Жұмыстың негізгі мақсаты төмендегі мәселелерді жеңу арқылы ашылады


Спорт түрлері бойынша федерациялар



бет3/8
Дата16.06.2022
өлшемі298 Kb.
#36945
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
менеджемнт

Спорт түрлері бойынша федерациялар.
Спорт түрлері бойынша федерация республикадағы берілген спорт түрі бойынша басқарушы, ерікті спорт ұйымы болып табылады. Федерация қызметі өзін-өзі басқару, заңдылық пен жариялылық, жергілікті федерация, өнеркәсіп, мекеме, оқу орындарындағы клубтар мен секциялар негізінде құрылады. Екі немесе одан да көп федерациялар ассоциациадағы ерікті бастауларға бірігуіне болады. Федерация құрамында кәсіпқой спортшылар лигасы қалыптасады.
ҰОК-тің мойындауына ие болу және сол ҰОК мүшесі болу үшін ұлттық федерация ХОК мойындаған халықаралық спорт федерациясының иелігінде болу керек және өз қызметін олимпиада хартиясына сәйкес өз халықаралық федерацияның ережелеріне сай жүргізу керек.
Спорт түрлерін дамытудағы федерацияның негізгі міндеттері мынандай:
- спорттың дансаулықты жақсартудағы ролін, тұлғаның жан-жақты және гармониялық дамуын күшейту, адамдардың салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- жоғары дәрежелі спортшыларды дайындау жүйесін жетілдіру, халықаралық жарыстарда, олимпиада ойындарында, әлем және Европа чемпионаттарында Республика командаларының, жеке спортшылардың ойдағыдай өнер көрсетулеріне жағдай жасау;
- республикада берілген спорт түрлерін үгіттеу және танымал ету;
- республикада спортты басқаруды жариялылық, қоғамдық белсенділерді, кәсіпқой жұмысшылар мен спорт жанашырларын қатыстыра отырып демократизация негізінде жүргізу;
- спортшылардың, жаттықтырушы-оқытушы құрамды және басқа да спорт мамандарының құқығы мен мүддесін әлеуметтік қорғау, спорт ардагерлеріне қамқорлық ету;
- Спорт түрлері бойынша шетел ұлттық федерациялары және халықаралық федерациялармен байланысты дамыту және нығайту;
- жергілкті тұрғындарды дене тәрбиесі мәдениеті және спорт жабдықтармен қамтамасыз ету.
Мекеме, өнеркәсіп, оқу орындарының, шаруашылық, әскери бөлімдері, спорт мектептері және басқа ұйымдардың спорт клубтарының бастапқы ұйымдары (секциялар, командалар т.с.с.) негізгі федерациялар болып саналады.
Федерацияның жоғарғы басқару ұйымы конференция болып табылады. Конференцияның делегация құрамына облыс спорт федерациясының, республикалық ЕСҚ (ДСО) және ведомств өкілдері кіреді. Жастар, туризм, спорт министрлігі, басқа ұжым федерация мүшелері (жүргізуші спорт клубтары және спорт түрлері бойынша ұйымдар), құрметті федерация мүшелері (мәжілістік дауысқа ие). «Ұйым өкілдері» - федерацияның материалды-қаржылай қамтамасыз ететіндер конференцияда мәжілістік дауысқа ие болады. Өкілдіктің құрамы мен квотасы республикадағы спорт деңгейінің дамуы және спортпен айналысушылардың объективтік саны туралы сынақ негізінде федерацияның атқарушы комитеті анықтайды.
Конференция кемінде жылына бір рет өткізіледі. Атқарушы комитеттің шешімі бойынша кезексіз конференциялар өткізіле береді. Республикалық конференцияда федерация жарлығы қабылданады және оған өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі, федерацияның басқару органдарының есебі, қаржылық есеп, бюджет жобасы, сонымен бірге осы күнгі және алдағы мәселелер қаралады.
Төрт жылда бір рет өткізілетін есеп беру сайлау конференциясында осы мерзімге федерацияның президенті, федерацияның атқарушы органдары, бақылау-ревизиялық және басқа да комиссиялар сайланады. Конференция оған сайланған делегаттардың үштен екісі қатысқан жағдайда шешім қабылдауға, мәселелерді шешуге ерікті. Шешім ашық дауысқа салумен көпшілік дауыспен қабылданады. Федерацияның республикалық органдар сайлауы жабық (құпия) дауысқа салумен өткізіледі.
Федерация атқарушы – үкім беруші органы құрамында штаттағы қызметкерлер аппараты бар бөлімдері – атқарушы комитет болып табылады. Федерация құрамында: жаттықтырушы кеңес, спорт төрешілерінің коллегасы, ардагерлер кеңесі, әр бөлімдері бойынша бақылау-ревизия және басқа да комиссиялар құралады.
Федерация мүшелігіне өту ерікті және ұжымдық, жеке және құрметті түрде болуы мүмкін. Ұжымдық мүшелер спорттың белгілі бір түрі бойынша республиканың құрама командасы, жарғыны мойындайтын және белсенді қатысатын мемлекеттік, кооперативтік және қоғамдық ұйымдар бола алады. Федерацияның жеке мүшелері жарғыны мойындайтын, федерацияның мақсаттары мен міндеттерін орындауға белсенді қатысатын жеке тұлғалар бола алады. Құрметті мүшелер: спортшылар, жаттықтырушылар, ғалымдар, журналистер және басқа да мамандар, қоғам қайраткерлері мен спорт ардагерлері бола алады. Әлбетте олар да белгілі бір спорт дамуына үлкен көмек көрсеткен.
Спорттың дамуында айрықша белсенділік көрсеткен тұлғалар мен ұйымдарға «Қазақстан Республикасы спорт федерациясының құрметті мүшесі» атағы беріледі. Сонымен қатар құрмет белгілерімен, мақтау қағаздарымен, медальдармен марапатталады және керісінше спорт федерациясының жарғысымен бекітілген қағидалар мен қалыптарды бұзғаны үшін оның мүшесі федерациядан қуылуы мүмкін.
Федерация берілген міндеттерге байланысты келесі функцияларды орындайды: республикадағы спорт түрлерінің дамуының мақсатты кешенді бағдарламаларын өңдейді және таратады; спортшылар арасында тәрбие жұмыстарын ұйымдастырады; спорт жарыстарының ережесін бекітеді; республикалық жарыстардың өткізу ережелерін және олардың орындалуын бақылайды; республика аумағында республикалық және халықаралық жарыстарды ұйымдастырады және өткізеді; құрама командалардың жаттықтырушыларын іріктейді; олардың квалификациясының өсуіне жағдай жасайды; республикада спорт түрлерін үгіттеу және танымал ету шараларын ұйымдастырады; Қазақстан Республикасы рекордтарын тіркейді және бекітеді; спорт квалификациясының талаптары мен нормаларын өңдейді; спорт жабдықтарының құрылысы мен пайдалануына қатысады; спорт жабдықтарын, киімдерін, аяқ киімдерін, реклама т.с.с. өнімдерді өндіру жұмыстарына қатысады.
Федерация ғылыми жетістіктерді оқыту-жаттықтыру тәжірибесін енгізуді, әдістемелік, анықтау-ақпараттық және басқа баспа материалдарын шығаруды; спортшылар мен жаттықтырушыларды белгіленген тәртіп бойынша көтермелеуге немесе төмендетуге береді; спортшылардың, жаттықтырушылардың және басқа да мамандардың құқықтарын әлеуметтік қорғауға жағдай жасайды; жергілікті халыққа ақылы қызмет көрсету шараларын ұйымдастырады.
Федерация республика құрама командаларының дайындығының осы кездегі және алдағы жоспарларын, шетелге шығатын спорт өкілдерінің құрамын бекітеді, делегация басшыларының есебін, республика құрама командасының мүше спортшылардың бір спорт ұйымынан басқаға ауысуын (спорт ұйымдарының сұранысы бойынша) қарайды және шешеді, әрине кәсіпқой спорт саласында. Федерация сонымен қатар белгілі бір спорт түрі бойынша шарт бойынша шетелге спортшылар, жаттықтырушылар және басқа да мамандарды іріктейді, олардың коммерциялық және рекламаға қатысуларына ықпал етеді.


6 дәріс. Мемлекеттік басқарудың жеке бір саласы ретінде дене шынықтыру және спорт мәдениетін басқарудағы ерекшеліктерге талдау (анализ) жасау
Басқару теориясы мен мемлекеттік тәжірибенің құрылыс жүйесінің негізіне дамудың танымал объктивтік факторлары жатады. Басқару механизміндегі салалық мамандандырудың материалдық базасы - өндіріс мамандығы мен қоғам өмірінің басқа да салалары болып табылады. Бұл ақырында осыған лайықты салалардың ұйымдастыру-құқықтық жағынан жабдықталуын алдын-ала анықтайды. Осы тұрғыдан дене шынықтыру және спорт мәдениетін басқару аппаратындағы салалық мамандандырудың материалдық негізін құраушы саласы деп айтуға негіз бар. Дене шынықтыру және спорт мәдениеті ұйымдастырушылық-техникалық аспектіде жергілікті тұрғындарға дене шынықтыру тәрбиесі мен спортшылар арасында оқу-дайындық жұмысымен қамтамасыздандыратын мамандандырылған мекемелер жиынтығы болып табылады. Сонымен бірге осы салаға сәйкес басқа да объект кластары (спорт мектептері, спорт-ойын сауықтық мекемелер). Соңғылары ішкі құрылымы мен сыртқы нысаны (формасы) бар және құқықтық тіркелген әлеуметтік басқарулы объект болып табылады, яғни, дене тәрбиесі мен спорт мәдениеті арнайы мекемелер мен ұйымдарда институттандырылған.
Дене тәрбиесі мен спорт мәдениетінің өзінің материалды-техникалық базаландырылған (спорт залдары, бассейн, мекемелер т.б.), спорт құрылыстарының құрылысы ұйымдастырылған және оларды спортта керек құралдарын (жарақтарын) өндірістік өндіріс, жабдықтар, киім, аяқ киім және спортпен шұғылдануға арналған басқа да заттарды пайдалану тәртібі құрылған.
Дене тәрбиесі мен спорт мәдениеті саласының спецификасы мұндағы оқу-дайындық процесі, дене тәрбиесін ұйымдастырудың даралығымен ерекшеліктенетіндігімен, жас ерекшелігіне байланысты құралатындығы, олардың денсаулығының және дайындық деңгейінің шамасына байланыстылығымен көрінеді.
Барлық салаға бірдей жаттықтырушы-оқытушылық қызметтің негізгі формалары мен әдістері белгіленген (жаттықтыру әдістерін жинақтау, білім беру, білімді тексеру, қозғалыс машықтары және т.б.). Сонымен қатар дене шынықтыру тәрбиесін ұйымдастыру процесі өз негізінде мемлекет тарапынан ретке келтіріліп отырады: азаматтардың бөлек категорияларын дене тәрбиесіне дайындауға мемлекеттік бағдарламалар бекітілген. Нормативтік негіздер құрылған (мысалы, жалпыға бірдей спорттық топтастыру жүйесі және т.б.), спорт ұйымдарының шығармашылығы, қызметі анықталған (мысалы, балалар-жасөспірімдер спорт мектептері және т.б.). Осының барлығы дене тәрбиесі мен спорт мәдениеті саласында «технологиялық» процестердің бірлігін қамтамасыз етеді.
Дене шынықтыру мен спорт мәдениеті саласы кадрлар құрамының кәсіпқойлығымен ерекшеленеді. Дене шынықтыру мәдениетінің мамандары дене шынықтыру және спорт мәдениеті саласындағы оларға тән кәсіптік қызметінің бірегейлігімен (кәсіби, мамандығы, квалификациясы) ерекшеленеді.
Мамандарды дайындау жоғарғы және орта дене тәрбиесі оқу орындарының тарабы (сеть) арқылы, ал ғылыми мамандарды дайындау соған лайық оқу орындарымен ғылыми-зерттеу мекемелерінде іске асырылады. Дене шынықтыру және спорт мәдениетінің мамандарының еңбектерін ғылыми ұйымдастыру ұйымдастырушылық-құқықтық мәндегі шаралардың бүкіл жүйесінің көмегі арқылы қамтамасыздандырылады, басқару ұйымдарына түсушілерге және мекемелер мен ұйымдарға осы саладағы мамандарға талаптарды орнату, еңбекті регламентациялау, оның созылу уақыты мен оның функциясының көлемі бойынша (педагогикалық жүктеменің көлемі, оқу-жаттықтыру жұмыстарының күн тәртібі және т.б.), ортақ еңбек процесін басқару, квалификацияны жоғарлату нысандарын анықтау.
Дене шынықтыру мен спорт мәдениеті саласында дене тәрбиесі мен спорттық жаттықтыру мәселелеріне байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстары ұйымдастырылған, жоғарыда аталып кеткен сала бойынша үгіттеу жұмыстары кең түрде жүргізіледі, өзінің жеке қаржы базасы бар және т.б.
Осының барлығы – дене шынықтыру мен спорт мәдениетінің басқарудың арнай ұйымдар жүйесін анықтайтын жеке сала екенін дәлелдеудің ажырағысыз компоненті.
Өзінің әлеуметтік мәні бойынша дене шынықтыру және спорт мәдениеті әлеуметтік-мәдени құрылыс жүйесіне жатады, осы жүйе ішіндеге мамандықтық нақты бір түрі ретінде қызмет жасайды. Дене шынықтыру және спорт мәдениеті бір-бірімен органикалық байланысты бірқатар әлеуметтік функцияны орындай келе, бірлігі арқылы, сапалы жаңа, жеке әлеуметтік-мәдени сала құрайды. Олардың дамуын қоғам ылғида қалаған және қалайды да. Заң шығарушылық арқылы осы саланы басқаруды мемлекеттік қамтамасыздандыру мәселелері анықталады.

7 дәріс. ДШ мен спорт еңбек ресурстары
1. Бюджеттік кәсіпорын мен ұйымдардың жұмыскерлерінің жалақысы.
2. Дене мәдениеті мен спорт жұмыскерлерінің жалақысы.
3. Жаңа нарық жағдайында жалақыны қалыптастыру.
«СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ» САЛАСЫНДА ЕҢБЕКПЕН, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
«Спорт, дене тәрбиесі» саласындағы еңбек арнаулы еңбек құралдарының көмегімен жүзеге асырылатын қызметкерлердің әр түрлі әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге бағытталған бірлескен жоспарлы қызметі болып табылады. Сала қызметкерлері еңбегінің ерекшеліктері бар: Біріншіден, ол басым педагогикалық сипатқа ие. Өйткені, ол спорт түрлерімен, дене шынықтыру жаттығуларымен айналысушыларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған.
Екіншіден, ол регламент жасауға, нормалауға көне бермейді, спорттық-бұқаралық шараларды ұйымдастырып, жүргізүге, оқу-жаттығу процесін жақсартуға бағытталған дербес шешімдер қабылдау қажеттілігіне байланысты.
Үшіншіден, саладағы әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетулер оларды тұтыну, пайдалану уақытымен сәйкес келеді, сондықтан дене шынықтыру қызметкерлері еңбегінің көптеген басқа салалардағы еңбек қызметінен ерекшелігі оларды іс-қимыл әрекеттерінен бөліп алуға болмайды.
Төртіншіден, спорт және дене тәрбиесі қызметкерлері еңбегінің нәтижелері әр түрлі болады. Сонымен оқытушылардың, жаттықтырушылардың, нұсқаушы-әдістемешілдердің және бірқатар басқа категориядағы қызметкерлердің еңбегінің нәтижесі материальдық-заттық формаға ие емес, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету түрінде болады. Бұдан спорттық құрал-жабдық жасаумен, жөндеумен айналысатындар еңбегінің ерекшелігі материалдық-заттық формаға ие.
Өздерінің қызмет түрлері бойынша спорт және дене тәрбиесі қызметкерлері үш топқа бірігуі мүмкін:
Қызметкерлердің бірінші тобы дене шынықтыру мамандары мен спортшыларды даярлауға тікелей қатыса алады. Бұл топқа дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары, жаттықтырушылар, инструктор-әдістемешілер т.б. жатады.
Сала қызметкерлерінің екінші тобы дене шынықтыру мамандары мен спортшыларды даярлау үшін жағдайлар жасауға қатысады. Бұл топқа клубтарға, спорттық мектептерге, дене шынықтыру-спорттық ғимараттарға, оқу-жаттығу базаларына қызмет ететін қызметкерлер, жұмысшылар мамандар, инженер-техниктер кіреді.
Үшінші топ, бұл кәсіби спортшылар тобы. Олар халыққа ойын-сауық қызметін көрсете алады.
«Спорт және дене шынықтыру» саласы үшін кадрлар даярлау.
Салалық еңбек рыногындағы қызметкерлер құрамы орта және жоғары кәсіби білім жүйесінің, сондай-ақ кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесінің көмегімен тұрақты түрде толықтырылады және жаңаланып отырады.
«Спорт және дене тәрбиесі» саласындағы жұмыссыздық және еңбек рыногы.
Жұмыссыздық күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс болып табылады, жұмыссыздық кезінде халықтың еңбекке қабілетті бөлігі өзіне жұмыс таба алмай, еңбек резерві армиясын толықтырады.
Сонымен қатар дүние жүзінің әр түрлі елдерінің мамандары «спорт және дене тәрбиесі» саласы жұмыссыздық феноменынан сау емес екенін атап көрсетеді. Шет елдегі жоғарғы оқу орындарын бітірушілер дене шынықтыру мамандығын алып, өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмайды. Бұл жағдайда олар тұрмыс тауқыметтерімен бетпе-бет келеді: а) коммерциялық емес (коммерциялық) дене тәрбиесі – спорт ұйымдарынан жұмыс іздестіреді; б) «Қызықсыздау аймақ» (жартылай жария емес еңбек қызметі зонасы) табалдырығын аттайды; немесе в) өзінің жеке ісін ұйымдастыруға кіріседі.
Спорт және дене тәрбиесі қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастырудың экономикалық аспектілері (жақтары).
Дене тәрбиесі-спорт ұйымдары қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру қызметкерлерді белгілі бір жүйеге біріктіру жолымен алға қойылған мақсатқа жету бағытын тәртіптеу тәсілін білдіреді. Еңбекті ұйымдастыру басқару сияқты экономикалық құралдарды да пайдалануды білдіреді. Соңғылардың арасында еңбекке, ақы төлеуді, жоспарлаудың, нормалаудың және ұйымдастырудың көмегімен еңбек шараларын белгілеу аса зор маңызға ие.
Дене тәрбиесі және спорт қызметкерлерінің еңбегін нормалау негіздері.
Еңбекті нормалау белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайларда өнім бірлігін шығаруға немесе тапсырылған жұмыс көлемін орындауға қажетті еңбек шығындарының мөлшерін белгілеуді білдіреді.
«Спорт және дене тәрбиесі» саласындағы еңбектің ерекшеліктері мұндағы қызметкерлердің еңбегін нормалаудың бастапқы базасы жұмыс уақыты ұзақтығының себебі болып табылады. Еңбекті нормалаудың тікелей мақсаты белгіленген жұмыс уақыты ұзақтығының шеңберінде еңбектің бірқалыпты интенсивтілігінің қоғамдық қажеттілігін, басқа сөзбен айтқанда, жұмыста еңбекшілердің денсаулығына зиян келтірместен жоғары тиімділікке қол жеткізу кезінде мұндай еңбек жүктемесін (нагрузка) қамтамасыз ету болып табылады.
«Спорт, дене тәрбиесі» саласы қызметкерлерінің еңбегін нормалау кезінде көрсетілетін «таза» қызметтер және басқа да нормативтер пайдаланылады. Мәселен, спорт мектептері жатттықтырушыларының апталық жұмыс уақыты шын мәнісінде екі бөліктен тұрады: аптадағы 24 жұмыс сағаты оқу-жаттығу жұмысын тікелей жүргізуді көздейді, ал калған жұмыс уақыты (16сағаи) ұйымдық, әдістемелік және басқа жұмысқа араналған.
Жаттықтырушылардың еңбегін нормалау тек мұнымен шектелмейді және басқа да аспектілері бар: Біріншіден, шұғылданушылардың спорттық біліктігінің артуына қарай олармен бірге оқу-жаттығу жұмысының көлемі де тұрақты түрде ұлғаяды. Сонымен егер жаттықтырушы спорттық-сауықтыру топтарындағы шұғылданушылармен аптасына 6сағат, ал алғашқы дайындық топтарындағы бір жылдан астам шұғылданушылармен аптасына 9 сағат жұмыс істеуге тиіс және басқалар.
Екіншіден, спорттық біліктіліктің артуына қарай шұғылданушы топтарының сандық құрамы тұрақты түрде төмендеп отырады: егер спорттық-сауықтыру топтарында ең кем дегенде 15 адам болса, ал алғашқы дайындық топтарында екінші және кейінгі оқу жылдарында 14 адам болады т.б.
Спорт және дене тәрбиесі қызметкерлерінің еңбегін материальдық ынталандыру.
Еңбекті материалдық ынталандыру өндірісті дамыту және оның тиімділігін арттыру үшін қызметкерлердің экономикалық мүдделігінің жәрдемімен, бөлініс механизмі шеңберіндегі нақты шаралардың жүйесі болып табылады.
Еңбекті материалдық ынталандыру бірінші кезекте жалақы, сыйлық беру жүйесі т.б. арқылы іске асырылады.
Еңбек ақы еңбегі үшін қызметкердің жұмыс берушіден алған табысы дегенді білдіреді. Жалақы еңбектің сапасы мен санына тікелей байланысты болуға тиіс.
Еңбекке ақы төлеуді анықтайтын нәрсе қызметкерлердің біліктілігі – оның белгілі бір күрделі жұмысты орындау қабілеттілігі болып табылады. Қызметкердің біліктілігінің деңгейі үш фактормен: жалпы білімімен, арнаулы (кәсіби) дайындығымен және өндірістік тәжірибесімен (практикалық жұмыс стажымен) анықталады.
Жалақы номинальды және нақты жалақы болып ерекшеленеді.
Номинальды жалақы есептелген сомаға, яғни атқарылған жұмыс үшін қызметке есептелген сомаға және төленген сомаға, яғни қызметкер салықтан және заңды белгіленген ұстаудан қалған ақша сомасына бөлінеді.
Нақты жалақы, бұл көрсетілген қызмет пен игіліктер сомасы, қызметтерге товар мен қызметтерге бөлшек сауда бағасы деңгейінде төленген жалақы болуы мүмкін.
Жалақы екіге: кесімді және мерзімді ақы болып бөлінеді.
Келісімді жалақы, бұл ақшалай сый ақы, мұны қызметкер белгілі бір уақыт ішінде өндірілген өнім (атқарылған жұмыс) көлеміне қарай алады.
Мерзімді ақы, қызметкердің істеген уақытына және біліктілігіне байланысты алатын ақшалай сыйақысы. Ол жай мерзімді және мерзімді-сыйақы болып бөлінеді. Жай мерзімді ақы істеген уақытын сағатқа, күнге, айға бөліп есептеу әдісіне байланысты. Ал мерзімді-сыйақы айлығы тарифті уақыт ставкілері бойынша алынатын ақша сомасымен атқарылған көрсеткіштеріне жұмыстың саны мен сапасына сәйкес берілетін сыйақымен белгіленеді.
Енді бюджеттік дене тәрбиесі-спорттық ұйымдар қызметкерлері еңбегіне ақы төлеу түрлерін қарастырып көрелік:
1) Біріңғай тарифтік сетка (кесте) бойынша;
2) Жұмыс істеуші үшін нормативтер;
3) білікті спортшы-оқушы дайындауға арналған нормативтер.
Жалақыға қосымша ақы, бұл ақшалай сома, бұл ақы еңбек жағдайларының ауытқуына байланысты барынша қиын жұмыстарды атқарғаны үшін, олардың тікелей міндетіне кірмейтін қосымша функцияларды орындағаны үшін, сондай-ақ қызметкердің кінәсынан емес оның жалақысының мөлшері төмендеген жағдайда оның белгілі бір бөлінін сақтап қалу үшін қызметкерлерге компенсиялар ретінде төленеді.
Сыйлық беру қызметкерлердің алып жүрген жалақы сомаларынан тыс төлемдерден тұрады, ол қол жеткізген нәтижелерді және еңбек өнімділігін одан әрі арттыру, өнімнің сапасын экономикалық ресурстарды жақсарту мақсатында беріледі т.б.

8 дәріс. Халықаралық спорттық қозғалысты ұйымдастыру

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТТЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ.


Нарық қатнастары жағдайларында дене шынықтыру мен спортты қаржыландырудыңкөзін екі негізгі топқа – бюджеттік және бюджеттен тыс топқа біріктіруіміз мүмкін.
Бюджеттік қаржыландыру, бұл мемлекеттік бюджеттен кәсіпорындарға олардың шығындарын толықтай немесе ішінара жабу үшін өтеусіз тәртіппен қаржы беру.
Қазақстанда қолданылып жүрген бюджеттік классификациялауды талдау негізінде дене шынықтыру мен спортты бюджеттік қаржыландырудың құрылымы мен маңызы.
Бюджеттік классификациялау Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің барлық деңгейі бюджеттерінің кірістері мен шығыстарын топтастыру болып табылады, сондай-ақ бұл бюджеттердің дефициттерін қаржыландыру көздері бюджет жобаларын жасау және барлық деңгейдегі бюджеттерді орындау кезінде қолданылады, Қазақстан бюджет жүйесінің барлық деңгейі бюджеттерінің көрсеткіштерін салыстыруды қамтамасыз етеді.
ҚР-сының бюджетін классификациялаудың құрамына: кірістерді классификациялау; шығыстарды функциональды, ведомстволық және экономикалық классификациялау; дефициттердің ішкі және сыртқы қаржыландыру көздерін классификациялау; Қазақстан субъектілерінің және Қазақстанның мемлекеттік ішкі және сыртқы борыш түрлерін классификациялау.
Қазақстан бюджетінің шығысын функциональды классификациялау бюджет қаржыларының мемлекеттік негізгі қызметін орындауға бағыттауды көрсетеді және бірнеше деңгейде жүзеге асырылады:
1. Кірісті функциональды классификациялау бюджет қаржыларын мемлекеттік қызметті орындауға жұмсауды анықтап беретін бөлімдермен берілген.
2. Шығысты функциональды классификациялау бөлімдер шеңберінде бюджет қаржыларын мемлекеттік қызмет түрлерін атқаруға бағыттауды нақтылай түсетін бөлімшелер болып табылады.
3. Шығысты функциональды классификациялау бөлімшелер шеңберінде бюджет қаржыларын бөлушілердің қызметін нақты бағыттар бойынша бюджеттік шығыстарды қаржыландыруды көрсететін тұтас баптарды түзеді (құрайды).
Дене шынықтыру мен спортты бюджеттік қаржыландыру тәжірибесін талдау ол бюджет шығысын функциональды классификациялаудың басқа бөлімдері арқылы - «Ұлттық қорғаныс», «Білім», «Әлеуметтік саясат» және басқалары арқылы іске асырылатындығын көрсетеді. Сондай-ақ саланы қаржыландыру үшін Президентпен үкіметтің резервті қорлары да кей-кейде пайдаланылады.
Қазақстан бюджетінің шығыстарын ведомстволық классификациялау қаржы ресурстарын адрестік бөлуді қамтамасыз етуге арналған және бюджеттік қаржыны басты қаржы бөлушілер бойынша бөлуді көрсетеді.
Қазақстан бюджетінің шығыстарын экономикалық классификациялау қаржы операциялары түрлерін көрсетеді, бұлардың көмегімен мемлекет өз қызметін орындайды және ол мынадай маңызды кіріс категорияларынан тұрады.
Ағымдағы шығыстар, бұлар мемлекеттік билік органдарының, жергілікті басқару органдарының, бюджеттік ұйымдардың қызметін қамтамасыз ететін бюджет шығыстарының бір бөлігі болып табылады, сондай-ақ бұлар экономиканың жекелеген салаларына, басқа деңгейлердегі бюджеттерге мемлекеттік қолдау көрсетуді де қамтамасыз етеді. Әрине, бұл көмек ағымдағы қаржыландыруға дотациялар, субсидиялар және субвенциялар түрінде болады.
Күрделі шығындар, бұлар инновациялық және инвестициялық қызметті қамтамасыз ететін бюджеттік шығыстардың бір бөлігі.
Дене шынықтыру мен спортты бюджеттен тыс қаржыландыру әр түрлі көздердің есебінен, атап айтқанда, дене шынықтыру-спорт ұйымдарының кәсіпкерлік қызметінен түскен табыстар, дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесетін әр түрлі бюджеттен тыс қорлардан, демеушілерден, спорттық лотореялардан түскен қаржылардың есебінен, сондай-ақ заңмен тиым салынбаған басқа да табыстар есебінен іске асырылады.
Дене шынықтыру мен спортты қаржыландырудың бюджеттен тыс қайнар көздері арасында салық және өзге де жеңілдіктер айрықша орын алады.
«Дене шынықтыру және спорт» саласына қосымша қаржы тарту, оның көрсететін қызметінің көлемін кеңейтуді ынталандыру, материальдық-техникалық базаны нығайту мақсатымен ҚР-сының заңымен белгілі бір салық және өзге де жеңілдіктер белгіленген. Қазіргі кезде дене шынықтыру мен спорт ұйымдарының негізгі салық жеңілдіктеріне мыналар жатқызылады:
1. Дене шынықтыру мен спорт, туризм, спорттық-сауықтыру бағытындағы мекемелер және дене шынықтыру-спорттық ғимараттар қаржыландыру көздеріне қарамастан жер салығын төлеуден толық босатылады.
2. Коммерциялық емес дене шынықтыру мен спорттық ұйымдарға кіру және мүшелік жарнаға мақсатты аударылған ақша, ерікті ақшалай көмек түріндегі қаржыға және пайда ретінде қарастырылмайтын негізгі жарғылық қызметті жүзеге асыруға арналған қаржыға пайда салығы салынбайды.
3.Дене шынықтыру-спорттық ұйымға қана емес, кез келген ұйымға, оның ұйымдық-құқықтық формасына қарамастан тапқан пайдасына салынатын салық сомасы дене шынықтыру мен спорттық ұйымдарды ұстауға байланысты жұмсалатын шығындар мөлшеріне кемітілуі мүмкін
4. Дене шынықтыру мен спорттық ұйымдарға демеушілік көрсететін кәсіпорындардың тапқан пайдасына салынатын салық салық салынатын базаның 3 пайызынан көп емес мөлшерде көрсетілетін көмек сомасына азайтылады.
5. Төмендегі операцияларға дене шынықтыру-спорттық ұйымдардың жүргізілетін спорттық ойын-сауық шараларына кіретін билеттерін өткізуге, сондай-ақ жоғарыда атап көрсетілген шараларды өткізу үшін спорттық ғимараттарды жалға беру қызметіне, үйірмелерде, секцияларда және басқаларда жасы кәмілетке толмаған балалармен сабақтар жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметке қосылған құн салығы (НДС) салынбайды.
6. Қазақстан Республикасының заңнамасымен дене шынықтыру және спорт және өзге де ұйымдар үшін қана емес, жеке тұлғалар үшін де жеңілдіктер белгіленген.

ШЕТ ЕЛДЕРДЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТТЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ.


Европа кеңесінің спортты дамыту жөніндегі комитетінің тапсырысымен француз мамандары XX ғасырдың 90-жылдарында бірқатар Европа елдерінде дене шынықтыру мен спортты қаржыландырудың көздерін кешенді зерттеу жұмыстарын жүзеге асырды.
Европа елдерінде дене шынықтыру мен спортты қаржыландырудың (олардың ұлттық экономикасы мен басқару жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты) бағыттары мен жағдайлары жайында мынадай жалпы қорытындылар жасауға болады:
1. Дамыған нарық экономикасы жағдайындағы дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру ісіндегі анағурлым елеулі үлес халықтың тұтынуына сәйкес келеді.
2.Европа елдерінің басым бөлігінде дене шынықтыру мен спортты қаржыландырудың маңыздылығы жағынан екінші қаржы көзі жергілікті бюджеттер болып табылады, бұлар осы саланың қызметі мен дамуына мемлекеттік бюджетке қарағанда едәуір мол қаржы бөліп отырады.
3. Мемлекеттік бюджет дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру көздерінің арасында үшінші орын алады.
4. Фирмалар дене шынықтыру мен спортты қаржыландырудың елеулі көздерінің бірі болып табылады.
Сонымен дене шынықтыру мен спортты қаржыландыруда жекелеген қаржы көздері мемлекеттік қаржыландырудан басым болып отыр. Сондықтан негізгі қорытындылар мен бірге бірқатар жекелеген қорытындылар да жасалған:
1. Европа елдерінің көпшілігіндегі халықтың дене шынықтыру мен спортқа жұмсап отырған жалпы қаржысындағы спорт тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының үлесі әр түрлі дене шынықтыру-спорт қызметін тұтынуға жұмсаған шығындарынан басым болып отыр.
2. «Дене шынықтыру мен спорт» саласындағы қаржыландырудың негізгі объектілері ретінде әр алуан дене шынықтыру және спорт ұйымдарын – спорт түрлері бойынша федерацияларды, әсіресе спорт клубтарын атауға болады. Қаржы алушылардың маңыздылығы жағынан, екіншілері спорттық құрылыстар содан кейін дене шынықтыру-спорт шаралары болып табылады.
3. Европа елдерінің көпшілігінде дене шынықтыру мен спорт ұйымдарындағы қоғамдық негіздегі жұмыс маңызды материальдық ресурс болып табылады, оларды ақша сомасына аударғанда мемлекеттік бюджеттен дене шынықтыру мен спортты дамытуға бөлінген қаржы-қаражаттарға әрқашан да парапар келеді.
Дене шынықтыру мен спортты муниципальды деңгейде қаржыландырудың ерекшеліктері.
Шетелдерде дене шынықтыру мен спортты қаржыландырудың ең маңызды көздерінің бірі жергілікті бюджеттер болып табылады. Жергілікті бюджеттен дене шынықтыру мен спортты қаржыландырудың негізгі ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуымыз мүмкін:
1. Муниципалиттер дене шынықтыру мен спортқа тікелей және жанама түрде жүйелі әр алуан көмек көрсетіп отырады;
2. Елдің әр түрлі аймағында департаменттерінде, коммуналарында тікелей қаржы көмегі көлемінің елеулі түрде шашыраңқылы байқалады.
3. Дамыған нарықтық экономикасы бар көптеген басқа елдерден ерекшелігі Францияда кез келген клуб тиісінше қаланың, департаменттің, аймақтың клубы болып табылады.
4.Муниципалитеттер бюджет жөніндегі өз шешімдерін рационализа-циялау, жергілікті қауымдастық өмірінің әр түрлі саласын дамытуға қоғамдық қаржыларды тиімді пайдалануды молайту проблемасымен үнемі бетпе-бет келеді.
5. Франция муниципалитеттері жасасқан (келісім) шарттары негізінде дене шынықтыру мен спорт ұйымдарына көбіне тікелей қаржылай және жанама түрде көмек көрсетеді.
Келісім шарт қатынастары төмендегідей негізгі принциптерге (қағидаттарға): шын мәніндегі әріптестік қатынас принципіне кепілдемелік принципке; парасаттылық пен тиімділік принципіне; араласпау принципіне сүйенеді.
Муниципалитеттер мен дене шынықтыру-спорт ұйымдары арасындағы өзара қатынастар тәжірибесінде келісім шарттың екі түрі (формасы) – негізгі және өзгеше түрі қолданылады.
Негізгі келісім шарт принциптердің жиынтығына сүйенеді, бұл принциптер дене шынықтыру-спорт ұйымдары мен коммуналар арасында неғұрлым «ашық» қатынастар жасауға жәрдемдеседі. Келісім шарт бірнеше жасалады және оған жыл сайын түзетулер енгізіледі.
Өзгеше келісім шарттар алуан түрде: қаражат келісім шарттары; спорт ғимараттары мен спорт құралдарын беру туралы шарттар; персонал бойынша шарттар пайдаланылады.
Жалпы критерийлер (өлшемдер) дене шынықтыру-спорт ұйымдарының өзгешеліктерін ескеріле отырып нақтыланады.
Спорттың командалық түрін таратуға жәрдемдесетін клубтарды қаржыландыру бес өлшемге (критерийге): 1. орынға (жергілікті және ұлттық масштабта (аумақта) клубтың өзінің және спорттың нақты түрінің маңыздылығына қарай); 2. өзгермелі рейтингке (клубтың басқа клубтардың арасындағы жағдайына); 3. ойыншыларға (спорттың командалық түріндегі спорттың нақты түрі шеңберіндегі өзгерістерге байланысты ойыншыларға деген қажеттілікке); 4. жетістіктерге жету қиыншылықтарына (спорттың әр түрлі командалық түрлері бойынша клубтарының пайыздық қатынасына және олардың ұлттық лигадағы рейтингінің өзгеруіне); 5. ойынның деңгейіне қарай негізделеді.
Спорттың жеке (индивидуальды) түрлеріне жәрдемдесетін клубтарды қаржыландыру үш өлшемге: 1) орынға; 2) берілген атақтар санына; 3) құрмет көрсету тұғырына негізделеді.

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-СПОРТ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ.


Бюджет мемлекет, жергілікті басқару органдары, фирмалар, кәсіпорындар, мекемелер отбасылар немесе жеке адамдар үшін түзілген, белгілі мерзімге арналған кіріс пен шығыс балансын (теңгермелігін) білдіреді.
Дене шынықтыру ұйымына қатысты, сондай-ақ басқа жағдайлардың көпшілігінде бюджет алдағы кіріс пен шығысты есептеу бойынша ресми жоспарлы қаржы-қаражат құжаты болып табылады және дене шынықтыру-спорттық шараларды өткізу сметасынан ерекшелігі жиі кіріс-шығыс сметасы делінеді.
Ұйымның бюджетіне қойылатын негізгі талаптар мақсатты қаржылардың келіп түсуі мен жұмсалуының сәйкес келуі болып табылады, бұған мемлекеттік бақылау жасалады. Мақсатты пайдаланылмаған кіріс сомасы сәйкес келмеген жағдайда санкция ретінде федеральдық бюджетке алынады. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңмен сәйкес келетіні туралы ақпарат, кірістің құрылымы және көлемі, мүліктің құны, шығыс туралы, қызметкерлердің саны және олардың еңбегіне ақы төлеу туралы, коммерциялық емес ұйымның азаматтарының еңбегін өтеусіз (безвозмездно) пайдалану туралы ақпарат коммерциялық құпияның тақырыбы болуы мүмкін емес.
Кез келген коммерциялық не коммерциялық емес дене шынықтыру-спорт ұйымының өз бюджеті болады, ол белгілі бір мерзімге арналған. Құны белгіленген формада кіріс пен шығыс балансын береді. Кіріс бөлімінде келіп түсетін қаржы ресурстарының мөлшері мен көздері туралы, ал шығыс бөлімі оларды пайдалану туралы ақпараттан тұрады.
Дене шынықтыру-спорт ұйымының қаржы-шаруашылық қызметіне талдау.
Бюджет дене шынықтыру-спорт ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін жоспарлы түрде анықтайтын және оның тиімділігіне талдау жүргізу үшін ақпараты бар негізгі құжат болып табылады.
Мамандар дене шынықтыру-спорт ұйымының қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін талдаудың әр түрлі нұсқасын пайдалануды ұсынады:
1. Ұйым қызметі тиімділігінің мақсатты моделі. Дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметінің мақсаты, біріншіден, дәл анықталған болуға тиіс, екіншіден, өлшенетін болуға тиіс. Мұндай ұйымдарға бірінші кезекте спорт товарларын шығаратын фирмалар жатқызылады.
2. Ұйым қызметі тиімділігі құралдары жүйесінің моделі ойдағыдай жұмыс шаралары ретінде дене шынықтыру-спорттың қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады, осының нәтижесінде ұйым өзін қажетті қаржы және басқа ресурстармен қамтамасыз ете алады. Мұндай модель әр түрлі типтегі дене шынықтыру-спорт ұйымдарының, бірінші кезекте коммерциялық емес ұйымдардың қызметін бағалауда пайдаланылатын болады.
3. Ұйым қызметі тиімділігі процесінің моделі дене шынықтыру-спорт ұйымдарының соңғы жағдайын қана емес, онда болып жатқан ішкі процестердің ойдағыдай даму бағдарын ұстанады. Өзге сөзбен айтқанда, бұл жағдайда назар аралық өнімге талдау жасауға аударылады, ол ұйым қызметінің бастапқы және ақырғы нәтижесі арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Бұл модель, сондай-ақ бұдан бұрынғы модель әр түрлі типтегі дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметіне талдау жүргізуге жарамды.

Кіріспе
Қазіргі кезеңдегі жағдайда дене шынықтыру және спорт басқармасының концерциясын іліми-әдістемелік негізде қарастырудың жергілікті халық арасында дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмыстарын әрі қарай жетілдіруде үлкен маңызы бар. Мәселе бурыннан қалыптасқан нысандарды сапалық өзгерту мен спортты терең дағдарыстан алып шығұмақсатында жүгізіліп жатқан жаңа бағыттарға жол ашу. Азаматтардың спорт қызметіне құқығын таратуға қажетті жағдай жасау (сонымен қатар кәсіпқойлық негізде) Жастарды жан-жақты дамуы мен физикалық жетілуін қамтамасыз ету. Оларды тұлғалық өсуіне, қазіргі кезеңдегі өмір жағдайының қиындығына кірісуге (бой үйретуіне) дайындау.


Осыған байланысты қарастырылып отырған тақырып өзекті және кәсіпқой спортшыны танудағы қазіргі кезеңдегі талаптарға сай болып табылады.
Жұмыс құрылымында негізгі мақсат ашылады, яғни, дене шынықтыру мен спорт мәдениетінің сапалық ерекшеліктерін басқару объектісі ретінде зерттеу. Бұл тақырып қазіргі кезде әрі қарай жетілдіру мен зерттеуді қажет етеді.Қойылып отырған мәселенің жаңалығы, жаңа дәстүрдегі басқару (менеджмент) мәселесіне арналған зерттеулер мен жарияланымдарға қатысты ғылыми-полиграфиялық туға байланысты. Ғылыми әдебиеттерде және оқулықтарда спортты басқару мәселесі жеткіліксіз, толықсыз, фрагменттерді көтереді. Дене шынықтыру және спорт басқармасының ерекшеліктерін және спецификасын ашатын ғылыми зерттеу жұмыстары, монографиялар, оқу-әдістемелік басылымдар жоқтың қолы десе де болғандай. Жаңа жұмыстар жоқ. Бұл жұмыста дене шынықтыру және спорт мәдениетін басқару саласындағы Қазақстандық мамандардың авторлық позициясын беруге талпыныс жасалды. Жұмыс негізі жоғарыдағы мәселеге арналған классикалық монографиялар мен 70-80 жылдардағы оқулықтардан алынды. Сонымен қатар В.Н.Уваров дайындаған Дене шынықтыру және спорт басқармасына арналған оқу-әдістемелік құралының материалдары пайдаланылды (КазГАСТ).
Жұмыстың негізгі мақсаты төмендегі мәселелерді жеңу арқылы ашылады:
- Басқарудың қазіргі тұжырымдамаларын дене шынықтыру және спорт мәдениетін басқарудың ғылыми теориясын қалыптастырудағы жалпы әдістемелік базалы негізде талдау;
- Басқару және кәсіпқой қызмет саласының объектісі ретінде дене шынықтыру және спорт мәдениетінің сапалық ерекшеліктерін айқындау;
- Спорт менеджментінің құрылым ебептерімен мазмұнын зерттеу;
- Дене шынықтыру және спорт мәдениетін басқарудағы спецификалық қағидаларының қалыптасу ерекшеліктерін қадағалау.
I ТАРАУ. БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ.

Менеджмент – бұл өзімізге белгілі, нарық жағдайында өмір сүретін, материалдық, еңбек және қаржы қорларын тиімді пайдалану негізінде оптималды нәтижелерге, фирманың шаруашылық қызметінің жетістігіне бағытталған кәсіпқой қызметтің ерекше түрі. «Менеджмент» әр түрлі ұйымдардағы адамдардың жұмысын ұйымдастырумен байланысты қызмет саласын білдіреді. Сонымен бірге «менеджмент» - бұл басқарудың тиімді мүмкіндіктері қаралатын білім саласы. Сонымен қатар, «менеджмент» термині басқару мамандары ретінде де қолданылады. Яғни жоғарыда аталған саладағы мамандар.


Менеджмент нарық жағдайындағы басқарма ретінде фирманың нарық қажеттілігін қанағаттандыруға, тұтынушылардың нақты сұраныстарына, сұраныстағы және фирмаға күткен табыс әкелетін өнімдерді шығаруға бағыт-бағдар сілтейді. Қазіргі кездегі менеджмент төмендегідей болу керек:
- Өнім тиімділігін арттыруда және бизнесте үрдісті, тиянақты талпыныс;
- Фирманың нарықтағы немесе оның бөліктеріндегі қызметіндегі соңғы нәтижелерге жауаптыға, шешім қабылдауда ерік беретін, кең көлемді шаруашылық дербестік;
- Фирма қызметінің жоспарланған соңғы нәтижелерімен жетістікке жетіуне бағыт;
- Басқару шешімдерін қабылдаудағы көп вариантты есептеулер жаңа ақпараттық базаны пайдалану;
- Жоспарлау функциясын өзгерту – қазіргіден болашаққа;
- Фирма қызметінің жақсаруына себеп болатын негізгі факторлардың бәрін тірек ету;
- Жұмысты басқаруды толығымен шынайы қол жеткен нәтижелерді ғана тірек етіп бағалау;
- Нарық жағдайына, сыртқы ортадағы өзгерістерге байланысты мақсат пен бағдарламаларды үнемі түзетіп отыру;
- Математикалық әдістемелер мен ЭЕМ базасындағы информатика жетістіктерін толығымен пайдалану;
- Фирма қызметкерлерін басқаруға тарту;
- Серпінді шешімдер мен өзгерістердің алдын алу негізінде басқаруды іске асыру;
- Инновацияны тірек ету, фирманың әр сегментіндегі жұмысқа жаңа кіріспе, қалыптағыдан бөтен шешімдер (стандартты емес);
-Әрбір басқару шешімдеріне терең экономикалық талдау жүргізу;
- Парасатпен тәуекелдік ету қабілеттілігі;
- Бизнесте қайнар бастауына дейін маркетинг ролінің өсуі.
«Менеджмент» ұғымы мәні жағынан «басқару» терминінің баламасы болып табылады. Дегенмен, соңғысы адам қызметінің әр түріне қолданылытындықтан мағынасы кеңдеу.
«Менеджмент» термині нарық жағдайында өмір сүретін фирма деңгейіндегі әлеуметтік-экономикалық процестердегі басқаруға жатады.
Басқарушы – менеджер өзі жұмыс жасайтын фирма капиталына меншіктіліктен әдетте тәуелсіз. Менеджердің жұмысы – барлық өндірістік процесті бірлігі мен байланысын қамтамасыз ететін өнімді еңбек. Әрине ол жоғары технологиялық өндіріс пен жоғары деңгейдегі мамандарды қурамалау шартына сай.
Менеджер әр түрлі мамандық қызметкерлерін біріктіреді, яғни инженерлер, маркетологтар, экономистер, статистиктер, психологтар, жоспарлаушылар, бухалтерлер, финансистер және оның басшылығындағы басқа да қызметтестерді.
Менеджердің негізгі мақсаты – фирманың нарықтағы жағдайдың кез келген өзгерісінде дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Бұдан басқа, ұжымның әлеуметтік мәселелерін шешуге ерекше көңіл бөлінеді, барлық жұмысты ең жетілдірілген әдіспен оптимальды ұйымдастыру. Кері әсерге шектеуді қамтамасыз ету.
Бүгінгі басқаруға талаптардың өсуі өндірістердің өсуімен, технологияның күрделенуімен, нағыз талапқа сай басқару машығын игеру қажеттілігімен байланысты.
Фирманың шаруашылық қызметі ретінде оның экономика саласындағы кез келген қызмет түрін атайды (өндіріс, сауда, құрылыс, көлік, банк ісі, сақтандыру т.с.с.), сонымен қатар фирманың ішіндегі кез-келген сала (ғылыми зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар өндіріс, өтім, қаржы), егер де ол табыс алудың соңғы нәтижесіне немесе, компанияның нақты мақсатына тәуелді кәсіпкерлік табысқа бағытталған.
Фирманың нарықтағы айтылып отырған турғыдағы қызметі өндіріс процесін барлық қажетті қорлармен қамтамасыз ету және де технологиялық айналымды толығымен ұйымдастыру, НИОКР нәтижелерін енгізу, өндіріс технологиясын өңдеу және жетілдіру, өнім сапасын қажет ету деңгейін қадағалау, коммерциялық операцияларды оптималды түрде іске асыру, тауарайналым саласында жұмыс жасау, есептеудің барлық түрін жүргізу, техникалық сатқаннан кейінгі қызмет түрін ұйымдастыру, өндіріс процесін материал-техникамен жабдықтау, қаржылай және білікті мамандармен қамтамасыздандыру.
Менеджментте ең бастысы – нарықтағы фирманың қазіргі және алдағы болашақтағы тиімді қызметін ұйымдастыру.
Мақсатты тарату және қойылым түрімен басқару фирманың потенциалды мүмкіндіктерін, қажетті қорлармен жабдықталғанын, бәсекелестік күрес шартын есептей отырып іске алады. Оған ортақ және спецификалық мақсаттар тән. Стратегиялық мақсат фирма дамуының жалпы қағидаларын берсе, спецификалық мақсат – фирма қызметінің негізгі түрлері бойынша ортақ мақсат шеңберінде өңделеді.
Материалдық және еңбек қорларын тиімді пайдалану неғурлым аз шығынмен және соғурлым мол пайдамен мақсатқа жетуге апаратын жол.
Менеджмент нақты мәселелерді шешуге бағытталған механизмге ие. Оның қызметкерлерінің фирманың шаруашылық қызметінің негізінде туындайтын реализации әлеуметтік-экономикалық, технологиялық, әлеуметтік-психологиялық мақсаттарды таратуда ..... Менеджменттің экономикалық механизмі оның қызметінің нәтижелері нарықта белгілі бір бағаға ие болған кезде фирманың нарық жағдайындағы жұмысымен объективті түрде шартты (байланысты) болып келеді.
«Менеджмент» ұғымының мазмұнын әдетте басқарудың ғылымы және тәжірибесі, фирманы басқару ұйымы және басқару шешімдерін қабылдау процесі ретінде қарастырылады. Басқарудың ғылыми негізі ретінде басқару тәжірибесінің реориялық базасын құрайтын ғылыми ілімнің жүйесі танылады.
Ғылыми басқарудың методологиясын жетілдірудің бірінші кезеңі жұмыс мазмұнының талдануы және оның негізгі компоненттерін анықталуы болып табылады. Келесі кезекте жұмыскерлерді жұмыс өнімділігінің артуына және өндірістің аумағының өсуіне қызықтыру мақсатымен ынталандыруды жүйелі түрде қолдану қажеттілігі негіз алады. Ғылыми басқару еңбектерінің авторлары – А.Файоль, Г.Друкер, М.Х.Мескен, Х.Вольфгани және басқалар төмендегі ғылыми ережелерді беріп және негіздеді:
- Мақсатқа жетудегі ең дұрыс тәсілдерді анықтау үшін ғылыми талдауды қолданудың маңыздылығы;
- Нақты тапсырмаларды орындауға лайықты қызметкерлерді асқан біліктілікпен таңдау және олардың кезекті оқуы мен қайта оқытуымен қамтамасыз ету;
- Қызметкерлерді берілген тапсырмаларды тиімді орындау үшін қажетті барлық қорлармен қамтамасыз ету қажеттілігі.
Басқару ғылымында оның теориясы мен тәжірибесінің дамуына елеулі әсер еткен келесі маңызды қағидалар орын ала бастады. Бұл ғылыми, әкімшілік, адами қатынастар мен психологиялық тұрғыдағы, адамдардың жүріс-тұрысы жайлы ғылыми тұрғыдағы басқарулар.
Басқаруға жаңа жағдайда дамуға ие болған келесі ғылыми әдістер анықталды: басқаруға процесс ретінде қорғау, жүйелік әдіс, ахуалдық (ситуационный) әдіс.
Басқарудың ғылыми қағидалары АҚШ-та өз дамуын біздің ғасырымыздың басында ала бастады. Оның негізін қалаушы «Ғылыми басқарудың қағидалары» атты бұл еңбектің авторы Ф.Тэйлор болып саналады. Оның бұл еңбегі менеджментті ғылым ретінде және зерттеудің жеке бір саласы ретінде танудың басы болып табылады.
Әкімшілік басқарудың қағидалары ұйымды басқару принциптерінің жалпы және ортақ мәселелерін өңдеуге бағытталады. 20-шы жылдары осы қағидалар аумағында өзара байланыстар жүйесі тәрізді белгілі бір иерархияға ие фирманың ұйымдастырушылық құрылымы туралы түсінік қалыптасты.
Ұйым тұйық жүйе түрінде қарастырылды.Уақыт өте мақсаттарына неғұрлым тиімді түрде қол жеткізу үшін фирманы жүйелі түрде басқару қажеттілігі туды. Бұл қағида классикалық басқару мектебі деген атаққа ие болды. Психологиялық және адами қатынастар тұрғысындағы басқару қағидасы менеджментке «жұмысты өзгелердің көмегі арқылы орындау» деген анықтама берді. Психолог М. Маслау жүргізген зерттеулер адамдардың іс-әрекеттерінің жемісі (себебі) ғылыми басқару қағидаларының жақтаушылары ойлағандай экономикалық күш емес, ақшалай қанағаттандырылған әртүрлі қажеттіліктер. Жұмысшылардың еңбек өнімділігінің өсуі, артуы еңбек ақыны көтерумен байланысты емес, жұмысшылардың өз еңбегіне және ұжымдағы қарым-қатынасқа көңілінің толуына байланысты.
Қазіргі басқару ғылымы әртүрлі ағымдар мен мектептерден тұрады. Олардың айырмашылығы басқарудың ұйымдастыру-техникалық мәселелерінің ғылыми зерттеулерін шаруашылық жүргізудің нарық жүйесін түбегейлі мәселелер шешімінен, экономикалық дамудың тұрақтылығына қол жеткізумен, әлеуметтік-экономикалық керісті жеңумен, жеке кәсіпорындарды біріктіруге ұмтылу. Осыдан келіп менеджмент саласындағы теориялық зерттеулердің тәжірибелік маңызын арттыру мәселесі туындайды, басқарудың теориясын осындай тұрғыдан шығармашылық тәжірибесіне қарай қайта бағыттау.
Қазіргі кезеңде басқару теориясында сыртқы ортамен қарым-қатынас мәселесі маңызды мағынаға ие.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет