Жоба қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының нормативтік қаулысы 2020 жылғы № Нұр-Сұлтан қаласы



бет3/24
Дата19.05.2023
өлшемі153,14 Kb.
#94811
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
proekt popravok v np po uk i upk kaz

4. «Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің түрлерiн тағайындау жөнiндегi сот практикасы туралы» 2006 жылғы 23 маусымдағы №7 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі №11; 2018 жылғы 20 сәуірдегі №8 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелеріне:
жазаның мерзіміне қарамастан, абайсызда жасалған қылмыстары үшін;
ҚК-нің 7, 8, 9, 12 және 13-тарауларында көзделген
зорлық-зомбылықты қолдануға байланысты емес қылмыстар үшін;
қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген жағдайда, ҚК-нің 15-тарауында көзделген қылмыстар үшін сотталған адамдар;
қасақана қылмыс жасағаны үшін екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып алғаш рет сотталған адамдар (еркектер мен әйелдер) жіберіледі.
Егер қылмыстық іс бойынша пара нысанасы деп танылған ақша немесе өзге де мүлік мемлекет кірісіне айналдырылмаса не тиесілілігі бойынша қайтарылмаса, ҚК-нің 366, 367 не 368-бабында көзделген қылмысты жасаған адамға ҚК-нің 46-бабы бесінші бөлігі 1) тармағының қағидалары қолданылмайды.
3. Қасақана қылмыстар жасағаны үшін екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған әйелдерге қылмыстардың санатына қарамастан, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы кезінде, егер олар бұрын нақты бас бостандығынан айыру жазасын өтемесе, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалады.
Әйелдерге қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу:
ҚК-нің 7, 8, 9, 12 және 13-тарауларында көзделген
зорлық-зомбылықты қолдануға байланысты емес қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталған, сондай-ақ ҚК-нің 15-тарауында көзделген қылмыстар үшін сотталған, қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген әйелдерді қоспағанда, бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеген, бас бостандығынан айыруға сотталғандарға;
қылмыс жасағаны үшін бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеген-өтемегеніне қарамастан, қылмыстардың қауіпті қайталануы болған жағдайда тағайындалады.
4. Ерлерге қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу:
аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталғандарға, бұрын бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтемегендерге;
қылмыс жасағаны үшін бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеген-өтемегеніне қарамастан, қылмыстардың қайталануы кезінде;
ҚК-нің 7, 8, 9, 12 және 13-тарауларында көзделген
зорлық-зомбылықты қолдануға байланысты емес қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға сотталған, сондай-ақ ҚК-нің 15-тарауында көзделген қылмыстары үшін сотталған, қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген еркектерді қоспағанда, бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасын өтеген, бас бостандығынан айыруға сотталғандарға
тағайындалады.
2) 6-тармақта:
алтыншы абзацтағы «соттылығы бар» деген сөздер «бас бостандығынан айыруға сотталған және осы жазаны өтеген» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«ҚК-нің 63-бабының негізінде шартты түрде сотталған адамдар, сондай-ақ ҚК-нің 74-бабының негізінде жазаны орындауды кейінге қалдыру қолданылған адамдар, егер олар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бас бостандығынан айыруды нақты өтемеген болса, бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеген адамдарға жатпайды.»;
3) мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. ҚК-нің 46-бабы бесінші бөлігінің 3) тармағына қатысты бұрын заңды күшіне енген сот үкімі бойынша қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған және қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеген, егер бұл соттылық жаңа қылмыс жасалған кезде заңда белгіленген тәртіппен алып тасталмаса және өтелмесе, бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтегендер адамдар деп түсініледі. Бұл ереже кәмелетке толмаған жаста қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға да қолданылады.»;
4) 8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«Сот үкімімен айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу түріндегі жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға жазаны өтеу қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде тағайындалады.
Бұрын бас бостандығынан айыру ҚК-нің 73-бабының тәртібімен бас бостандығын шектеуге ауыстырылған адамдарға бас бостандығын шектеу бас бостандығынан айыруға ауыстырылған жағдайда, бас бостандығынан айыруды өтеу ол босатылған қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде айқындалады.»;
5) 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. ҚК-нiң 79-бабында көзделген тәртiппен алып тасталған немесе өтелген, ҚК-нiң 78-бабының екiншi және төртiншi бөлiктерiне сәйкес рақымшылық туралы немесе кешiрiм жасау туралы актiмен алып тасталған сотталғандықтар қылмыстардың қайталануын тану кезiнде ескерiлмейдi және қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары және төтенше мекемесін тағайындауға негiз бола алмайды.
Он сегiз жасқа толғанға дейiн жасалған қылмыстар үшiн сотталғандықтар қылмыстың қайталануын тану кезiнде ескерiлмейдi. Сонымен бірге бас бостандығынан айыруға сотталған, бұрын кәмелетке толмаған жаста қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруды өтеген адамдарға ҚК-нің 46-бабы бесінші бөлігі 3) тармағының ережелері ескеріле отырып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеу тағайындалады.»;
6) 14-тармақта:
екінші абзац «тағайындаған» деген сөзден кейін «не егер сотталған адам жасаған қасақана қылмыс ҚК-нің 46-бабы бесінші бөлігінің 1) тармағында көзделген қылмыстық іс-әрекеттер тізбесіне кірген» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«Егер ҚК-нің 46-бабына сәйкес жиынтыққа кіретін қылмыстар үшін жазаларды бас бостандығынан айыру түрінде өтеу қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің әр түрінде көзделсе, онда түпкілікті жазаны айқындау кезінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің барынша қатаң түрі тағайындалады.
Бас бостандығынан айыруды өтеу үшін үкімдердің жиынтығы кезінде жиынтыққа кіретін үкімдердің бірі белгілеген мекеменің неғұрлым қатаң түрі айқындалады.
Егер жиынтыққа кіретін қылмыстар үшін түпкілікті жаза бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны сіңіру жолымен тағайындалса, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрі ҚК-нің
46-бабында көзделген тәртіппен, жасағаны үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған қылмысты ғана ескере отырып тағайындалады.»;

7) мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. ҚК-нің 74-бабының негізінде бас бостандығынан айырылған адамға қатысты үкімнің орындалуы кейінге қалдырылған жағдайда, соттың үкімінде жазаны өтейтін қылмыстық-атқару жүйесінің түрі көрсетілуі тиіс.
Шартты түрде сотталған адамның сынақ мерзімі ішінде өзіне жүктелген міндеттерді қасақана орындамауына байланысты ҚК-нің 64-бабының үшінші бөлігі негізінде шартты түрде соттаудың күші жойылған жағдайда, оған ҚК-нің 46-бабына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде бас бостандығынан айыруды өтеу тағайындалады.
ҚК-нің 72-бабы жетінші бөлігі 1) тармағының негізінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші жойылған жағдайда, сотталған адамның өзі шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде бас бостандығынан айыруды өтейтіні белгіленеді.»;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет