Ұлттық олимпиада комитеттері. Олимпиадалық қозғалысқа көмек мақсатында бүкіл әлемде халықаралық олимпиадалық комитет ұлттық олимпиадалық комитет деп белгілі бір қағидалар мен шарттар негізінде құрылған, олимпиадалық хартияда тіркелген ұйымдарды таниды. Ұлттық олимпиадалық комитет (ҰОҚ (НОК)) қызметі ХОК-тың ережелері мен ресми түсініктеріне сай болуы қажет. Мүмкіндігіне қарай ҰОК заңды мәртебеге (статус) ие болуы керек.
Олимпиада хартиясы бойынша ҰОК-ң міндеті өз елдерінде Олимпиадалық қозғалысты жақтау болып табылады. Осыған сәйкес ҰОК-і келесі міндеттерді орындайды:
- Өз делегацияларын олимпиадалық ойындарда іріктейді, ұйымдастырады және басшылыққа алады, және де ХОК-ң иелігіндегі аймақтық, құрлықтық, әлемдік кешенді спорт жарыстарына жоғарыдағыдай қызмет көрсетеді; ұлттық спорт ассоциациялары берген спортшы аруы туралы шешім қабылдайды. Бұл іріктеу спортшының тек спорт саласындағы жетістіктеріне ғана емес, оның өз елінде жастарға үлгі бола алатындай қабілетіне де байланысты;
- Өз делегациясындағылардың киіміне, жолына, орналасуына жауапты болады; делегация мүшелерін оқыс жағдайдан сақтандыру туралы, үшінші біреудің алдында өзінің азаматтық жауапкершілігі туралы шарт жасасады; өз делегациясы мүшелерінің істері үшін жауапты (олимпиадалық хартияның 31 және 32 ережелеріне ресми түсініктеме). ҰОК-ң құрылу тәртібі мен қызметі Жарғымен белгіленеді және қатаң түрде олимпиадалық хартияға сәйкес болуы қажет. Басқару қатынастарының субъектісі ретінде ҰОК өз құқығы мен міндеттерге ие және ХОК тарапынан үлкен жауапкершілікке ие.
Олимпиадалық хартиямен ҰОК құрамын құраудың белгілі бір ережесі қалыптасқан. Бұл құрал қандай да болмасын ҰОК-ке міндетті түрде кіруі керекнәрсе. Олар мыналар:
- сол елдегі ХОК-ң мүшелері, егер болса. Олар да атқаратын қызметіне қарай ҰОК-тің атқарушы органдарының мүшесі болып табылады және бас ассамблея мен атқарушы органда дауысқа ие;
- халықаралық федерацияның мүшелігіне ие барлық ұлттық федерациялар, олимпиадалық ойындар бағдарламасына кіретін спорт түрлері (кемінде 5 ұлттық федерация) немесе солармен тағайындалған өкілдер. ҰОК осындай халықаралық спорт федерациясы басшылығындағы әр спорт түрі бойынша біреуден артық ұлттық федерацияны мойындай алмайды. Бұдан басқа, бұл бастапқы федерациялар немесе олардың өкілдері ҰОК-те және атқарушы органда ең көп дауысқа ие болуы керек.
- Олимпиада ойындарына қатысқан, спорттан кеткен және кетпеген спортшылар; дегенмен спорттан кететіндері өз постынан өздерінің соңғы олимпиадаға қатысқандарынан бастап 3 олимпиада өткеннен кейін кету керек.
- ҰОК мүшесі ХОК-і таныған халықаралық спорт федерацияларының ұлттық федерациясы бола алады, бірақ олимпиадалық ойындар бағдарламасына енбеген спорт түрлері; спорт бағытындағы басқа ұйымдар немесе олардың өкілдері, сонымен қатар осы елдің азаматтығына ие, ҰОК-ң тиімділігіне әсері бар немесе спорт дамуына және олимпиада қозғалысына орасан зор үлесін қосқан тұлғалар қатыса алады.
Олимпиада ойындарына қатысты мәселелерді шешуде ҰОК-тің атқарушы ұйымдар мүшесінің және олимпиада ойындарының бағдарламасына кіретін спорт түрлері бойынша халықаралық спорт федерациясы мүшелерінің дауысы ғана есептеледі.
Үкімет және басқа қоғамдық ұйымдар ҰОК-і мүшелерін тағайындай алмайды. Бірақ, ҰОК өз қарауы бойынша сол үкімет өкілдерін мүше ретінде қабылдау туралы шешім қабылдай алады.
ҰОК-і жоғарғы органы Бас ассамблея, ол жылына кемінде екі рет өткізіліп тұрады. Атқарушы органдар мүшелері бас ассамблеяның отырысында кемінде төрт жылда бір рет ауыстырылып отырады.
ҰОК-тің мынадай құқықтары бар:
- ХОК-не жіберілген Олимпиада хартиясы және бүтіндей олимпиада қозғалысы, Олимпиадалық ойындарды ұйымдастыру, өткізу бойынша түскен ұсыныстарды құрау (қарастыру);
- Олимпиада ойындарын өткізуге кандидатураларға қатысты өз ойын білдіру;
- Олимпиада конгрестерін дайындауда бірлестікте болу;
- Үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен бірлестікте болу, бірақ олар олимпиада хартиясына қарсы келетін істерге қатысы болмауы керек.
ҰОК-і өз елдерін ХОК-тің иелігіндегі Олимпиада ойындарына, аймақтық, құрлықтық немесе әлемдік кешенді спорт жарыстарына шығаруға толық құқылы.
ХОК өзінің департаменттері және Олимпиада ынтымақтастығы арқылы ҰОК-ке өз өкілдіктерін орындауына көмек көрсете алады.
ҰОК-тің міндеттері:
- Ұлттық деңгейде, спорт қызметінің шеңберінде Олимпиада қозғалысының негізін қалаушы принциптеріне үгіттеу жұмыстарын жүргізу. Бұдан басқа да мектептер мен жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесі мен спорттан оқу бағдарламаларында осы идеялардың таралуына ықпал ету. ҰОК олимпиадалық білім беруге арналған институттардың құрылуын бақылау.
Арасында олар Ұлттық олимпиада Академиясының, олимпиада музейлерінің және олимпиада қозғалысына байланысты мәдени бағдарламалардың құрылуы мен іс-әрекетін қадағалайды;
- Өз елінде олимпиада хартиясының орындалуын қамтамасыз ету;
- Жоғарғы жетістіктегі және көпшілік айналысатын спорт түрлерінің дамуына қолдау көрсету;
- Спорт мамандарын дайындауға көмек көрсету, сонымен бірге курс ұйымдастыру, және сол курстардың олимпизмнің негізін қалаушы қағидаларды үгіттеуге көмегі бар ма жоқ па соны білу;
- Спорттағы кез келген дискриминация мен зорлаудың кез келген түрі және, сонымен қатар ХОК немесе халықаралық спорт федерациясы тиым салған дәрі-дәрмектер мен процедураларды қолдануға қарсы күресті өз міндеті деп санау;
- Өз автономиясын сақтап, кез келген діни, саяси, экономикалық қыспаққа қарсы тура білу.
Олимпиада хартиясына сәйкес ҰОК үнемі, мүмкіндігіне қарай жылына бір рет олимпиада қозғалысын танымал ету мақсатында бір күндік немесе бір апталық олимпиада күндерін ұйымдастырады; олимпиада қозғалысы және спорт саласындағы мәдениет пен өнерді үгіттеуді өз міндетіне енгізу; олимпиада ынтымақтастығы бағдарламасына қатысу; барлық жағдайда өз автономиясын сақтап қалуға кепіл болатын қаржы көздерін іздестіру. Дегенмен де қаржы жинау олимпиада хартиясына сәйкес және ҰОК-тің тәуелсіздігі мен беделіне нұқсан келмейтіндей етіп ұйымдастырылуы керек.
ҰОК-тің атауы оның аймақтық шекарасына, елінің дәстүріне сәйкес және ХОК – тағайындалуы керек. Олимпиада хартиясындағы «Ел» ұғымы кез келген елді, мемлекетті, аймақты немесе аймақ бөлшегін, ХОК-ті өзінің абсолюттік көзқарасына қарай ҰОК-тің өз аймағы деп санайтын территорияны білдіреді.
ҰОК қолдаған ту, эмблема, ән-ұран - өз қызметіне қарай қолданылу аясында соның ішінде олимпиада ойындарында да ХОК-тің атқарушы комитетімен тағайындалуы керек.
Олимпиада хартиясын бұзған жағдайда ҰОК-ке жауапкершілік туады (Олимпиада ойындарына қатысу құқығына айырылу, сессия немесе олимпиада конгресін ұйымдастыру құқығынан айырылу). Олимпиада хартиясында қаралған шаралар мен санкциялардан басқа ХОК-і ҰОК-н тыңдап болғаннан кейін оны алып тастауға немесе мойындауға құқылы. Мұндай жағдай ҰОК-тің істері сол елдегі құқықтық ережелер мен тәртіпке, немесе сол елдегі спор немесе басқа мекемелер тарапынан акцияларға қайшы келетін болса орындалады. Осындай жазалау шаралары ХОК-і тарапынан ұлттық спорт федерацияларының құрылуына немесе ҰОК-тің мүшелігіне ие немесе онда бекітілген басқа да ұйымдардың өз пікірлерін білдіруі сол елдегі құқықтық ережелер мен тәртіпке немесе басқа мекемелер тарапынан акцияларға қайшы келген жағдайда қолданылады.
Уақытша немесе түбегейлі өз өкілеттіліктерінен айрылған ҰОК-і осыған байланысты ХОК – берген барлық құқықтарынан айрылады. Атап айтқанда: «Ұлттық Олимпиада Комитеті» атауынан; өз Олимпиада эмблемаларын қолданудан; Олимпиада ынтымақтастығынан алған жеңілдіктерінен және т.б.
Қазақстан Республикасының ҰОК-і 1990 жылдың 3 ақпанында құрылды. Кезекті конференцияда ҰОК-ң мақсаты мен міндеттері, құрамы, өкілеттілігі мен жұмыс процедурасы берілген Жарғы қабылданды. ҰОК-тің жоғарғы ұйымы жылына кеміне бір рет өткізілетін сессия болып табылады. Сессия аралықтағы кезеңде ҰОК-ін сессияда қабылданған атқарушы комитет басқарады. Атқарушы комитет құрамына президент, вице-президент, атқарушы комитет мүшелері, жауапты хатшы кіреді. ҰОК-і мүшелері атқарушы комитет нұсқауымен және басқа спорт ұйымдары жағынан өткізілетін конференция, конгрестер, мәжілістерге қатыса алады. Сонымен қатар республикалық спорт федерацияларының жұмысымен айналыса алады.