Сараптамалық бөлімі
1. Дәнді дақылдар танабына органикалық тыңайтқыштарды беру арқылы өнім мөлшерін арттыру мүмкіндігін қарастыру
Зерттеу нысаны: 2 жыл бұрын үйілген мал қиы.
Физикалық қасиеттері: қоңырқай түсті, жартылай шіріген шөп қиқымдары бар, топырақтан жеңіл, су жақсы сіңеді. 2011 жылы «Ерлан» шаруа қожалығының 1 гектар көлеміне /10000 ш.м./ 10 тонна көлемінде оганикалық тыңайтқыш -көң күзде шашылып соқамен жыртылды. Аталған үлескіге көктемде Саратов-29 жаздық бидайы егілді . Өнім артықшылығы бұл үлескіде байқалмады. Мұның себебі қи құрамындағы NH4+ концентрациясы бидайдың көк массасының өсуіне ғана ықпал етсе де өнім мөлшеріне әсері болмады.
2/ Дәнді дақылдар танабына минералды тыңайтқыштарды беру арқылы өнім мөлшерін арттыру мүмкіндігін қарастыру
2016 жылы 2 нұсқада
калий элементі мол ағаш күлі танаптың жекелеген 1ш.м.-не 4 нұсқада көктемде шашылды. Нұсқалардың барлығында өнімнің жоғарлауы, өсімдіктердің дамуында басқалардан басымдылық байқалмады.
суперфосфат түйіршіктері 1 ш.м.-ге 4 нұсқада көктемде тұқыммен бірге шашылды. Нұсқаларда алынған бидайдың жалпы салмағы, масақтағы дәннің саны артты. Атап айтқанда масақтағы дәндердің орташа саны 24-ке /калий нұсқасында 19/ артты.
Достарыңызбен бөлісу: |