Бұл жағдайлар болмас үшін клиенттерді караоке-барға тарту үшін әлеуметтік желілерде (instagram,facebook,twitter,tik-tok) аккаунтпен жұмыс жасау,танымал,беделді адамдарды құрметті қонақ ретінде шақыру.Және де адалдық,яғни алғашқы келушілерге арнайы,тегін сусындар беру.
Чектің орташа мөлшері бәсекелестердің мөлшерінен жоғары болмауы тиіс.Тұрақты клиенттер үшін 5-10 пайызға дейін көтеруге болады.
Объект форматы
Бизнес ашардан бұрын алдымен мекеменің форматын таңдау қажет,таңдаудың 3 стильі бар:
Американдық стиль-бардың қонақтары шағын сахнаға шығып,жиналғандарға ән айтады.Тыңдаушы қонақтар кешкі ас пен дәмді сусындар ішіп уақыт өткізеді.
Нари-бан – жапон форматы.Бұл жерде келушілер үшін бөлек бөлме қарастырылады.Әр бөлмеде караоке жүйесі орнатылады.
Аралас стиль-залда әншілерге арналған шағын сахна қойылады.Ал оңаша демалғысы келтеіндер үшін дастархан жайылады.
Белгіленген тапсырыс сомасымен үстелді жалға алу,тг - 4 300
5 немесе одан да көп адамнан тұратын группа үшін үстелді жалға алу,тг - 48 400 эконом класс
Бұл сомаға жеңіл тағамдар,ыстық тамақ және сусындар жиынтығы кіреді.Сонымен бірге қонақтар орындау үшін берілген әндерді тегін ала алады.
Мерекелер мен банкеттерге арналған арнайы қызметі,тг - 215 000
Сонымен қатар қонақтарға VIP кластағы қызмет ұсынылады.Бұл жағдайда қонақтар жеке караоке жүйесі бар үстелдерге отыра алады.Бұл жерде 5,7,12,18 орынды үстелдер бар.