Балалар, жасайды, тәрбиеші тақпақ оқиды. Қолға біз күрекше аламыз,
Пішінге құм саламыз.
Көмектес маған, ерінбе!
Самсамыз жасалсын!
Тәрбиеші: - Самсамыз шықты ма? (жоқ)
-Неліктен шықпады?(құм құрғақ, сусымалы)
-Қараңдаршы, біздің аю көңілсізденіп қалды, қанекей оны көңілдендіріп ойын ойнайық.
Қимылды ойын: «Буырлы аю» Бурылы аю, бурылы аю,
Неліктен сен көңілсізсің?
(балалар аюға жақындайды)
Аю.
Мен самсамнан дәм таттырмадым,
Сндықтанда көңілсізбін.
бір, екі, үш, төрт, бес
Сендерді мен қуамын.
(балаларды қуады)
Бұлт пайда болып, сепкіштен жермен құмды суарады. Тәрбиеші: -Ой, балалар, жаңбыр басталды, қанекей жаңбырдан тығылайық.
-Жаңбыр туралы тақпақ айтайық.
«Жайдарлы жаңбыр» Жаңбыр, жаңбыр, жайдарылан!
Тамшыла, тамшыла аяма!
Тек қана бізді сулама,
Төбені бекер қақпа!
Құмға жақсы шашырат –
Самсаны біз пісірейік.
Бұлт кетеді,балалар шығады.
Тәрбиеші: -Балалар, қараңдаршы жаңбыр жауып, біздің құмды сулады.Құм ақшыл еді, енді қандай болды? (қара)
-Құмды ұстап көріп, айтыңдаршы құм құрғақпа,әлде ылғалды ма?(ылғалды)Ол құрғақ құм сияқты сусылдайма? Байқап көріңдерші.(жоқ, құм сусылдамайды)
-Ұнтақтар ылғалданып, бір біріне бекітілді.
-Қанекей, ылғалды құмнан самса жасайық. Пішіндерді алып, ішіне құмды салып күрекшемен ұрамыз.Енді құм салынған пішінді аударып, түбінен күрекшемен ұрамыз.
Балалар жасайды,тәрбиеші тақпақ оқиды. Тәрбиеші:- Пішінді аламыз, қарайық не шықты?(самса)
-Неліктен,біздің самсамыз шықты?(өйткені құм ылғалды, ол жабысады)
-Аю, қарашы, біздің балалар саған қандай самса жасады.
Аю:-Рахмет, сендерге балалар, енді мен қонақтарыма дәм татқызамын. Жәнеде мен сендерден көптеген жаңада және қызықтар білдім. Сендер маған көмектескен үшін, сендерге мен сыйлық әкелдім.(балаларға бір себет шокалдты жаңғақ береді)