Жоба «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» кәсіби стандарты



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата06.04.2017
өлшемі0,89 Mb.
#11169
  1   2   3   4   5   6   7

 

ЖОБА 


 

 «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» кәсіби стандарты 

 

1.



 

Жалпы ережелер 

 

1.  «Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар»    кәсіби  стандарты  білім  беру 



бағдарламаларын  қалыптастыру  үшін,  оның  ішінде  кәсіпорындардағы 

персоналды  оқыту  үшін,  білім  беру  мекемелеріндегі  қызметкерлер  мен 

түлектерді сертификаттау үшін, персоналды басқару саласындағы кең ауқымды 

міндеттерді шешу үшін арналған.  

Осы  кәсіби  стандарт  негізінде  ұйымдар  ішкі  қолданыс  үшін 

қызметкерлердің  өндірісті  және  еңбекті  ұйымдастыру,  басқару,  олардың 

жауапкершілік  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  кәсіби  білімінің  деңгейі,  еңбек 

функцияларының,  білімдерінің,  біліктері  мен  дағдыларының  тізбесі 

нақтыланған  корпоративтік кәсіби стандарттар әзірлей алады. 

2.  Осы  кәсіби  стандартта  "Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  туралы" 

Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келесі терминдер мен анықтамалар 

қолданылады: 

1) біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы 

орындауға дайын болу дәрежесі;  

2)  біліктілік  деңгейі  –  еңбек  іс-қимылдарының  күрделілігі,  стандартты 

еместігі,  жауапкершілігі  мен  дербестігі  өлшемдеріне  қарай  сараланатын 

қызметкердің  даярлығы  мен  құзыреті  деңгейіне  қойылатын  талаптар 

жиынтығы; 

3) салалық біліктілік шеңбері - салада танылатын біліктілік деңгейлерін 

құрылымдық жағынан сипаттау; 

9)  ұлттық  біліктілік  шеңбері  –  салалық  біліктілік  шеңберін,  кәсіби 

стандарттарды  әзірлеу  үшін  жалпы  кәсіби  құзыреттердің  біліктілік 

деңгейлернің бірыңғай шкаласын айқындайды; 

5)  кәсіби топ – жалпы интеграциялық негізі бар және оларды орындау 

үшін еңбек функциялары мен құзыреттердің ұқсас  жиынтығын талап ететін 

кәсіби кіші топтар жиынтығы; 

5) кәсіби кіші топ - еңбек функцияларының және оларды орындау үшін 

қажетті құзыреттердің тұтас жиынымен қалыптастырылған  кәсіптер 

жиынтығы; 

6)    кәсіби  стандарт  –  кәсіби  қызметтің  нақты  саласында  біліктілік 

деңгейіне,  құзыреттеріне,  еңбек  мазмұнына,  сапасына  және  жағдайларына 

қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт; 



 

8)  кәсіп  –  арнайы  дайындық  нәтижесінде  игерілетін  және  білім  туралы 



тиісті құжаттармен расталатын белгілі бір білімді және тәжірибелік дағдыларды 

талап ететін адамның еңбек қызметіндегі кәсіптердің негізгі түрі;  

9)  еңбек  функциясы  –  еңбек  үдерісінің  бір  немесе  бірнеше  міндеттерін 

шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы; 

10) ерекше қорғалатын табиғи аумақ – ерекше қорғау режимi белгiленген 

мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер 

учаскелерi, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгi; 

11)    ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  саласындағы  мемлекеттік 

бақылау – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның 

тексерілетін субъектілер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында 

белгіленген  талаптарға  сәйкестігі  мәніне  тексеру  және  қадағалау  жөніндегі 

қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша жедел 

ден  қоюсыз  құқық  шектеу  сипатындағы  шаралар  қолданылуы  мүмкін; 

      12) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік қадағалау 

–  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  саласындағы  уәкілетті  органның 

тексерілетін 

субъектілердің 

Қазақстан 

Республикасы 

заңнамасының 

талаптарын  сақтауын  тексеру  және  қадағалау  жөніндегі  қызметі,  оны  жүзеге 

асыру барысында және оның нәтижелері бойынша құқық шектеу, оның ішінде 

жедел 

ден 


қою 

сипатындағы 

шаралар 

қолданылуы 

мүмкін; 

     13)  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  саласындағы уәкілетті  орган    – 

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару, бақылау және қадағалау, күзету 

және қорғау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган. 

3. Осы кәсіби стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады: 

1)  ЕҚТА – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

2)  БТБА–  жұмысшылардың  жұмыстары  мен  кәсіптерінің  бірыңғай 

тарифтік-біліктілік анықтамалығы;  

3)  БА  -  басшылардың,  мамандардың  және  басқа  да  қызметшілер 

лауазымдарының біліктілік анықтамалығы; 

4) КС – кәсіби стандарт; 

5) СБШ – салалық біліктілік шеңбері. 

 

 

2. Кәсіби стандарт төлқұжаты 



 

4. Кәсіби стандарттың атауы: «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар». 

5.  Қызметтің  кәсіби  стандартын  әзірлеудің  мақсаты:  қызметкерлердің 

еңбек  функцияларының,  білімдеріне,  біліктеріне,  дағдыларына  және  жеке 

құзыреттеріне  қойылатын  тиісті  талаптарды  жүйелі  түрде  және  құрылымдық 

жағынан сипаттау.  

6.  Кәсіби  стандарттың  қысқаша  сипаттамасы:  экологияға  және  табиғи 

ресурстарды  ұтымды  пайдалануға,  туризмге  қатысы  бар  негізгі  кәсіптердің 

сипаттамасы,  сондай-ақ  жер  қойнауын  қорғауды  және  пайдалануды 


 

бақылаумен,  қоршаған  ортаның  экологиялық  жай-күйін  сақтаумен 



айналысатын  қызметкерлердің  жұмыс  сипаттамасы  мен  еңбек  функциялары 

келтірілген.   

7. Кәсіби топ: Экология. 

8. Кәсіби кіші топ: Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар. 

 

 

3. Кәсіби стандарттың карточкалары 



 

9. Кәсіптердің тізбесі: 

1)

 

ерекше қорғалатын аумақтар жөніндегі техник - СБШ бойынша   4-5  



біліктілік деңгейі; 

2)

 



ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  жөніндегі  инспектор  -  СБШ 

бойынша   5-7  біліктілік деңгейі;   

3)

 

табиғат пайдалану жөніндегі техник - СБШ бойынша   4-5  біліктілік 



деңгейі; 

4)

 



табиғат пайдалану жөніндегі инженер - СБШ бойынша   5-7  біліктілік 

деңгейі;  

5)

 

экология жөніндегі техник- СБШ бойынша   4-5  біліктілік деңгейі; 



6)

 

эколог - СБШ бойынша   5-7  біліктілік деңгейі; 



7)

 

рекреация және туризм жөніндегі инспектор (рекреация және  туризм 



жөніндегі маман) - СБШ бойынша   4-5  біліктілік деңгейі; 

8)

 



рекреация  және  туризм  жөніндегі  нұсқаушы  (рекреация және  туризм 

жөніндегі маман) - СБШ бойынша   5-7  біліктілік деңгейі; 

9)

 

экологиялық ағарту жөніндегі техник - СБШ бойынша   4-5  біліктілік 



деңгейі; 

10)


 

экологиялық  ағарту  жөніндегі  нұсқаушы  (экологиялық  ағарту 

жөніндегі маман) - СБШ бойынша   5-7  біліктілік деңгейі; 

11)


 

Экскурсия жүргізуші - СБШ бойынша   3-7  біліктілік деңгейі. 

10. Кәсіптердің карточкалары осы КС 1-қосымшасында келтіріледі. 

11. Кәсіби біліктілік картасы осы КС 2-қосымшасында келтіріледі. 



 

 

 

 

 «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар»



  

кәсіби стандартына 1-қосымша  

 

 «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жөніндегі техник»                               

КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ 

Кәсіп коды 

3111 «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жөніндегі 

техник» 


Кәсіптің атауы 

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жөніндегі санаты 

жоқ техник  

СБШ бойынша біліктілік 

деңгейі 

4. 


Негізгі  орта  білім  базасында  техникалық  және  кәсіби 

білімі  және  практикалық  жұмыс  тәжірибесі  болған 

жағдайда. 

Практикалық  тәжірибесіз  жоғарылатылған  деңгейде 

(қосымша  кәсіби  даярлық  немесе  орта  білімнен  кейінгі 

білім) техникалық және кәсіби білімі болған жағдайда. 

БА бойынша біліктілік 

деңгейі 


Жұмыс  өтіліне  талап  қоймай  орта  техникалық  және 

кәсіби  (арнайы  орта,  орта  кәсіби)  білім  (орман 

шаруашылығы,  аңшылық  және  аң  аулау,  экология  және 

табиғи  ресурстарды  ұтымды  пайдалану,  биологиялық) 

(Қазақстан 

Республикасы 

Ауыл 

шаруашылығы 



министрінің  міндетін  атқарушының  2011  жылғы  05 

тамыздағы    №25-02-01/45  бұйрығымен  бекітілген 

Қазақстан  Республикасының  табиғат  қорғау  ұйымдары 

қызметкерлері 

лауазымдарының 

үлгілік 


біліктілік 

анықтамалығының  12-тармағы.  Қазақстан  Республикасы 

Әділет  министрлігінің  Нормативтік  құқықтық  актілер 

тізілімінде 2011 жылғы 22 қыркүйекте № 7196 тіркелген) 

Еңбек функциялары 

Табиғи кешендерді қорғау 

Еңбек функциясы  

 

Табиғи кешендерді 



күзету  

Біліктері мен дағдылары: 

1. 


Экологиялық 

бақылау 


түрлерін, 

объектілерін, 

нысандары мен әдістерін анықтау; 

2.  Қорық  режимін  бұзушылықтардың,  тұтану  мен  өрттің 

алдын  алу,  анықтау  және  жолын  кесу  мақсатында 

патрульдеу жүргізу. 



Білімі: 

1.

 



Аралау 

аумағының 

шекарасы, 

топографиялық, 

ландшафтық  және  орман  өсіру  талаптары  мен 

ерекшеліктері; 

2.

 

Жақын  жердегі  өрт-бақылау  пункттерінің,  полиция 



бекеттері мен бөлімшелерінің орналасқан жері; 

3.

 



Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2011  жылғы  30 

желтоқсандағы №1726 қаулысымен бекітілген Ормандағы 

өрт қауіпсіздігі қағидалары

4.

 



Аң  аулау,  әуесқойлық  және  спорттық  балық  аулау 

ережелері. 



 «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жөніндегі техник»  

КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ 

Кәсіп коды 

3111 «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жөніндегі 


 

техник» 



Кәсіптің атауы 

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жөніндегі 2-санатты 

техник  

СБШ бойынша біліктілік 

деңгейі 

4.1 


Негізгі  орта  білім  базасында  техникалық  және  кәсіби 

білімі  және  практикалық  жұмыс  тәжірибесі  болған 

жағдайда. 

Практикалық  тәжірибесіз  жоғарылатылған  деңгейде 

(қосымша  кәсіби  даярлық  немесе  орта  білімнен  кейінгі 

білім) техникалық және кәсіби білімі болған жағдайда. 

БА бойынша біліктілік 

деңгейі 


Орта  техникалық  және  кәсіби  (арнайы  орта,  орта  кәсіби) 

білім  (орман  шаруашылығы,  аңшылық  және  аң  аулау, 

экология  және  табиғи  ресурстарды  ұтымды  пайдалану, 

биологиялық)  және  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар 

жөніндегі санаты жоқ техник лауазымындағы жұмыс өтілі 

кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі 

кемінде  екі  жыл

 

(Қазақстан  Республикасы  Ауыл 



шаруашылығы  министрінің  міндетін  атқарушының                

2011  жылғы  05  тамыздағы    №25-02-01/45  бұйрығымен 

бекітілген  Қазақстан  Республикасының  табиғат  қорғау 

ұйымдары  қызметкерлері  лауазымдарының  үлгілік 

біліктілік  анықтамалығының  12-тармағы.  Қазақстан 

Республикасы 

Әділет 

министрлігінің 



Нормативтік 

құқықтық  актілер  тізілімінде  2011  жылғы  22  қыркүйекте 

№ 7196 тіркелген) 

 

Еңбек функциялары 



1. Табиғи кешендерді қорғау. 

2.  Қорық  тәртібін  сақтау  және  өртке  қарсы  іс-шаралар 

жүргізу. 

еңбек функциясы  

 

Табиғи кешендерді 



қорғау  

Біліктері мен дағдылары: 

1.  Аншлагтардың,  шекаралық  бағандардың,  белгілердің, 

көпірлердің,  соқпақтардың,  өрт  қадағалау  бекеттері  мен 

шептерінің, 

байланыс 

желілерінің 

және 

орман 


шаруашылығы  мен  өртке  қарсы  мақсаттағы  басқа  да 

объектілердің аман сақталуын қадағалау; 

2. Сеніп тапсырылған мүлікті және басқа да материалдық 

құндылықтарды  дұрыс  күйінде  ұстау  және  олардың 

сақталуын қамтамасыз ету; 

3. Аралау  аумағындағы немесе бекітілген өзге аумақтағы 

белгіленген күзет режимін сақтау. 

 



Білімі: 

1.  Мемлекеттік  табиғи  қорықты  күзету  режимі  және  ол 

туралы ереже; 

2.  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2011  жылғы  30 

желтоқсандағы №1726 қаулысымен бекітілген Ормандағы 

өрт қауіпсіздігі қағидалары; 

3.  қорық  режимін  бұзғаны  үшін  белгіленген  тәртіптік, 

материалдық,  әкімшілік  және  қылмыстық  жауапкершілік 

нормалары, нұсқаулықтар, бұйрықтар, өкімдер және басқа 

да басқарушылық құжаттар. 



 

2  еңбек функциясы 



 

Қорық тәртібін сақтау 

және өртке қарсы іс-

шаралар жүргізу 



Біліктері мен дағдылары: 

1.  Халық  арасында  қорық  режимін  бұзудың  алдын  алу 

және  ормандағы  өрт  қауіпсіздігі  ережелері  бойынша 

түсіндіру 

жұмысын 

жүргізу;  

2. Қорық міндеттерін орындаумен байланысты есепке алу 

және түгендеу жұмыстарына қатысу;  

3. 

Қорық  басшылығы  көздеген  тәртіпте  жүйелі 



фенологиялық  және  өзге  байқауларды  тіркеу  үшін 

қызметтік күнделік және өзге құжаттама жүргізу.

 

 

 



Білімі: 

1. Экология,  қоршаған  ортаны  қорғау  және  табиғатты 

пайдалану  саласындағы  негізгі  заңдар,  нормативтік-

құқықтық актілер; 

2. Түгендеу жөніндегі заңнамалық құжаттар. 

КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ 

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жөніндегі техник» 

Кәсіп коды 

3111 «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жөніндегі 

техник» 


Кәсіптің атауы 

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жөніндегі 1-санатты 

техник  

СБШ бойынша біліктілік 

деңгейі 

4.2  


Негізгі  орта  білім  базасында  техникалық  және  кәсіби 

білімі  және  практикалық  жұмыс  тәжірибесі  болған 

жағдайда. 

Практикалық  тәжірибесіз  жоғарылатылған  деңгейде 

(қосымша  кәсіби  даярлық  немесе  орта  білімнен  кейінгі 

білім) техникалық және кәсіби білімі болған жағдайда. 

БА бойынша біліктілік 

деңгейі 


Орта  техникалық  және  кәсіби  (арнайы  орта,  орта  кәсіби) 

білім  (орман  шаруашылығы,  аңтану  және  аң  өсіру, 

экология  және  табиғатты  пайдалану,  биологиялық)  және 

ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  жөніндегі  екінші 

санатты  техник  лауазымындағы  жұмыс  өтілі  кемінде  екі 

жыл  немесе  мамандығы  бойынша  жұмыс  өтілі    кемінде 

үш  жыл  (Қазақстан  Республикасы  Ауыл  шаруашылығы 

министрінің  міндетін  атқарушының  2011  жылғы                      

05  тамыздағы  №25-02-01/45  бұйрығымен  бекітілген 

Қазақстан  Республикасының  табиғат  қорғау  ұйымдары 

қызметкерлері 

лауазымдарының 

үлгілік 

біліктілік 

сипаттамаларының  12-тармағы.  Қазақстан  Республикасы 

Әділет  министрлігінің  нормативтік  құқықтық  актілер 

тізілімінде 2011 жылғы 22 қыркүйекте №7196 тіркелген). 

Еңбек функциялары  

1. Табиғи кешендерді қорғау. 

2.  Қорық  тәртібін  сақтау  және  өртке  қарсы  іс-шаралар 

жүргізу. 

 1 еңбек функциясы 

 

Табиғи кешендерді 



қорғау 

Біліктері мен дағдылары: 

1.  Қорық  аумағында  орман  орналастыру  және  басқа  да 

жобалау-іздестіру 

жұмыстарын 

жүргізу 

кезінде 


шекараны,  меже,  геодезиялық,  орман  шаруашылығы 

белгілерін,  соқпақтарды,  нысаналарды  және  басқа  да 



 

объектілерді нақты көрсету;  



2.  Ерекше  қорғалатын  аумақтарда  жүрген  адамдардан 

онда 


жүруге 

рұқсат 


қағазын 

тексеру; 

3. 

Қазақстан 



Республикасының 

заңнамасындағы 

талаптардың  сақталуына  бақылау  жүргізу  мақсатында 

табиғат  қорғау  мекемесі  мен  оның  күзет  аймағы 

аумағындағы 

жеке 


және 

заңды 


тұлғалардың 

объектілеріне бару. 

 

Білімі: 



1.  ҚР  Конституциясы,  ҚР  Орман  кодексі,  «Ерекше 

қорғалатын  табиғи  аумақтар  туралы»,  «Жануарлар 

дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы», 

«Жемқорлықпен күрес туралы» ҚР басқа да Заңдары; 

2.  Табиғи  кешендер  мен  объектілерді  қорғау  жөніндегі 

әдістемелік материалдар; 

3.  Өртке  қарсы,  орман  қорғау  және  табиғат  қорғау  іс-

шаралары  жөніндегі  перспективалы  және  ағымдағы 

қажеттіліктерді айқындау тәртібі. 

2  еңбек функциясы 

 

Қорық тәртібін сақтау 



және өртке қарсы іс-

шаралар жүргізу 



Біліктері мен дағдылары: 

1. 


Қорықтың 

ғылыми 


міндеттерін 

орындаумен 

байланысты  есепке  алу  және  түгендеу  жұмыстарына 

қатысу; 


2.  Жануарлар  санын  реттеу  жөніндегі  іс-шараларға 

қатысу;  

3. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи 

аумақтар,  жануарлар  дүниесін  қорғау,  өсімін  молайту 

және  пайдалану  саласындағы  заңнамасын,  Қазақстан 

Республикасының  орман  заңнамасын  бұзу  нәтижесінде 

келтірілген залал мөлшерін анықтау және  оның негізінде  

кінәлі  адамдарға  осы  залалды  ерікті  түрде  өтеу  туралы 

шағым білдіру немесе сотқа шағым беру. 

 



Білімі: 

1.  ҚР  Конституциясы,  ҚР  Орман  кодексі,  «Ерекше 

қорғалатын  табиғи  аумақтар  туралы",  «Жануарлар 

дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы», 

«Жемқорлықпен күрес туралы» ҚР басқа да Заңдары; 

2.  өрт  сөндіру,  орман  тәртібін  бұзушылықтардың  алдын 

алу  және  басқа  да  орман  қорғау  іс-шараларының  жедел 

жоспарларын жасау тәртібі; 

3.  орман  өртімен,  орман  тәртібін  бұзушылықтармен 

күресу әдістері мен тәсілдері. 



 «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жөніндегі техник»                               

КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ 

Кәсіп коды 

3111 «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жөніндегі 

техник» 


Кәсіптің атауы 

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жөніндегі жоғары 

санатты техник  

СБШ бойынша біліктілік 

деңгейі 

5.  


Техникалық  немесе  кәсіби  білім  (немесе  орта  білімнен 

кейінгі  білім),  практикалық  тәжірибе  немесе  Жоғары 



 

білім,  практикалық  тәжірибесіз  қосымша  кәсіби  білім 



беру бағдарламалары. 

БА бойынша біліктілік 

деңгейі 

Орта  техникалық  және  кәсіби  (арнайы  орта,  орта  кәсіби) 

білім  (орман  шаруашылығы,  аңтану  және  аң  өсіру, 

экология  және  табиғатты  пайдалану,  биологиялық)  және 

ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  жөніндегі  бірінші 

санатты  техник  лауазымындағы  жұмыс  өтілі  кемінде  үш 

жыл  немесе  жұмыс  өтілі    кемінде  бес  жыл                      

(Қазақстан 

Республикасы 

Ауыл 


шаруашылығы 

министрінің  міндетін  атқарушының  2011  жылғы                      

05  тамыздағы  №25-02-01/45  бұйрығымен  бекітілген 

Қазақстан  Республикасының  табиғат  қорғау  ұйымдары 

қызметкерлері 

лауазымдарының 

үлгілік 

біліктілік 

сипаттамаларының  12-тармағы.  Қазақстан  Республикасы 

Әділет  министрлігінің  нормативтік  құқықтық  актілер 

тізілімінде 2011 жылғы 22 қыркүйекте №7196 тіркелген). 

Еңбек функциялары  

1. Табиғи кешендерді қорғау. 

2.  Қорық  тәртібін  сақтау  және  өртке  қарсы  іс-шаралар 

жүргізу. 

1 еңбек функциясы  

 

Табиғи кешендерді 



қорғау 

Біліктері мен дағдылары: 

1.  Қорық  тәртібін  бұзушылардан  алынған  уақытқа 

сақтауға  қабылданған  мүлікті  қоса,  сеніп  тапсырылған 

мүліктің,  қызметтік  және  басқа  да  материалдық 

құндылықтардың жай-күйін және сақталуын бақылау; 

2. 


Қазақстан 

Республикасының 

заңнамасындағы 

талаптардың  сақталуына  бақылау  жүргізу  мақсатында 

табиғат  қорғау  мекемесі  мен  оның  күзет  аймағы 

аумағындағы 

жеке 

және 


заңды 

тұлғалардың 

объектілеріне бару;

 

3. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи 



аумақтар,  жануарлар  дүниесін  қорғау,  өсімін  молайту 

және  пайдалану  саласындағы  заңнамасын,  Қазақстан 

Республикасының орман заңнамасын бұзғаны анықталған 

жеке және заңды тұлғалар қызметін тоқтату   



Білімі: 

1. 


Қазақстан  Республикасының  ЕҚТА,  жануарлар 

дүниесін  қорғау,  өсімін  молайту  және  пайдалану 

саласындағы  заңнамасы  бұзылған  жағдайда  кінәлі 

адамдарды  әкімшілік  жауапкершілікке  тарту  туралы 

қаулы;

 

2.  Оқ  ататын  қаруды,  заңсыз  өнім  алу  құралдарын,  көлік 



және  жүзу  құралдарын  сот  шешімі  шыққанша  уақытша 

сақтау үшін алып қою туралы қаулы.

 

3. Табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі заңнамалық 



және нормативтік-құқықтық актілер 

2  еңбек функциясы  

 

Қорық тәртібін сақтау 



және өртке қарсы іс-

шаралар жүргізу 



Біліктері мен дағдылары: 

1.

 



Өсімдік қорғау, зиянкестедің және орман ауруларының 

көздерін дер кезінде анықтау, олармен күресу,  

санитарлық және өзге де ағаш кесу (жол құрылысына 

байланысты, соқпақ жүргізу кезінде, өртке қарсы 



 

жыралар қазу кезінде орманды жою); 



2.

 

Эпидемиялар мен эпизооттардың болдырмау 



мақсатында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-

ауқатын қамтамасыз ету, ветеринарлық мониторинг 

жүргізу, жануарлар санын реттеу   

3.

 



Жерді тоттан қорғау. 

Білімі: 

1. Табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі заңнамалық 

және нормативтік-құқықтық актілер; 

2. Өртке қарсы профилактика талаптары және ормандағы 

өрт қауіпсіздігі ережелері. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет