II-Тарау. Мемлекеттік басқарудың жеке бір саласы ретінде дене шынықтыру және спорт мәдениетін басқарудағы ерекшеліктерге талдау (анализ) жасау.
Басқару теориясы мен мемлекеттік тәжірибенің құрылыс жүйесінің негізіне дамудың танымал объктивтік факторлары жатады. Басқару механизміндегі салалық мамандандырудың материалдық базасы - өндіріс мамандығы мен қоғам өмірінің басқа да салалары болып табылады. Бұл ақырында осыған лайықты салалардың ұйымдастыру-құқықтық жағынан жабдықталуын алдын-ала анықтайды. Осы тұрғыдан дене шынықтыру және спорт мәдениетін басқару аппаратындағы салалық мамандандырудың материалдық негізін құраушы саласы деп айтуға негіз бар. Дене шынықтыру және спорт мәдениеті ұйымдастырушылық-техникалық аспектіде жергілікті тұрғындарға дене шынықтыру тәрбиесі мен спортшылар арасында оқу-дайындық жұмысымен қамтамасыздандыратын мамандандырылған мекемелер жиынтығы болып табылады. Сонымен бірге осы салаға сәйкес басқа да объект кластары (спорт мектептері, спорт-ойын сауықтық мекемелер). Соңғылары ішкі құрылымы мен сыртқы нысаны (формасы) бар және құқықтық тіркелген әлеуметтік басқарулы объект болып табылады, яғни, дене тәрбиесі мен спорт мәдениеті арнайы мекемелер мен ұйымдарда институттандырылған.
Дене тәрбиесі мен спорт мәдениетінің өзінің материалды-техникалық базаландырылған (спорт залдары, бассейн, мекемелер т.б.), спорт құрылыстарының құрылысы ұйымдастырылған және оларды спортта керек құралдарын (жарақтарын) өндірістік өндіріс, жабдықтар, киім, аяқ киім және спортпен шұғылдануға арналған басқа да заттарды пайдалану тәртібі құрылған.
Дене тәрбиесі мен спорт мәдениеті саласының спецификасы мұндағы оқу-дайындық процесі, дене тәрбиесін ұйымдастырудың даралығымен ерекшеліктенетіндігімен, жас ерекшелігіне байланысты құралатындығы, олардың денсаулығының және дайындық деңгейінің шамасына байланыстылығымен көрінеді.
Барлық салаға бірдей жаттықтырушы-оқытушылық қызметтің негізгі формалары мен әдістері белгіленген (жаттықтыру әдістерін жинақтау, білім беру, білімді тексеру, қозғалыс машықтары және т.б.). Сонымен қатар дене шынықтыру тәрбиесін ұйымдастыру процесі өз негізінде мемлекет тарапынан ретке келтіріліп отырады: азаматтардың бөлек категорияларын дене тәрбиесіне дайындауға мемлекеттік бағдарламалар бекітілген. Нормативтік негіздер құрылған (мысалы, жалпыға бірдей спорттық топтастыру жүйесі және т.б.), спорт ұйымдарының шығармашылығы, қызметі анықталған (мысалы, балалар-жасөспірімдер спорт мектептері және т.б.). Осының барлығы дене тәрбиесі мен спорт мәдениеті саласында «технологиялық» процестердің бірлігін қамтамасыз етеді.
Дене шынықтыру мен спорт мәдениеті саласы кадрлар құрамының кәсіпқойлығымен ерекшеленеді. Дене шынықтыру мәдениетінің мамандары дене шынықтыру және спорт мәдениеті саласындағы оларға тән кәсіптік қызметінің бірегейлігімен (кәсіби, мамандығы, квалификациясы) ерекшеленеді.
Мамандарды дайындау жоғарғы және орта дене тәрбиесі оқу орындарының тарабы (сеть) арқылы, ал ғылыми мамандарды дайындау соған лайық оқу орындарымен ғылыми-зерттеу мекемелерінде іске асырылады. Дене шынықтыру және спорт мәдениетінің мамандарының еңбектерін ғылыми ұйымдастыру ұйымдастырушылық-құқықтық мәндегі шаралардың бүкіл жүйесінің көмегі арқылы қамтамасыздандырылады, басқару ұйымдарына түсушілерге және мекемелер мен ұйымдарға осы саладағы мамандарға талаптарды орнату, еңбекті регламентациялау, оның созылу уақыты мен оның функциясының көлемі бойынша (педагогикалық жүктеменің көлемі, оқу-жаттықтыру жұмыстарының күн тәртібі және т.б.), ортақ еңбек процесін басқару, квалификацияны жоғарлату нысандарын анықтау.
Дене шынықтыру мен спорт мәдениеті саласында дене тәрбиесі мен спорттық жаттықтыру мәселелеріне байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстары ұйымдастырылған, жоғарыда аталып кеткен сала бойынша үгіттеу жұмыстары кең түрде жүргізіледі, өзінің жеке қаржы базасы бар және т.б.
Осының барлығы – дене шынықтыру мен спорт мәдениетінің басқарудың арнай ұйымдар жүйесін анықтайтын жеке сала екенін дәлелдеудің ажырағысыз компоненті.
Өзінің әлеуметтік мәні бойынша дене шынықтыру және спорт мәдениеті әлеуметтік-мәдени құрылыс жүйесіне жатады, осы жүйе ішіндеге мамандықтық нақты бір түрі ретінде қызмет жасайды. Дене шынықтыру және спорт мәдениеті бір-бірімен органикалық байланысты бірқатар әлеуметтік функцияны орындай келе, бірлігі арқылы, сапалы жаңа, жеке әлеуметтік-мәдени сала құрайды. Олардың дамуын қоғам ылғида қалаған және қалайды да. Заң шығарушылық арқылы осы саланы басқаруды мемлекеттік қамтамасыздандыру мәселелері анықталады.
№1. Дәріс. Дене тәрбиесі мәдениеті мен спорт тыс басқарудың ілімдік негізі.
Жоспары: 1. Дене тәрбиелеу мәдениеті мен спортты басқарудың міндеттері.
2. ДТМ қоғамдағы орны.
3. Басқару ілімінің басты негізі.
4. Басқару мүшелерінің жүйесі.
5. Басқарудың қызметі.
Дене тәрбиелеу мәдениеті мен спортты басқарудың пәні – бұл денешынықтыру мен тығыз байланысты дене тәрбиесі мен заң қызметкерлерінің арасындағы қырым-қатынас болып табылады.
Басқарудың басты міндеті дене шынықтырумен, спортпен тығыз байланысты барлық мүшелердің қызметін тәртіпке салу.
Басқару – бұл мақсатқа бағытталған субъектінің ықпалы және оның қызметінің ретке келуі жағдайындағы процес. Дене тәрбиесі мен спорт әр адамға өте керек шаралардың бірі, өйткені ол адамның денсаулығының зор болуына және еңбекте биологиялық белсенділік көрсетуіне көмектеседі. Басқарудың көзқарасы жағдайы дене тәрбиесі мен спорт халық шаруашылығының әлеуметтік-мәдениеттік дамудың саласы болып табылады.
Дене тәрбиесі мәдениет саласы өзінің әлеуметтік-мәдени міндетіне сәйкес оның жүйесіне қатысты нәрсе маманданудың бір-бірімен жүйелі түрде байланысқан әлеуметтік қызметтік ретін орындай отырып, дене тәрбиесі мен спортты бірлігінде сапалы жаңа толық ерікті саланы құрайды.
Басқару – дегеніміз бұл оқу жүйесін (процесін) әлеуметтендіруде (интенсификацияда) оның ғылыми нәтижелердің енгізілуіне жол көрсететін әдістемелік болып табылады.
Дене тәрбиесі мен спортты мемлекеттік басқарудың салалық негізінің айқындалуы, оның мінездемесінің маңызды сипаттамасы болуы тиіс, бірақ ол жалғыз емес. Басқа аспекті функционалды негізді белгілеу болып табылады. Берілген негізге категориясы (дәрежесі) арқылы дене мәдениеті мен спорттың қосымша мінездемесі сәйкес келеді. Көрсетілген жағдай дене тәрбиесі мен спорттың әлеуметтік функциясының мазмұнының бай екенін, өткен және қозғалған қоғамдағы үлкенді-кішілі дәрежедегі өмірдің әртүрлі жағы, білім, әскери істер және мемлекеттің сәйкес функциялары түсіндіріледі. Бұл терең бастаулар ақырғы есепте дене тәрбиесі мен спортты басқаруда аппарат құру мәселелерін шешуге өзіне жол ашады, басқару жұмысында қажетті бөлінуді алдын-ала белгілейді.
Мұндай әдіс амалда, дәл дене мәдениеті мен спорттың кең сферасы қоғамның структурасында ұйымдық қарым-қатынастың бүкіл комплексін негіздеуі даусыз болады.
Басқарудың орны дене тәрбиесі мен спорт саласындағы адамдардың жүзеге асыратын ұйымдарды және бірлескен қызметі болып табылады. Бұл басқарудың бірінші белгісі. Әрбір спорттық ассоциация оның санына қарамастан үлкенді-кішілі дәрежеде басқаруға мұқтаж болады. Мұнда жеке адам дене тәрбиелеу мен спортты басқару жүйесіне ереже бойынша, өзі мүше болған нақтылы бір ұйымдық структура (ассоциация) арқылы кіреді.
Басқарудың басқа бір белгісі – ол оның мақсатқа бағытталған мінезі мен өзгеше міндеттерді шешуі болып табылады. Дене тәрбиелеу мен спортты басқару жүйесінің сапалы ерекшеліктері өзінің нормативте белгіленген мақсатына әсер етеді. Ол қалыптасады өзінің бекітілуін Конституцияда және мемлекеттік өкіметтің жоғарғы мүшелерінің нормативтік актілерінде, табылады (белгіленген).
Дене тәрбиелеу мәдениетінің элементтері:
1. Көпшілік (жаппай) дене шынықтыру – бұл әлеуметтік қызмет әдісі көптеген халықтың денсаулығының нығаюына бағытталған әдіс және негізінен бос уақыт аумағында өтеді.
2. Көпшілік жарыс спорты – бұл әлеуметтік қызмет әдісі. Көптеген миллиондаған халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталған және спорттық нәтижелерге жетуіне, негізінен білім беру сферасында өтеді.
3. Спорттық жоғарғы дәрежесі – бұл әлеуметтік қызмет әдісі жастардың көп емес бөлігі, бұл әдіс спорттық нәтижелердің ең көп жетістіктеріне бағытталған және негізінен еңбек сферасында өтеді.
4. Резервтік (қосалқы) спорт – жастардың (балалардың) әлеуметтік-іс әдісі, бұл негізінен спортқа жоғарғы дәрежедегі резервті дайындауға бағытталған және білім беру сферасында өтеді.
5. Ойын-сауық спортты – бұл миллиондаған көпшілік халықтың әлеуметтік қызмет әдісі негізінен спортқа қажетті көрініс ретінде бағытталған және бос уақыт сферасында өтеді.
Дене тәрбиесі мен спортты басқару адамдардың субъекті ісіне тікелей байланысады.
Спорттық қызметтің (әрекеттің) өзгеше ерекшелігі мынадан тұрады, бұл түріне қарай физикалық басым және мазмұнына қарай жарысшыл қызмет (іс-әрекет) басқаруға мұқтаж болады.
Басқарудың міндеті спортшының жеке іс-әрекетін, спорттық дамуының жалпы мақсаты мен міндетін тұтас үйлестіру болып табылады.
Дене шынықтыру мен спортты басқарудың ілімдік (теоретикалық) негізі болып кибернетика (өнер, басқару) болып табылады.
Басқарудың субъектісі – бұны кім басқарады, сол болып табылады. Бұған дене тәрбиесі мен спортты басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік және қоғамдық органдар кіреді. (Министрлер, дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі мемлекеттік комитеттер, спорт түрлері бойынша федерациялары және т.б.). Өз функцияларын іске асыру (реализациялау) үшін олар қажетті бұйрық беретін өкілдіктерді үйлестіреді.
Басқару объектісі – ол кіммен басқарады. Дене тәрбиелеу мен спортпен қатар басқару объектісі ретінде «дене тәрбиесі қозғалысы» жиі айтылады. Осыған байланысты бірлік пен қарым-қатынасқа байланысты сұрақтар, тек теоретикалық емес сонымен қатар практикалық мағынаға ие болады, өйткені сөз басқарудың әлеуметтік құбылысы ретінде болып тұр.
Басқару органдарын жіктеу:
1.Мемлекеттік органдар
2. Қағамдық не әуесқойлық органдар
Органдар тағы да былай бөлінеді:
1. Жалпы қызмет (компетенция) ұйымдары (органдары).
2. Арнайы қызмет (компетенция) ұйымдары (органдары).
Басқарудың мемлекеттік ұйымдары әрқашан заң шығарушы органдардың белгіленген билік жүргізетін өкілдерінің қолда барын болжайды.
Жалпы қызмет ұйымдары жалпы көп басқару мәселелерімен шуғылданады, ал арнайы қызмет ұйымдары тек бір ғана мәселемен шұғылданады.
Дене тәрбиесі мәселелері:
1. Дене тәрбиесі мен спорттың статусы.
2. Дене тәрбиесі мен спорттың заттай-қаржылай қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |