Спорт түрлері бойынша федерациялар. Спорт түрлері бойынша федерация республикадағы берілген спорт түрі бойынша басқарушы, ерікті спорт ұйымы болып табылады. Федерация қызметі өзін-өзі басқару, заңдылық пен жариялылық, жергілікті федерация, өнеркәсіп, мекеме, оқу орындарындағы клубтар мен секциялар негізінде құрылады. Екі немесе одан да көп федерациялар ассоциациадағы ерікті бастауларға бірігуіне болады. Федерация құрамында кәсіпқой спортшылар лигасы қалыптасады.
ҰОК-тің мойындауына ие болу және сол ҰОК мүшесі болу үшін ұлттық федерация ХОК мойындаған халықаралық спорт федерациясының иелігінде болу керек және өз қызметін олимпиада хартиясына сәйкес өз халықаралық федерацияның ережелеріне сай жүргізу керек.
Спорт түрлерін дамытудағы федерацияның негізгі міндеттері мынандай:
- спорттың дансаулықты жақсартудағы ролін, тұлғаның жан-жақты және гармониялық дамуын күшейту, адамдардың салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- жоғары дәрежелі спортшыларды дайындау жүйесін жетілдіру, халықаралық жарыстарда, олимпиада ойындарында, әлем және Европа чемпионаттарында Республика командаларының, жеке спортшылардың ойдағыдай өнер көрсетулеріне жағдай жасау;
- республикада берілген спорт түрлерін үгіттеу және танымал ету;
- республикада спортты басқаруды жариялылық, қоғамдық белсенділерді, кәсіпқой жұмысшылар мен спорт жанашырларын қатыстыра отырып демократизация негізінде жүргізу;
- спортшылардың, жаттықтырушы-оқытушы құрамды және басқа да спорт мамандарының құқығы мен мүддесін әлеуметтік қорғау, спорт ардагерлеріне қамқорлық ету;
- Спорт түрлері бойынша шетел ұлттық федерациялары және халықаралық федерациялармен байланысты дамыту және нығайту;
- жергілкті тұрғындарды дене тәрбиесі мәдениеті және спорт жабдықтармен қамтамасыз ету.
Мекеме, өнеркәсіп, оқу орындарының, шаруашылық, әскери бөлімдері, спорт мектептері және басқа ұйымдардың спорт клубтарының бастапқы ұйымдары (секциялар, командалар т.с.с.) негізгі федерациялар болып саналады.
Федерацияның жоғарғы басқару ұйымы конференция болып табылады. Конференцияның делегация құрамына облыс спорт федерациясының, республикалық ЕСҚ (ДСО) және ведомств өкілдері кіреді. Жастар, туризм, спорт министрлігі, басқа ұжым федерация мүшелері (жүргізуші спорт клубтары және спорт түрлері бойынша ұйымдар), құрметті федерация мүшелері (мәжілістік дауысқа ие). «Ұйым өкілдері» - федерацияның материалды-қаржылай қамтамасыз ететіндер конференцияда мәжілістік дауысқа ие болады. Өкілдіктің құрамы мен квотасы республикадағы спорт деңгейінің дамуы және спортпен айналысушылардың объективтік саны туралы сынақ негізінде федерацияның атқарушы комитеті анықтайды.
Конференция кемінде жылына бір рет өткізіледі. Атқарушы комитеттің шешімі бойынша кезексіз конференциялар өткізіле береді. Республикалық конференцияда федерация жарлығы қабылданады және оған өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі, федерацияның басқару органдарының есебі, қаржылық есеп, бюджет жобасы, сонымен бірге осы күнгі және алдағы мәселелер қаралады.
Төрт жылда бір рет өткізілетін есеп беру сайлау конференциясында осы мерзімге федерацияның президенті, федерацияның атқарушы органдары, бақылау-ревизиялық және басқа да комиссиялар сайланады. Конференция оған сайланған делегаттардың үштен екісі қатысқан жағдайда шешім қабылдауға, мәселелерді шешуге ерікті. Шешім ашық дауысқа салумен көпшілік дауыспен қабылданады. Федерацияның республикалық органдар сайлауы жабық (құпия) дауысқа салумен өткізіледі.
Федерация атқарушы – үкім беруші органы құрамында штаттағы қызметкерлер аппараты бар бөлімдері – атқарушы комитет болып табылады. Федерация құрамында: жаттықтырушы кеңес, спорт төрешілерінің коллегасы, ардагерлер кеңесі, әр бөлімдері бойынша бақылау-ревизия және басқа да комиссиялар құралады.
Федерация мүшелігіне өту ерікті және ұжымдық, жеке және құрметті түрде болуы мүмкін. Ұжымдық мүшелер спорттың белгілі бір түрі бойынша республиканың құрама командасы, жарғыны мойындайтын және белсенді қатысатын мемлекеттік, кооперативтік және қоғамдық ұйымдар бола алады. Федерацияның жеке мүшелері жарғыны мойындайтын, федерацияның мақсаттары мен міндеттерін орындауға белсенді қатысатын жеке тұлғалар бола алады. Құрметті мүшелер: спортшылар, жаттықтырушылар, ғалымдар, журналистер және басқа да мамандар, қоғам қайраткерлері мен спорт ардагерлері бола алады. Әлбетте олар да белгілі бір спорт дамуына үлкен көмек көрсеткен.
Спорттың дамуында айрықша белсенділік көрсеткен тұлғалар мен ұйымдарға «Қазақстан Республикасы спорт федерациясының құрметті мүшесі» атағы беріледі. Сонымен қатар құрмет белгілерімен, мақтау қағаздарымен, медальдармен марапатталады және керісінше спорт федерациясының жарғысымен бекітілген қағидалар мен қалыптарды бұзғаны үшін оның мүшесі федерациядан қуылуы мүмкін.
Федерация берілген міндеттерге байланысты келесі функцияларды орындайды: республикадағы спорт түрлерінің дамуының мақсатты кешенді бағдарламаларын өңдейді және таратады; спортшылар арасында тәрбие жұмыстарын ұйымдастырады; спорт жарыстарының ережесін бекітеді; республикалық жарыстардың өткізу ережелерін және олардың орындалуын бақылайды; республика аумағында республикалық және халықаралық жарыстарды ұйымдастырады және өткізеді; құрама командалардың жаттықтырушыларын іріктейді; олардың квалификациясының өсуіне жағдай жасайды; республикада спорт түрлерін үгіттеу және танымал ету шараларын ұйымдастырады; Қазақстан Республикасы рекордтарын тіркейді және бекітеді; спорт квалификациясының талаптары мен нормаларын өңдейді; спорт жабдықтарының құрылысы мен пайдалануына қатысады; спорт жабдықтарын, киімдерін, аяқ киімдерін, реклама т.с.с. өнімдерді өндіру жұмыстарына қатысады.
Федерация ғылыми жетістіктерді оқыту-жаттықтыру тәжірибесін енгізуді, әдістемелік, анықтау-ақпараттық және басқа баспа материалдарын шығаруды; спортшылар мен жаттықтырушыларды белгіленген тәртіп бойынша көтермелеуге немесе төмендетуге береді; спортшылардың, жаттықтырушылардың және басқа да мамандардың құқықтарын әлеуметтік қорғауға жағдай жасайды; жергілікті халыққа ақылы қызмет көрсету шараларын ұйымдастырады.
Федерация республика құрама командаларының дайындығының осы кездегі және алдағы жоспарларын, шетелге шығатын спорт өкілдерінің құрамын бекітеді, делегация басшыларының есебін, республика құрама командасының мүше спортшылардың бір спорт ұйымынан басқаға ауысуын (спорт ұйымдарының сұранысы бойынша) қарайды және шешеді, әрине кәсіпқой спорт саласында. Федерация сонымен қатар белгілі бір спорт түрі бойынша шарт бойынша шетелге спортшылар, жаттықтырушылар және басқа да мамандарды іріктейді, олардың коммерциялық және рекламаға қатысуларына ықпал етеді.