Жоба қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының нормативтік қаулысы 2020 жылғы № Нұр-Сұлтан қаласы


«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 6-бабын қолдану бойынша сот практикасы туралы» 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 15



бет5/24
Дата19.05.2023
өлшемі153,14 Kb.
#94811
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
proekt popravok v np po uk i upk kaz

7. «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 6-бабын қолдану бойынша сот практикасы туралы» 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 15:
1) 11-тармақтағы «Бұл мәселелерді» деген сөздерден кейін «, ҚПК-нің 478-бабының 3-1-бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда,» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-тармақтағы үшінші абзац алып тасталсын;
3) 19-тармақтағы «шағымдалуы және наразылық білдірілуі» деген сөздер «қайта қаралуы» деген сөздермен ауыстырылсын.


8. «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау туралы» 2007 жылғы 11 мамырдағы № 1 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

  1. 5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Егер бірінші және екінші жәбірленушіні өлтіру арасында белгілі бір уақыт өтсе, онда ҚК-нің 99-бабы екінші бөлігінің 1) тармағы бойынша саралау кінәлі адамда екі жәбірленушіні де қазаға ұшырату жөнінде бір пиғыл болған жағдайда мүмкін болады. Мысалы, кінәлі адам алдымен бір жәбірленушіні қазаға ұшыратады, ал кейін өзінің екі адамды өлтіруге бағытталған бірыңғай пиғылын жүзеге асыру мақсатында біршама уақыт өткен соң және басқа жерде екінші жәбірленушінің де өмірін қияды.»;

  1. 14-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:

«Жалдау бойынша адам өлтіруді ұйымдастырушының әрекеті, егер ол жалдаған қылмысты орындаушының жәбірленушіні көрінеу қазаға ұшырату ойы болмаса және оның әрекеттері құқық қорғау органдарының бақылауымен адам өлтіруді имитациялаудың шеңберінен шықпаса, онда жалдау бойынша адам өлтіруді орындаушыны іздестіру жөніндегі бұл әрекеттер жалдаумен адам өлтіруді жасауға дайындықты құрайды және ҚК-нің 28-бабының үшінші бөлігі, 24-бабының бірінші бөлігі және 99-бабының екінші бөлігінің 8) тармағы бойынша саралануға жатады.»;

  1. 16-тармақта:

«қылмыстық құқық бұзушылықтар», «қылмыстық құқық бұзушылықтың», «қылмыстық құқық бұзушылықтардың», деген сөздер тиісінше «қылмыстар», «қылмыстың», «қылмыстардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Егер қазаға ұшырату жасалған қылмыстық теріс қылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңілдету мақсатында жасалса, ол ҚК-нің 99-бабы екінші бөлігінің 10) тармағында көзделген белгі бойынша саралануы мүмкін емес, өйткені бұл саралау белгісі басқа қылмысты жасыру немесе оның жасалуын жеңілдету мақсатында жасалған адам өлтіру кезінде ғана орын алуы мүмкін.»;

  1. 20-тармақтағы төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу кезінде, екі адамды қазаға ұшыратуға бірыңғай пиғыл болмаған жағдайда, кінәлінің әрекеті «Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 11 нормативтік қаулысының 19-тармағының түсіндірмелері ескеріле отырып, саралануға жатады.»;

  1. мынадай мазмұндағы 20-2, 20-3-тармақтармен толықтырылсын:

«20-2. «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының
2003 жылғы 8 ақпандағы № 387 Заңы 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлардың бірі ретінде эпидемиядан туындаған төтенше жағдай болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 жаңа коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың орын алуы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандағы төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы» 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 306 және 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 310 Жарлықтарымен танылды. Қазақстан Республикасында эпидемияға байланысты төтенше жағдайдың болуы туралы өзге нормативтік құқықтық актілер жоқ.
Осыған байланысты ҚК-нің 99-бабы екінші бөлігінің 15) тармағы бойынша 2020 жылғы 16 наурыз сағат 08-ден бастап 2020 жылғы
11 мамыр сағат 00 кезеңінде, яғни Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы
15 наурыздағы № 285, 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 306 және 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 310 Жарлықтарымен енгізілген төтенше жағдай режимінің қолданылуы кезеңінде жасалған іс-әрекет «төтенше жағдай кезінде жасалған адам өлтіру» белгісі бойынша саралануға жатады.
20-3. Жас баланы өлтіру, оның ішінде ҚК-нің 99-бабының екінші бөлігінің тармақтарында көрсетілген мән-жайлар кезінде өлтіру ҚК-нің
99-бабының үшінші бөлігі бойынша ғана саралануға жатады.
Жас баланы және жас бала болып табылмайтын басқа адамды бір пиғылмен өлтіру ҚК-нің 99-бабының үшінші бөлігінің және 99-бабы екінші бөлігінің 1) тармағының жиынтығы бойынша саралануға тиіс.
Жас баланы және жас бала болып табылмайтын адамды өлтіру, егер әрқайсысы жеке пиғылмен жасалса, қылмыстардың жиынтығы ретінде саралануға тиіс. Бұл ретте бірнеше рет жасалу белгісі, егер ол іс-әрекет жас баланы өлтіргеннен кейін жасалған болса, ҚК-нің 99-бабының екінші бөлігі бойынша саралау кезінде тағылады.
Қылмыстық заңның кері күші туралы ережеге (ҚК 6-бабының үшінші бөлігі) сәйкес 2020 жылғы 11 қаңтарға дейін жасалған жас баланы өлтіру ҚК-нің 99-бабының екінші бөлігінің 14) тармағы бойынша саралануға жатады.»;

  1. 29-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

«Адамды өзін-өзі өлтіруге оқталуға дейін жеткізген кездегі іс-әрекеттер ҚК-нің 24-бабының үшінші бөлігіне сілтеме жасалмай, ҚК-нің 105-бабының тиісті бөлігі бойынша сараланады.»;

  1. 30-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

«Жәбірленушінің қылмыс жасалғаннан кейін бірден емес, оның өміріне қол суғадан кейін біраз өткен соң қайтыс болуы, егер кінәлінің қазаға ұшыратуға пиғылы (тікелей немесе жанама) және іс-әрекет пен оның салдары арасындағы себептік байланыстың болуы анықталса, кінәлінің іс-әрекеттерін адам өлтіру ретінде саралауға әсер етпейді.».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет