылыққа негізделеді. Жергілікті тұрғындар арасындағы спортжұмыстары құқықтық нормаланған – спорттың нормативтік негізі; спортжарыстарын ұйымдастыру; басқару ұйымдарының , қоғамдық спорт ассоциацияларының, азаматтардың құқықтық ережелері. Осының бірлігі дене шынықтыру мен спорт мәдениетін басқарудың заңды базасын қалыптастырады.
Дене шынықтыру мен спорт мәдениетін басқарудың негізіне орындаушылық мәндегі қызмет жатады. Басқару ұйымдары дене шынықтыру мен спорт мәдениетін дамыту жөніндегі мемлекеттік билік ұйымдарының заңдары мен нормативтік актілерді өмірге тәжірибелік енгізуді қамтамасыз етеді. Бұл жергілікті тұрғындар арасына спорт шараларын тікелей ұйымдастыру және оның белгілі бір әкімшілік-территориялық бірлікте басқару жолымен іске асырылады.
Билеушілердің көмегімен басқару ұйымдары спорт объектілерінің мазмұндық жағының жалпы дамуын және азаматтардың дене шынықтыру спорт саласындағы жүріс-тұрысын қамтамасыз етеді.
Дене шынықтыру мен спорт мәдениетін мемлекеттік басқару заңгерлік - өктемділікке ие. Дене шынықтыру мен спорт мәдениетінің заңдық-өктемдік өкілеттілікке ие басқару ұйымдары әр түрлі ұйымдастырушылық формаларда көрінеді. Ең жоғарғысы (алдағысы) дене шынықтыру мен спорт мәдениетін дамыту жөніндегі заңи қажетті акт шығарушы формасы болып табылады.
Дене шынықтыру мен спорт мәдениетін басқару ұйымдарының көріну процесінде өзінің табиғаты бойынша ұйымдастырушы, басқарушы болып келетін қоғамдық қатынастар дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет