Жоба тақырыбы: Тексерген: Сарсекеева Фариза Кудайбергеновна. Алматы – 2020 Орындаған


Биотестілеу ретінде әртүрлі организмдер қолданылады - бактериялар, микробалдыр­лар, жоғарғы сатыдағы өсімдіктер, дафниялар, былпылдақ денелер, балыктар және басқалар



бет2/5
Дата08.07.2022
өлшемі7,34 Mb.
#37549
1   2   3   4   5
Биотестілеу ретінде әртүрлі организмдер қолданылады - бактериялар, микробалдыр­лар, жоғарғы сатыдағы өсімдіктер, дафниялар, былпылдақ денелер, балыктар және басқалар.
Соңғы жылдары су экожүйелерін зерттеу үшін фототрофты
микрорганизмдерді пайдаланумен байланысты 2 бағыт анықталды:
БИОИНДИКАЦИЯ
БИОТЕСТІЛЕУ
Биоиндикация суқойманың ластанғанын немесе ластануын онда тіршілік ететін организмдердің функционалдық сипаттамасы мен организмдер қауымдастының экологиялық сипаттамасы бойынша анықтауды қарастырады, себебі ұзақ уакыт улану нәтижесінде су экожүйелерінде фототрофты микроорганизмдердің түрлік құрамы өзгереді.
Гидробионттарды қолдана биотестілеу ластанып жатқан табиғи сулар улылығын бағалау, ағын сулар токсикалығын бақылау, экстракттар, жуындылар мен орталар токсикалығын санитарлы-гигиеналық мақсатта жылдамдатылған бағалау, зертханалық мақсаттарда химиялық анализ жүргізу үшін колдануға болады. Қойылған міндеттерге тәуелді бүтіндей биотестілеу жүйесіне және әдістерге талаптар эртүрлі болуы мүмкін.
Су экожүйелерін зерттеуде ерекше орынды микробалдыр­лар алады. Себебі бұл организмдердің кейбір топтары эволюция барысында белгілі бір экологиялық факторларға бейімделеді, су коймаларда микробалдырлардың белгілі бір систематикалық топ­ өкілдерінің болуы немесе болмауы бойынша су қоймалардың ластану дэрежесі, олардағы поллютанттардың улылығы туралы айтуға болады, және сәйкесінше су коймалардың ремедиациясы үшін қажетті жолдар мен кұралдарды жасау. Ағын сулардың тазалану дәрежесі мен жағдайын индикациялаудың биологиялык әдісі осы принципке негізделген, бұл әдіс микробалдырлардың түрлік құрамы жэне сандық дамуы бойынша зерттелетін су қойма суының химиялық құрамын айтуға мүмкіндік береді.
Су экожүйелерін биотестілеуде фототрофты организмдердің рөлі
Балдырлардың өндірістік қалдық суларды және қала канализациясының ластанған суларын тазалаудағы рөлі өте маңызды. Биологиялық көлшіктерде ластанған суларды тазалау кіші көлемді қалаларда тиімді және арзан тәсілдердің бірі болып табылады. Ластанған тұрғын тұрмыстық қалдық суларды микробалдырлар көмегімен альголизация жүргізу нәтижесінде тазалап, жиналған маңызды биомассаны ауылшарушылығына пайдалану қазіргі кездегі қалдықсыз технологияның негізі болып отыр.
Суды тазалауда бактерия-балдыр кешенін қолданады. Біріншілері ластанған сулардың органикалық қосылыстарын ыдыратады, ал екіншілері молекулалық оттегінің мөлшерін көбейтеді және ішек бактерияларының санын азайтады. Қазіргі кезде балдырларды тазалау құрылғыларында көп мөлшерде өсіру кеңінен қолдануда, бұл өте тиімді, себебі аэрацияға энергия қажет емес. Chlamydomonas reinhardtii көмегімен бүгінгі күні 500 млн тонна ластанған су тазаланып, қайта қолданысқа түсіп жатыр.
Микробалдырлардың көмегімен қалдық суларды тазалау
Алтын өндіретін зауыттардан күніне 60 мың м3 қоюланған күйіндегі ағын сулар шығарылады. Ондағы цианид концентрациясы 100 мг/л. Бұл жағдайда Chlamydomonas reinhardtii ҮА-1-1 жасыл балдырын қолданғанда 3 күннен кейін судың құрамындағы цианид мөлшері 10 есе азайған. Балдырлардың цианидтерден залалсыздандыру қасиеті құрамындағы цианоаланинсинтаза ферментіне байланысты. Биологиялық тазалауда жасыл және диатомды балдырлар ғана қолданылып жатыр, бірақ келешекте эвгленалыларды да қолдану көзделіп отыр. Балдырлар және қошқыл бактериялар көмегімен мал шаруашылығының
ластанған суларының дезодорациясын жүргізеді.
Экологиялық мониторинг бойынша табиғи ортаны қадағалаудың кез келген жүйесі келесі операциялардан тұрады: экожүйенің тек биоталық емес, сондай-ақ абиоталық құрастырушыларын біріншілік бақылаудан алынған дерекетерді жинау және сақтау, алынған деректерді талдау, экожүйенің жұмыс істеуі перспективасы мен практикалық
пайдалану туралы шешімдер қабылдау. Бұл кезде биологиялық көрсеткіштер жиынтығы өзгермелі болуы мүмкін.
Сонымен, теңіз ортасы жағдайының экологиялық мониторингін жүргізу үшінбиологиялық көрсеткіштер жүйесі жасалды, бұл көрсеткіштерге организмдік және
популяциялық деңгейлерге сәйкес мәліметтер, сондай-ақ биотестілеу мен генетикалық бақылау кірді.
Қазіргі уақытта биотестілеу үшін модельді объект ретінде Chlamydomonas reinhardtii және сценедесмус микробалдырлары қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет