Кәсіби фото-қызмет бизнесі нарықта кең етек жайған. Жыл сайын мұндай қызмет түрін көрсететін фотостудиялар көптеп ашылып жатқанмен олардың саны тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін әлі болса жеткіліксіз. Көп жағдайда бұл қызмет түрін жеке фотографтар жүзеге асырады, олар үйлену тойлары мен басқа да мерекелік шараларда жұмыс істейді, ал мамандандырылған арнайы студиялардың саны онша көп емес. Жобаның мақсаты мамандандырылған кәсіби деңгейдегі фотосалон ашу. Жобаға керекті құрал – жабдықтар мен инвентарларды сатып алуды көздейді.