V. Әдістемелік-ұйымдастырушылық бағыт:
Бұл бағыттағы жұмыс консилиумға дайындық, іс-шараларға дайындық, баланың жеке құжаттарын толтыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар төмендегідей міндеттерді жүзеге асырады: -ұстаздар мен ата-аналарға арналған әдістемелік құралдарды жасау; -оқушыға портфолио құрастыру. Портфолио – бала жеткен жетістіктердің, баланың білім-білік дағдыларының, баланың жеке өсуін қадағалайтын, бала дамуының көрсеткіші.
IV. Әлеуметтік-бейімдеу бағыты — баланың әлеуметтенуіне, қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай жасау; — баланы шығармашылыққа тарту; — баланы мерекелік іс-шараларға қатыстыру; — баланы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға үйрету; — қоғамдық ортада өзін еркін сезінуге, өзін-өзі басқара білуге, өзі өмір сүретін ортаны толық бағдарлай білуге үйрету.
Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің барлық бағыттарына жетекшілік ететін қызмет координаторы, мұғалім-дефектолог, логопед, психолог, әлеуметтік педагог, медицина қызметкерлері жұмыс атқарады. Яғни, психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің тиісті мамандарымен жүзеге асырылады. Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің әр маманы өз бағыттары бойынша жұмыс істейді. Бұл біріккен психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
Коррекциялық педагогика дамуында түрлі кемістіктер мен ауытқушылықтары бар балалар мен үлкендерді тәрбиелеудің, білім берудің және түзетудің теориялық негіздерін, принциптерін, әдістері мен құралдарын жасайды.
Сурдопедагогика- естімейтін және нашар еститіндерді оқыту мен тәрбиелеу мәселелерімен шұғылданады.
Тифлопедагогика -көзі көрмейтіндерді оқыту мен тәрбиелеу мәселелерімен шұғылданады.
Сөйлеу кемістіктері бар балаларлармен – логопедия шұғылданады.
Ақыл-есі кемдерді оқыту және тәрбиелеу мәселелерімен – олигофренопедагогика шұғылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |