Қазақ балалар әдебиетінің ғылыми тұрғыда зерттелуіне зор көңіл бөлген М.Әуезов балаларға деп повесттер мен әңгімелер жазды.1926 жылы М.Әуезрв жазған «Сұр» деген повесть қазақ балларының аса қызығып оқитын, ең сүйікті кітаптарының бірі болды.М.Әуезов бұдан соң 1928 жылы аса көркем жазылған «Көксерек» атты әңгімесін жазып ұсынды.
М.Әуезов өзінің аса шебер жазылған атақты «Көксерек» атты әңгімесінде, алдымен әралуан жабайы жыртқыш азулы аңдардың мекен ететін жерлерін суреттеуден бастайды.Енді оқиғаның композициясы мен сюжетіне келсек, оқиға ары қарай шапшаң дамиды.Яғни оқиғаның шапшаң дамуы тыңдаушыны қызықтырып, енді не болар деген ойға қалдырады.Жаңа ғана екі інді мекен еткен екі қасқырдың енді бір сәтте балаларын қоректендіру үшін қозы әкеліп жеп жатқаны суреттелген.Мұның өзі жоғарыда айтқанымыздай оқиғадан оқиғаның тууын байқатады.Автор жыртқыш аңдар мекенін қалай әсерлі суреттесе, олардың ашқарақ қомағайлығын одан да әрі әсерлендіре түскен.Яғни, қасқырлар тек қана қозыға емес, өрістегі бұзаулар, жылқыларға шабады.Сонымен «Көксерек» әңгімесі жыртқыш аңдар оқиғасына байланысты туғаны айқындала береді.
Әңгіме кейіпкері – кішкентай Құрмаш. Құрмаш Көксеректі қалай жақсы көріп, мәпелеп өсірсе де, ол безіп кетеді, қолға үйренбейді.Осы кезде оқушылар ойында бір сұрақ туындайды.Тек қана жақсылық жасаған Құрмашқа Көксерек тиіспесе деген.Яғни оқушылар Көксеректің алдағы тағдыры немен аяқталуына одан бетер қызыға береді.Бірақ бұл қызығу көпке созылмайды, зор өкінішпен, қайғымен жалғасып Құрмаштың трагедиялық өлімімен аяқталады.
«Көксерек» әңгімесі жас өспірімдерге өмір танытарлық осындай оқиғаларды суреттеп берумен қатар, оларға қазақ халқының ана тіліндегі бай мұра мен оның сұлу да, өркем құрылысымен таныстырады, олардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырады.
М.Әуезовтың балалар әдебиетіне қосқан тағы бір зор үлесі - «Жетім» әңгімесі.Бұл шығарма да оқушы назарын аударарлықтай әсерлі туынды.Яғни, бұл әңгімені оқып отырған оқушы шығарма желісіне үңіліп кетеді.10 жасар жетім Қасымның тағдыры оларды бейжай қалдырмайды.Яғни, оқушылар Қасым соңында бақытты өмір сүреді деген үмітпен әңгімені қызығып оқиды.Бірақ та бұл шығарма да трагедиямен аяқталады.Күн көрсетпеген туысқандарынан қашқан Қасым орманда жүрегі жарылып өледі.
М.Әуезов осы шығармалары арқылы жас оқушыны тыңдатумен қатар, олардың ой – қиялының, өз пікірлерінің дамуына жол ашады.
Мұхтар Әуезов балалар әдебиетін дамыту саласында да көп еңбек етті.Ол өзінің «Ертегілер» деген еңбегінде халықтық шығармалар ішінде балалар әдебиеті мұрасына қандай топтары жататыны жайында соның жігін ашып, саралап айтып берді.Балалар әдебиетінің арғы төркіні халықтық шығармалардан туатыны әңгіме етіледі.Хайуанаттар жайындағы ертегілер тобына ғылыми талдаулар жасай келіп, М.Әуезов: «...Хайуанат жайында бір алуаны – «Күшік пен мысық», «Қотыр торғай» сияқты кішкене жануарлар жайындағы ертегілер.Ақылсыз күшік, айлакер мысық, балаға жәндікті, әр кейіпті танытушы бірге баланың өз мінезіндей ойнақы күйде күлкілі, көңілді әңгімеленеді,»-дейді.
Мұхтар Әуезов кейінгі жылдары бір топ әңгімелер жазды: «Қорғансыздың күні» (1921), «Қараш – қараш оқиғасы», «Іздер» (1932), «Білекке білек» (1933), «Үш күн» (1934), «Құм мен асқар» (1935), «Шатқалаң» (1935), «Бүркітші» (1937), «Асыл нәсілдер» (1947).
Туған халқына мәңгілік мұра болғандай, ғасырлық туынды сыйлау тек қадау – қадау ұлылардың ғана үлесіне тиген.Солардың бірі – Мұхтар Әуезов.
Жазушының тұңғыш жарық көрген тырнақалды туындысы «Адамдық негізі - әйел» (1917 ж.) деген публицистикасында автор әйел азаттығы туралы келелі мәселені кең қозғайды.Тақырыпты талдау мәнерінен, түрлі жайды топшылау, толғау машығынан оның өз ортасынан озғын білімімен мәдениеті саз береді.
Әуезовтың пайымдауынша, әйелдің бас бостандығы, азаматтық құқы деген тек бір әйелдің жеке қара басы үшін ғана емес, сол әйелдің негіз болып отырған бүкіл адам қауымының тағдыр – тірішілігі үшін қажет.
Әдеби еңбегі үшін жазушы 1957 жылы Ленин орденімен марапатталды. 1961 жылы 27 маусымда қайтыс болғаннан кейін, республика үкіметінің қаулысымен Қазақ КСР ҒА Әдебиет және өнер институтына, Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрына Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің есімі берілді. Жазушының әдебимемориалдық музейі ашылды, Алматы қаласының бір ауданы, бірқатар мектептер, көшелер қаламгер есімімен аталады. Туғанына 100 жыл толуына орай мерекесі ЮНЕСКО шешімімен дүниежүзілік деңгейде аталып өтті.
Мұхтар өзінің атақты «Көксерек» повесінде, алдымен әр алуан жабайы жыртқыш азулы аңдардың мекен ететін жерлерін суреттеуден бастайды.
«Қара адырдың қарағанда сайы елсіз. Айналада қабат-қабат шұбар адырлар. Жақын төбелердің барлығын аласа боз қарағай, тобылғы басқан. Сай бойында май айының салқын лебі еседі. Бастары көгеріп, бүрленіп қалған қалың қарағай жел лебімен сыбдыр-сыбдыр қағып теңселіп, ырғалып қояды. Маңайдан жуалардың, жас шөптердің исі келеді. Ұзын кең өлкені қаптай басқан қарағанның ортасында терең, құр жар бар. Соның бас жағында итмұрынды қалың арасында қасқыр іні бар. Жақын елге мәлім ескі ін»
Әңгіменің композициясы мен сюжеті оқиғадан оқиға тудырып, тез өзгереді. Мұның өзі оқиғаның шапшаң дамуына тыңдаушысын дегбірсіздендіріп, енді інді мекен еткен екі қасқырдың енді бір сәтте балаларын қоректендіру үшін қозы әкеліп жеп жатқаны суреттелген: «...Қозы екі қомағай ауыздың кергісінде қан жоса болып дар-дар айрылады. Сырт-сырт етіп жас сүйек сынды, Қапаш-құпаш, қорқ-қорқ етіп, қомағай қанды ауыздар асайды. Тұмсығы мен бастары, мойын жүндері қып-қызыл болған қасқырдың жасыл көздері от шашады». Мұның өзі жоғарыда айтқанымыздай оқиғада оқиғаның тууын байқатады. Сөз зергері жыртқыш аңдар мекенін қалай әсерлі суреттесе, олардың ашқарақ қомағайлығын одан да гөрі әсерлендіре түскен.
Жан түршігерлік осындай көріністер жас оқушыларының еркін билеп, олардың төбе шаштарын тік тұрғызады. Жыртқыш аңдар мекені мен олардың күн көрісі бірден –ақ айқындалып, осы бір жанды көрініс жас өспірімдердің көз алдына тұрғандай, жас қозыға жаны ашып, оқиғаға өздері де араласып кеткендей болады. Өйткені мұны да азсынғандай, соңынан бөлтірігінен айрылған екі қасқыр ашулы ызамен маңайдағы елдерді күндіз-түні у-шу қылып, азан-қазан етеді. Қойларын жаралап, қозыларын алып қашады. Өрістегі бұзауларды жарып, далада құлындаған биелердің бірнеше құлындарын жеп кетеді. Мұнда күрделі екі мәселенің қатар тұрғаны балаларға ерекше әсер етеді. Оның бірі жыртқыш аңдар озбырлығы болса, екіншісі қазақ жерінің сұлу табиғаты мен қаймағы бұзылмаған ен байлығының сөз болуы. Жаратылыстың көркем көріністерін сондайлық әсерлі суреттеудегі сөз зергерінің мақсаты тек қана әсем көрініске зер салып қоюды ұқтыру емес, ол сонымен қатар одан эстетикалық нәр алып, соны сезіну, сондағы бар байлықты құрметтеу, қадірлеу жағына үйретуді көздейді. Жаратылыстағы көркемдік пен ондағы бар байлықты пайдалану үшін алдымен оны білу керектігін мегзейді. Мұның өзі түптеп келгенде өз өлкеңдегі бар байлықты құрметтеуге, соны қадірлеуге, сақтай білуге баулиды.
Әңгіме кейіпкері кішкене Құрмаштың асырап алған Көксерегі болғандықтан, сөз зергері оны әлі де айқындай түсу үшін бөрі бөлтірігі өз қасында тұрғандай, оны жетегінде ұстатқандай суреттейді: «Жетілмей келе жатқан тісі ғана. Көксерек арлан еді. Сондықтан бұның бойы биіктене береді. Әлі тұрқы шығып ұзарған жоқ. Барлық жүні қара – көк, жотасы күдірейіп, аузы омыртқа мен құйрығына шейін тұп-тұтас болып, күлдіреуіштей сүйірленген бір бітімі бар. Өзі ешкімге ізденіп соқтықпайды. Ит баласына заты қастай, жібімейді. Әлі күнге бір рет жадырап, ойнап көрген емес. Татулық жоқ, суық. Жалғыз-ақ атын біледі.... Өскен сайын сызданып, суықтанып келеді».
Мұхтар бұл жерде жас организмнің жетілу жайын суреттей келіп, соған байланысты оның мінез өзгешеліктерінің, жыртқыш аңдар психологиясының бірден-бірге қалыптасу, өзгеру жолдарын аңғартып отырады. Осының өзі қолға үйренген байырғы хайуанаттардан гөрі қолға үйренбеген азулы жыртқыш аңдарда болатын психологиялық өзгешеліктерді танытады. Оны жастайынан қанша басқа да, күтсе де, тіпті Құрмаш оны өзімен бірге қойнына алып жатса да, сызданып суықтана беруі жас оқушысын таң-тамаша етеді, ойға қалдырады. Көксеректің қолға үйренбеуі Құрмаш түгіл үлкен кісілердің өздеріне де ой тудырады. Ол жайында: «Түнде қозының құйрығын иіскелеп жүреді. Қойды үркіте береді. Түнде даланы жақсы көреді»,- деген сияқты ауыл адамдарының күдіктері Көксеректің мінезіне байланысты туған. Осының себептерін білу де балалар үшін өмір танытарлық үлкен сабақ. Өйткені Көксеректің сыртқы портретінің әсерлі суреттелуінен азулы жыртқыш аңдардың жай ғана көрінісі емес, мұнда соның мінезі мен өсу процесінің дамуы көрініп отырады. Сонымен қатар бірден бірге өріс алып бара жатқан оқиға сюжеті әңгіменің ішкі құбылысын айқындай түседі.
Құрмаштың өлімі трагедиялық өлім болып аяқталғанмен,жас оқушының көңілінде жақсылықтан басқаны ойламаған аяулы адал жанның бейнесі қалады.