1. «Центрифуга» психологиялық ахуал қалыптастыру.
Оқушылар шеңбер құрады, бір оқушы ортаға шығып, ішінде кішкентай добы бар шелекті жіпке байлап шеңбер бойымен айналдырады. Қатты айналған кезде доп шелек ішінен құламайды. Балалар қызығып, доптың не себепті құламағанын сипаттайды. (бірнеше оқушылар жасап көреді).
2. Топқа бөлу. Топқа бөлуде “Топсеруен” әдісін қолданамын, ең алдымен 4 кабілеті жоғары оқушыларды ортаға “серуендеуге” шақырамын, олар сыныптың ішінен өз топтарына“жол бағыттаушыны” таңдайды, “жол бағыттаушы” сыныптың ішінен “аспазшыны”, “аспазшы” сыныптың ішінен “жүк көтерушіні” таңдап, топ толады.
3. [І] «Кім жылдам?»
Алдыңғы білім бойынша білім-дағдыларын айқындау-
«Шеңбер бойымен сипаттайтын шамалар» сәйкестендіру кестесін толтыру:
Шамалар
|
|
Формуласы
|
Бұрыштық жылдамдық
|
T=1/v
|
Сызықтық жылдамдық
|
υ=2ПR/T
|
Айналу периоды
|
w=2Пv
|
Бұрылу бұрышы
|
n=t/T; n= vt
|
Айналу жиілігі
|
w=2Пv
|
Айналым саны
|
φ= wt
|
Тақтаға дұрыс жауабы көрсетіліп, балалар карточкаларын өзара тексереді.
Бағалау- түрлі түсті стикерлер арқылы өтеді
қызыл – қатесі жоқ;
көк – 1-2 қатесі бар;
сары – 3-6 қатесі бар.
4. [W] «Суреттер сыры» миға шабуыл
а. Төмендегі суреттердегі қозғалыс ерекшеліктері атаңыздар.
А суреті В сурет
в. Суреттердегі қозғалыстың қайсысы айналмалыға, қайсысы ілгерілмеліге жатады? (тақтадағы кестеге А, В стикерлерін іледі)
Қорытындылау –
1.Шеңбер бойымен қозғалыстың екі түрі болады – ілгерілмелі, айналмалы екі суреттеде шеңбер бойымен қ
2. А суретінде ілгерілмелі қозғалыс – кез келген екі нүктені қосатын түзу өзіне-өзі параллель болып орын ауыстыратын қатты дене қозғалысы.
3. В суретінде айналмалы қозғалыс - центрлері бір түзудің бойында жататын, барлық нүктелері шеңберлер сызатын дененің қозғалысы.
Тапсырма «Қошемет» көрсету арқылы бағаланады.
|