2-тарау бойынша қорытынды.
III-тарау. Дене шынықтыру мен спорт мәдениетін басқару жүйесі.
Дене шынықтыру мен спорт мәдениетінің тікелей дамуын мемлекеттің атқарушы басқаратын аппаратын құрайтын мемлекеттік басқару ұйымдары қамтамасыз етеді. Мемлекеттік биліктің жоғары органдары дене шынықтыру мен спорт мәдениетінің дамуының заңдылық негізін құрайды. Биліктің аймақтық органдары жергілікті өзін-өзі басқарудың заңдылығына сәйкес өз территорияларында дене шынықтыру мен спорт мәдениетінің дамуын қамтамасыз етеді.
Өкілеттіліктің көлемі, қызметі бойынша және мемлекеттік аппарат құрылымында алатын орнына қарай төиендегідей ерекшелінеді:
- Ортақ ұйымдар компетенциясы (қызметі, біліктілігі);
- Арнайы ұйымдар компетенциясы;
- Ведомстволық ұйымдар компетенциясы;
- Жергілікті ұйымдар компетенциясы.
Ортақ (жалпы) ұйымдар компетенциясы (ҚР үкіметі, жергілікті атқарушы ұйымдар) шаруашылық және әлеуметтік-мәдени құрылыс салаларының дамуын ұйымдастырады, оның құрамына дене шынықтыру және спорт мәдениеті де кіреді. Олар осы саладағы басқару ұйымдарының өкілеттілігін анықтайды. Сонымен қатар спорт жабдықтарының құрылысы, спорттық бұйымдар өндіру, дене шынықтыру және спорт мәдениеті мамандарын даярлау секілді салааралық маңызды мәселелерді шешеді.
Жергілікті атқарушы ұйымдардың шаруашылық және әлеуметтік-мәдени мәселелерді шешуде компетенцияларының кеңеюі дене шынықтыру мен спорт мәдениетінің дамуының бірқатар көкейкесті мәселелерін шешуге жәрдем етеді. Негізгі бағыттарға төмендегілер жатады:
- Белгілі бір аймақтағы дене шынықтыру және спорт мәдениетін басқару үлгісін өңдеу және бекіту;
- Дене шынықтыру және спорт мәдениетінің дамуының аймақтық бағдарламасын өңдеу және тарату;
- Дене шынықтыру және спорт мәдениетін қаржымен қамтамасыздандыру;
- Спорттық материалды-техникалық база құру, жергілікті тұрғындарды спорттық жабдықтармен қамтамасыз ету нормативтерін тарату, бұның ішіне мектепке дейінгі балалар, мектептен тыс мекемелердегі, орта, арнайы орта және жоғарғы оқу орындарындағы спорттық жабдықтар да кіреді;
- Спорт бағытындағы стадиондар мен басқа да объектілерді жеке және үлесті (деловых началах) салу мен пайдалануға жағдай жасау, оларды жергілікті халыққа ақылы қызмет көрсетуде тиімді түрде пайдалану, сонымен бірге ойын-сауық шараларын өткізу;
- Көпшіліктің сұранысына ие спорт тауарларын өндіру, жергілікті халықтың осындай тауарларға сұранысын білу (зерттеу) және сол тауарларды өндіру үшін олардың ассортиментін құру, мамандандырылған кәсіпорындар салу және бұрынғы кәсіпорындарды жаңа технологиялық талапқа сай жаңа қалыпқа келтіру;
- Жергілікті халыққа ақылы және сауықтыру қызметін көрсетуді ұйымдастыру, осы мақсатта дене тәрбиесі-сауықтыру орталықтарын, спорт, туристік және басқа да клубтарды салу, спорттық және туристік жабдықтарды жалға беру қызметін кеңейту.
Арнайы компетенция ұйымдары (органдары) өзінен бір саты төмен тұрған буындармен бірге тікелей жергілікті халық арасында дене тәрбиесі-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырады, ортақ компетенция органдарының жаңалықтарын таратады. Аранйы компетенция органдары туралы ережелері олардың қызметінің негізгі міндеттерінен, өкілеттілігінен және басқа мәселелерінен тұрады.
Осылайша дене шынықтыру және спорт мәдениетінің мемлекеттік басқару органдарының тамырланған жүйесі олардың жеке буындарын толығымен қамтуға, жергілікті халықтың барлық әлеуметтік топтарының дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануына, осы саладағы басқару процесінде туындайтын көпқырлы міндеттерді шешуге жағдай туғызады.
Дене тәрбиесі және спорт - әлеуметтік-мәдени салалардың бірі болып саналады. Құрылымы жағынан қоғамдық спорт ассоциациялары ретінде дене тәрбиесі және спорт қоғамдары, спорт түрлері бойынша федерациялар, фондтар, клубтар, өз мақсаттарын дене шынықтыру және спорт мәдениетінің дамуына арналған азаматтар қоғамдастығы танылады. Қазақстан Республикасындағы Олимпиадалық қозғалыстар ұлттық олимпиадалық комитетпен басқарылады, олар тәуелсіз үкіметке бағынбайтын ұйым болып табылады.
Қоғамдық спорт ұйымдары ұлттық заң шығарушылықпен бекітілген қоғамдық ұйымдар туралы құқықтық ережелер, дене шынықтыру және спорт мәдениеті туралы заңдар, бекітілген Жарғы негізінде қызмет жасайды. Ұлттық олимпиадалық комитеттің қызметі Олимпиадалық хартияға сәйкес іске асырады.
Бекітілген құқықтар мен міндеттер қоғамдық спорт ассоциацияларына әр-түрлі қоғамдық, сонымен бірге басқарушылық мәндегі қатынастардың мүшесі болуына жағдай жасайды.
Қоғамдық спорт ассоциациялары өзінің мақсатын, міндетін, қызметін тарата отырып, дене тәрбиесі және спорт саласында қоғамдық басқаруды іске асырады. Дене тәрбиесі және спорт мәдениетін басқару жүйесіндегі жеке спорт ассоциацияларының орны мен ерекшеліктерін қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |