Жоба қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының нормативтік қаулысы 2020 жылғы № Нұр-Сұлтан қаласы


«Адамды саудаға салғаны үшін жауапкершілік анықтайтын заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы» 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 7



бет7/24
Дата19.05.2023
өлшемі153,14 Kb.
#94811
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Байланысты:
proekt popravok v np po uk i upk kaz

12. «Адамды саудаға салғаны үшін жауапкершілік анықтайтын заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы» 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 7 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 7-тармақтағы «, сондай-ақ адамдар тобының алдын ала сөз байласу белгісі бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
2) 12-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
«Адам саудасын бірнеше рет жасау белгісі бойынша саралау кезінде ҚК-нің Ерекше бөлігінің дәл сол бiр бабында немесе бабының бөлiгiнде көзделген екi немесе одан да көп іс-әрекеттi жасау қылмыстық құқық бұзушылықтардың бiрнеше рет жасалуы деп танылатын ҚК-нің 12-бабының ережелерін ескеру қажет. Осыған байланысты ересектер мен кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар бірнеше рет жасауды құрамайды және ҚК-нің 128 және 135-баптарының жиынтығы бойынша саралануға жатады.
Екі жәбірленушіге, оның ішінде біреуі кәмелетке толмағанға, ал екіншісі ересек адамға қатысты бір пиғылмен жасалған адамдар саудасы ҚК-нің 28-бабы екінші бөлігінің 6) тармағы және ҚК-нің 135-бабының тиісті бөлігі бойынша саралануға тиіс.»;
3) мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Іс-әрекетті ҚК-нің 128-бабы екінші бөлігінің 3) және
4) тармақтары және ҚК-нің 135-бабы екінші бөлігінің 3) және 4) тармақтары бойынша саралаған кезде соттар «Ұрлық туралы істер бойынша сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 8 нормативтік қаулысының 21 және 23-тармақтарында қамтылған түсіндірмелерді, ал ҚК-нің 128-бабы екінші бөлігінің 5) тармағы бойынша және ҚК-нің 135-бабы екінші бөлігінің 11) тармағы бойынша саралаған кезде «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы № 1 нормативтік қаулысының 9) тармағында келтірілген түсіндірмелерді басшылыққа алғаны жөн.»;
екінші, үшінші, төртінші абзацтар үшінші, төртінші, бесінші абзацтар деп саналсын;
4) 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Кінәлінің іс-әрекетін ҚК-нің 128-бабы екінші бөлігінің 7) тармағы және ҚК-нің 135-бабы екінші бөлігінің 6) тармағы бойынша саралау үшін адамның ағзалары мен тіндері іс жүзінде пайдаланылғанына қарамастан, адам саудасының транспланттау немесе өзге де пайдалану үшін жәбірленушінің ағзаларын немесе тіндерін алу мақсатында жасалғанын анықтау қажет.
Тірі адамның ағзалары мен тіндерін алуға мәжбүрлеуге немесе заңсыз алуға байланысты әрекеттер ҚК-нің 128 не 135-бабында көзделген әрекет белгілері болмаған кезде ҚК-нің 116-бабының тиісті
бөлігі – қылмыстық заңның арнайы нормасы бойынша дербес саралануға жатады.
Жәбірленушінің ағзалары мен тіндерін пайдалану мақсатында жасалған адам өлтіру оның ағзалары мен тіндерінің іс жүзінде алынғанына және пайдаланылғанына қарамастан, қылмыстар жиынтығы ретінде ҚК-нің 128-бабы екінші бөлігінің 7) тармағы бойынша немесе ҚК-нің 135-бабы екінші бөлігінің 6) тармағы және ҚК-нің 99-бабы екінші бөлігінің 12) тармағы бойынша тиісінше сараланады.»;
5) мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстар немесе қоғамға қарсы өзге де іс-әрекеттер жасауға тарту мақсатында сату осы мақсатқа нақты қол жеткізілуіне қарамастан, ҚК-нің 135-бабы екінші бөлігінің
9) тармағы бойынша сараланады. Егер мақсатқа қол жеткізілсе және кәмелетке толмаған адам қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тартылса, онда жасалған әрекет ҚК-нің 135-бабы екінші бөлігінің 9) тармағында және ҚК-нің 132-бабының тиісті бөлігінде көзделген қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануға жатады.»;
6) 17-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Егер адамды әкелу немесе әкету, транзиттеу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту белгіленген тәртіпті бұзбай және жалған құжаттарды пайдаланбай немесе үшінші тұлғалардың жарамды құжаттарын алдап пайдаланбай өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылса, аталған әрекеттер ҚК-нің 392-бабы бойынша қосымша саралауды талап етпейді.».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет