Жоба тақырыбы: «Органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолданудың тиімділігі»


/ Органикалық тыңайтқыш- жартылай шіріген көңнің химиялық құрамын анықтау



бет5/6
Дата21.04.2022
өлшемі44,55 Kb.
#31756
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
«Органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолданудың тиімділігі»

4/ Органикалық тыңайтқыш- жартылай шіріген көңнің химиялық құрамын анықтау.

Қидағы азот мөлшері Ромашкевич бойынша колориметриялық әдіспен анықталады. /А.А.Сударкина «Химия ауыл шаруашылығында»/

Бастапқы шіру сатысында қида азот қосылысының екі формасы: нитратты және аммиакты азот болады. Шіру уақыты көбейген сайын аммиакты азоттың мөлшері азаяды. Қи негізінен –азотты калийлі тыңайтқыш. Бұл екі элемент жергілікті топырақ құрамында норма бойынша жеткілікті.

5/ Екі нұсқаны салыстыра отырып тиімді әдісті өндіріске енгізу.

Органикалық тыңайтқышты танапқа шашу оның химиялық құрамына байланысты тиімді болмады, яғни өнім мөлшеріне әсер етпеді.

Минералды тыңайтқыштардан азот пен калий жергілікті жер топырағында жеткілікті мөлшерде болғандықтан қолдану қажеттілігі жоқ. Ал фосфор тыңайтқышы өнім мөлшерінің арттырды.

Қорытынды:
1/ Дәнді дақылдар танабына органикалық тыңайтқыштарды беру өнім мөлшерін арттыра алмады, себебі оның құрамы негізінен азот пен калий элементтерінен тұрады, ал бұл элементтер топырақ құрамында жеткілікті мөлшерде;

2/ Дәнді дақылдар танабына шашылған азот пен калий тыңайтқыштары өнім мөлшеріне әсер етпеді. Суперфосфат тыңайтқышы өнім мөлшерін едәуір арттырды;

3 / Топырақ бонитетінің NPK құрамында фосфор элементінің тапшы екендігі белгілі болды;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет