Караоке-әлемнің көптеген елдеріне танымал ойын-сауық түрі.Бұл жобаны шағын қалаларда ашу идеясының болашағы зор.Ал ірі қалалар мен мегаполистерде бәсекелестік өте жоғары және бұндай жобаға айтарлықтай қаражат мөлшері қажет болады.
Караоке-бар ашу үшін 100-ден 300 мыңға дейін халқы бар қалалар таңдаған жөн.Бұл жерде кемінде бір немесе екі ірі кәсіпорын жұмыс істеуі қажет.Ал халықтың табыс деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейінен 10-15 пайызға жоғары болу керек.Ал,мегаполисте ашу үшін үлкен қаражат болғаны дұрыс.
Бәсекелестер және стратегиялық жоспар
Бәсекелестерге талдау жасау.Олардың саны өте көп болмауы керек.Негізгі бәсекелестер караоке-барлар,сондай-ақ орташа деңгейлі мейрамханалар мен кафелер.Аудитория 18-45 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер.
Сапалы талдау жүргізу үшін бәсекелес мекемелерге барып,қалай жұмыс жасайтынын көруге болады.Сонымен қатар клиенттердің позитивті және негативті пікірлерін ескерген жөн.Бұл тәсіл стартаптарды дамыту стратегиясын жасауға шанс береді.