Жоба поспорты кіші топтағы жазғы зерттеу-ойын жобасы: «Құмды жолдар, сулы алақандар» Жобаның бағыттауы


Тәрбиеші:Су туралы кім не біледі? Бала



бет21/21
Дата15.12.2023
өлшемі64,04 Kb.
#138765
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Тәрбиеші:Су туралы кім не біледі?
Бала:Сумен жуынады,
Гүл суарады, малдар су ішеді.
Тәрбиеші:Дұрыс.
Ал кім тақпақ біледі?
Ал кім мақал-мәтел біледі?
Тәжірибе жасау.
Енді балалар тәжірибе арқылы судың қасиеттерімен танысамыз.
I. Судың түсін ажырату,
Судын түсі қандай болады?
1. – тәжірибе.
1 - стаканда су – қасық салу. Көріне ме? Бала:
Көрінеді.
2 - стаканда сүт – қасық салу. Көріне ме?
Бала:Көрінбейді.
II. Судың түсін өзгерту.
Әр балаға бояу жағылған қылқалам беру. Суды арластырады.
Тәрбиеші: Судың түсін өзгертуге бола ма? Болады.
III. Тәжірибе.
Бұлардың ішінде су бар.
Судың пішіні қандай?
Тәрбиеші: Суды қандай ыдысқа құйсаң ыдыстың пішіні сондай болады.
Бала: Стаканның пішіндей.
Су – сұйық зат екен.
IV. Тәжірибе.
Енді стаканға құм салам. Ол да стаканың пішініндей. Сондай құм сұйық зат болғаны ма?
Осыны тексеріп көз жеткізейік.
Суды жалпақ табаққа төгем, су жайлып кетті.
Яғни су – сұйық зат.
Ал құмды төгейін, ол үйіліп қалды.
Олай болса, құм сұйық зат емес, сусымалы зат екен.
Демек, су мен құм әр түрлі заттар екен.
Құм – сусымалы зат.
Су – сұйық зат.
V. Тәжірибе.
Мұз, жылы су, ыстық су, салқын су.
Мұзды алақанға салып ерту.
Қайнаған ыстық суы бар шәйнектің қақпағын ашсақ бу шығады.
Су қайнағанда бу тамшыларына айналады.
Сергіту сәті.
Биік болып өсеміз,
Жапырақтай жайқалып.
Ағаштарға су құйып,
Өсіреміз сая бақ.
Тақпақ.
Сылдыр, сылдр, сылдыр су,
Сылдыр суға бетіңді жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Аппақ бетің, маңдайың.
Мақал-мәтел.
Судың да сұрауы бар.
Су - тіршілік көзі.
Сусыз өмір жоқ.
Су - тазалықтың досы.
Суға түкірме.
Суды ластама.
Балалар өз ойларын айтып, тәжірибе жасағандарын бір-біріне қызығушылықпен бөліседі.
Қортынды.
Біз бүгін не істедік?
Нелерге?
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Судың сұйық зат екенін білу.
Меңгеруі керек: Тәжірибе арқылы судың қасиеттерінің өзгеріп отыратынын менгерту.
Жасай білуі:Тәжірибе жасап, бастаған істерін аяғына жеткізе алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет