Жоба ерте жастағы балалардың тілін дамытуда ойындардың рөлі


Әрі қарай бала еліктеу арқылы сөйлеу тілінің барлық элементтерін ақырындап иеленеді



бет4/41
Дата13.06.2023
өлшемі271,42 Kb.
#100807
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Тақырыбы Ерте жаста ойын арқылы тіл дамыту жобасы

Әрі қарай бала еліктеу арқылы сөйлеу тілінің барлық элементтерін ақырындап иеленеді: фонемдерді ғана емес, үнді, қарқынды, ырғақты, әуенді интонацияны.
Екінші жарты жылдықта бала белгілі бір дыбыс тіркестерін қабылдап, оларды затпен немесе әрекетпен байланыстырады. Бірақ осы уақытта ол әлі де әсер етудің барлық кешеніне назар аударады: жағдайға, интонацияға, сөзге. Осының барлығы уақытша байланыстың пайда болуына көмектеседі (сөздерді есте сақтау және оларға реакция).
7-9 айдағы бала әр түрлі дыбыстардың бірлесулерін ересектердің артынан қайталай бастайды.
10-11 айда сөздердің өзіне реакция пайда болады (жағдайға немесе сөйлеушінің интонациясына тәуелді емес).
Осы уақытта аса үлкен мағынаны баланың тілі қалыптасып жатқан орта иеленеді (қоршағандардың дұрыс сөйлеуі, ересектерге еліктеу және т.б.).
1 жасқа қарай алғашқы сөздер пайда болады.
ІІ кезең – сөйлеу тілінің өзіндік даму кезеңі.
Балада алғашқы сөздердің пайда болуынан дайындық кезеңі аяқталады да, белсенді сөйлеу тілінің қалыптасу кезеңі басталады. Осы уақытта балада қоршағандардың артикуляциясына ерекше зейіні пайда болады. Ол сөйлеушінің артынан өте көп және ынтамен қайталайды, өзі де сөздерді айтады. Осы кезде бала дыбыстарды шатастырады, оларды орындарымен алмастырады, бұрмалайды, түсіріп тастайды.
Баланың алғашқы сөздері жалпылама-мағыналық сипатын иеленеді. Бір сөзбен немесе дыбыстық тіркеспен ол затты да, өтінішті де, сезімді де белгілеуі мүмкін. Баланы тек белгілі бір жағдайда ғана түсінуге болады. Сондықтан осындай сөйлеу тілі жағдайлық деп аталады. Жағдайлық сөйлеу тілін ым-ишарамен, мимикамен жетелейді.
1,5 жастан бастап сөз жалпылама сипатына иеленеді. Ересекпен сөз арқылы түсіндіруін ұғу, білімдерді меңгеру, жаңа сөздерді есте сақтау мүмкіндігі пайда болады.
Енді біз дыбыстардың пайда болу заңдылықтарына үңілейік. Ең алдымен балаларда жабысыңқы-жарылғыш (еріндік (п, п', б, б'), тілалды (т, т', д, д')) және жабысыңқы-өткізгіш (еріндік (м, м'), тілалды (н, н', л, л')) дыбыстар пайда болады. Еріндік дыбыстардың алдымен пайда болу себебі 1-ден 2 жасқа дейін балаларда еріндер ең белсенді және қозғалмалы болып келеді. 2 жасында [п], [п'], [б], [б'], [т], [т'], [д], [д'], 2,5 жасында [м], [м'], [н], [н'], [ң] дыбыстары шықса, ал [л], [л'] дыбыстары 3,5 жасқа қарай ғана пайда болады. Осы артикуляцияның бірінші түрі болып саналады.
Артикуляцияның екінші түрі балада саңылаудың (артикуляция мүшелерінің белсенділігі) пайда болуына негізделеді. Саңылаулы (фрикативті) [ф], [ф'], [в], [в'] (еріндік-тістік) дыбыстары 1 жыл 8 айдан 1 жыл 10 айға дейінгі аралықта пайда болады. Ал [с], [с'], [з], [з'] (тілалды) дыбыстары 2 жыл 2 айда шығады. 2,5 жасқа қарай [j] (тілортасы), 2 жыл 6 және 2 жыл 7 айларында [х], [х'], [һ] (тіларты), 2 жастың аяғына қарай [к], [к'], [г], [г'], [қ], [ғ] дыбыстары пайда болады. 3 жасқа қарай балаларда барлық дерлік дыбыстары қалыптасады. Бірақ олар басқа дыбыстармен алмасуы мүмкін.
Артикуляцияныңүшінші түрі – аффрикаттар. Ол 2-жастың аяғына қарай пайда болып, жабысыңқы мен саңылаудың тез ауысуынан шығады. Бірінші аффрикат [ц] ([т] мен [с] дыбыстарының қосындысы) 2 жыл 4 және 2 жыл 6 айларында, 4 айдан кейін екінші аффрикат [ч] ([т] және [щ] дыбыстарының қосындысы), яғни 2 жыл 8 және 2 жыл 10 айларында пайда болады.
Жұмсақ дыбыстарды айту қосымша тіл арқасындағы ортаңғы бөлігінің таңдайға көтерілуін талап етеді. Артикуляцияның бұндай түрі палладализация (Palladio-таңдай) деп аталады. 2 жасында баланың тілі физиология жағынан қарағанда ауыз қуысының түбінде жатады. Ал 3 жасқа қарай тіл көтеріле бастайды. Сондықтан да алдымен қатты, кейін жұмсақ дыбыстар пайда болады. 2,5 жаста тіл астына түседі, яғни тіл арқасының ортаңғы бөлігі автоматты түрде көтеріліп, басқарылуы мүмкін. Сондықтан бала дыбыстардың қатты да, жұмсақ та түрлерін айта алады. 2 жыл 8 және 2 жыл 10 айларында балада жұмсақ және қатты дыбыстардың дифференциациясы қалыптасады. 
Артикуляцияның ең ауыр және соңғы, төртінші түрі келесі кезеңде көрсетіледі..
2 және 3 жаста балада сөздік қордың жиналуы байқалады.
Әр түрлі зерттеушілер ерте жастағы балалардың (1 жас 6 ай-3 жас аралығы) балалардың сөздік қоры туралы әр алуан сандық мағлұматтарды көрсетіп кеткенін белгілеген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет